Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 901 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі, "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану қағидалары;
2) Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі N 316 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 13, 160-құжат) күші жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын
пайдалану қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.01.16 N 30 қаулысымен.
2. Осы Тәртіп жол қозғалысының қауіпсіздігін, жол мен құрылыстардың, сондай-ақ қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16 N 30, 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүру - қолданылып жүрген заңдар, Жол қозғалысының ережесі және осы тәртіп сақтала отырып жүзеге асырылуы тиіс.
4-1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) паспорт – сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі мен жол сервисі объектісі нақты жай-күйінің автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат;
2) техникалық шарт – автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін және жол ғимараттарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды жүргізу кезінде орындалуға жататын нормативтік техникалық талаптарды белгілейтін құжат.
Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың
құқықтары мен міндеттері
5. Жол қозғалысына қатысушылардың:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша еркін, кедергісіз жүруге;
2) жол органы мен әкімшілік полициясы бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан жолдар бойынша қозғалыстың тоқтатылуының немесе шектелуінің себептері туралы түсіндірме алуға;
3) жүру шарттары, көрсетілетін қызметтер туралы, жол органының жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;
4) жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, оқиға болған жерде, сол сияқты медициналық мекемеге бара жатқан жолда кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы кезінде жол органынан, әкімшілік полицияның бөлімшелерінен және қызметі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымды адамдардан басқа да қажетті дәрігерге дейінгі көмек алуға;
5) жол-көлік оқиғасының нәтижесінде көлік құралы және (немесе) жүк зақымданған жағдайларда заңнамада белгіленген тәртіппен залалдың өтелуіне;
6) жол органы лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Автомобиль жолдарында жол мен құрылыстарының сақталуын және олармен қауіпсіз жүруді қамтамасыз ететін көлік құралдарының жүруіне рұқсат етіледі.
7. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың іс-әрекеттері жол қозғалысының қауіпсіздігін төмендетпеуі, қозғалыста үзілістердің пайда болуына ықпал етпеуі, көлік құралдары жылдамдығының, жол мен жол құрылыстарының сенімділігінің төмендеуіне, олардың бұзылуына әкеп соқтырмауы тиіс.
8. Автомобиль жолдарындағы және жол құрылыстарындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды байқаған көлік құралдарын жүргізушілер мен азаматтар ақауларды өз күштерімен жою бойынша қолдарынан келетін шаралар қабылдауға немесе ол туралы жол органына немесе әкімшілік полицияның бөлімшесіне дереу хабарлауға тиіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9. Көлік құралдарының төсемі жетілдірілген жолға шығар жерде оны пайдалануға жауапты лауазымды немесе басқа тұлғалар, меншік нысандарына қарамастан жер және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан ұйымдар, көлік құралдарының балшықтан тазартылуын қамтамасыз етеді және оның жолдың жүру бөлігіне түсуіне жол бермейді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
10-1. Концессияға немесе Ұлттық оператордың сенімгерлік басқаруына берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мұқтажы үшін жерлер жол органына тұрақты жер пайдалануға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын қызметтерді жеткізушіге уақытша жер пайдалануға бөлінеді.
Тұрақты жер пайдалануға жерлер автомобиль жолдарына, автомобиль көлігінің объектілеріне және жол шаруашылығы, жер үсті және жер асты ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғыларды жөндеу, дамыту объектілеріне, сондай-ақ автомобиль жолдарының жолақ бөліктерін белгілеу үшін беріледі.
Қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) уақытша жер пайдалануға жер құрылыс материалдары карьерлерін, резервтерді, құрылыс жасақтарының базаларын игеруге, айналма жолдарға, жол-құрылыс материалдарын жинауға арналған орындарға беріледі.
Уақытша жер пайдалану мерзімі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен техникалық жобада көзделген мерзімді ескере отырып анықталады.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10-2. Автомобиль жолдарының бойында сәндік және қардан қорғайтын екпе ағаштарды (шарбақтар) орналастырған кезде жер төсемі жиегінен жолдың барлық санаттары үшін қашықтық қар түсу көлеміне байланысты қабылданады.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
11. Жолдарда жұмыс жүргізуге автомобиль жолдарын басқарушы немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда әкімшілік полицияның бөлімшелері берген жұмыс жүргізу құқығына рұқсат (ордер) болған кезде ғана жол беріледі.
Автомобиль жолдарын басқарушылар тиісті рұқсатты (ордерді) берген кезде жұмыс жүргізу басталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын әкімшілік полицияның бөлімшелерін хабардар етеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Автомобиль жолдарын пайдаланушыларға
арналған міндетті келісулер
12. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар:
1) жол органымен:
автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына;
ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне;
ескерткіштер қоюға, қоршау орнатуға, сәнді екпелерді отырғызуға;
көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүруіне кедергі келтіретін автомобиль жолдарындағы кез келген жұмыстарды жүргізуге;
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және жол бойындағы белдеуінде сыртқы жарық түсіру тіреулерін орнатуға;
1-1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен:
халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнатуға;
оларға кіру үшін кірме жолдар қажет болған кезде жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде орналастыруға;
республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға.
2) әкімшілік полицияның бөлімшелерімен:
автомобиль жолдарында бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізуге келісімдер жүргізеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2014 N 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
12-1. Жол органы, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор келісуді өтініш берілген сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілетін автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орнатуға келісуді қоспағанда, жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді (техникалық шарттар мен паспорттар беруді жүзеге асырады).
Әкімшілік полицияның бөлімшелері келісуді жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2011 № 761 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
13. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша жүруі көлiк саласындағы уәкілеттi орган беретін арнайы рұқсат бойынша (шетел мемлекеттері үшін кіру және шығу рұқсатынан басқа) ғана жүзеге асырылады. Жолмен жүру осы көлік құралдарының жүруі арқылы жолдарға және жол құрылыстарына тигізетін залал үшін толық өтем төленген соң жүзеге асырылады. Осы өтем кіруіне, шығуына және транзитпен өтуіне халықаралық рұқсаттар үшін алынатын төлем есепке алынбастан төленеді. <*>
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен.
14. Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін, Қазақстан Республикасының аумағында iрi габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
17- 18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
19. Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен келісілгеннен кейін жолдардың барлық санаттары үшін қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, техникалық қызмет көрсету станциялары, тамақтану және сауда пункттері жер төсемінің жиегінен 50 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператормен келісілгеннен кейін таяу жердегі автожанармай құю станциялары барлық санаттары үшін жер төсемінің жиегінен 25 м-ден жақын емес қашықтықта жобаланады және орналастырылады.
Автомобильге жанармай құю станциясының аумағына кіру және одан шығу, сондай-ақ тамақтану және сауда пункттеріне және басқаларына кіреберіс жолдар көлік пен жүргіншілер қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
20. Ескерткіштерді I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 100 метр қашықтыққа, ал IV-V санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 50 метр қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі.
21. Жаңадан құрылатын бағбандар серіктестіктерін I-III санатты автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кем дегенде 50 м және IV-V санаттағылар үшін - кемінде 25 м қашықтыққа орналастыруға рұқсат етіледі.
22. Автомобиль жолдарының бойына инженерлік коммуникациялар төсеу елді мекендерде автомобиль жолдары топырақ төсемінің жиегінен кемінде 25 метр жерде және олардың шегінен тыс жерлерде кемінде 50 метр жерде жүргізілуі тиіс.
Коммуникацияларды төсеу кезінде жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру жұмыстары жұмысты орындаушы ұйымның қаражаты мен материалдарының есебінен жүргізіледі. Оларды не жол органдары, не инженерлік коммуникацияларды төсеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы ұйым жүзеге асырады.
Автомобиль жолдарын қайта жаңарту кезінде жол бойындағы жолақта орналасқан және орын ауыстыруға жататын коммуникациялар қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды орындаушы ұйымның қаражаты есебінен жайластырылады.
Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен .
23. Жол органынан инженерлік коммуникацияларды төсеуге рұқсат алу үшін осы жұмыстарды жүргізетін ұйым:
1) осы Тәртіпке 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;
2) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын;
3) жол белгілері мен қоршауларды және жұмыс жүргізілетін орындардың схемасын;
4) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесін;
5) инженерлік коммуникацияларды төсеу жұмыстарын жүргізетін ұйымның өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.
Жұмыстарды елді мекендердің шекарасында жүргізу болжанған жағдайларда жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты да қажет.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.07.2011 № 761 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2013 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
23-1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-3. Республикалық маңызы бар жалпы ортақ пайдаланымдағы жолдарға кiрме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың келісімін алу үшін автомобиль жолдарын пайдаланушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Тәртіпке 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтінішті;
2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3) жұмыс жобасын;
4) автомобиль жолдарының атауын және мекенжайларын (км+м) көрсете отырып, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарға жанасу, қиылысу схемасын;
5) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына жанасуға және қиылысуға арналған белгілерді орнатудың және жұмыс жүргізілетін жерлерді қоршаудың схемасын;
6) автомобиль жолдарын пайдаланушылардың өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжатты ұсынады.
Ескерту. 23-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.16 № 1315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2014 N 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
23-4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
25. Шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жол органы өкілінің және автомобиль жолдарын басқарушы өкілінің қатысуымен, кейіннен осы Тәртіптің 13-тармағында белгіленген тәртіппен рұқсаттар ресімделе отырып орындалады.
Жол органы өкілінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі нұсқаулары міндетті болып табылады.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16 N 30, 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
26. Жолдарда орындалған қалпына келтіру жұмыстарын қабылдап алуды жол органы мердігер ұйымның қатысуымен жүзеге асырады және ол екі жақты актімен ресімделеді.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Жол органы мен автомобиль жолдарын басқарушылардың
автомобиль жолдарын пайдаланушыларға қатысты
құқықтары мен мiндеттерi
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27. Автомобиль жолдарын, көпірлерді, жол өтпелерін, қозғалысты ұйымдастыратын техникалық құралдарды және басқа құрылыстарды басқаруға, ұстауға және жөндеуге жауапты жол органы автомобиль жолдарында көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
жолдар мен автомобиль жолдарындағы құрылыстардың жай-күйі туралы дұрыс ақпаратты ұйымдастыруға;
жолдарды қыста ұстаудың жоспарына сәйкес қысқы кезеңде жолдарды және жол құрылыстарын қардан тазартуға және төсемнің тайғақтығына қарсы шаралар қолдануға;
қозғалысқа қатысушыларды қауіпті метеорологиялық құбылыстар (тайғақ мұз, тұман, күшті жел, бұрқасын, қар көшкіні), табиғи (жер сілкінуі, сел тасқыны, су басу, көшкін, дауыл және т.б.), сондай-ақ техногендік (көлік авариялары, апат жарылыстар, өрт, улы заттар тараған авариялар және т.б.) сипаттағы төтенше жағдайлар туралы хабардар етуге;
қауіпті метеорологиялық құбылыстар, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған, автомобиль жолдарының немесе олардағы құрылыстардың көтеру қабілеті жоғалған кезде, жол-жөндеу жұмыстарын, бұқаралық және спорттық шараларды жүргізу кезінде қозғалысты шектеуге немесе тоқтатуға;
қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға;
әкімшілік полиция органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, оларды жою жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізуге, олардың пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайларға талдау жасауға;
байланыс желісі мен жол бойындағы автосервис пункттері жүйесінің дамуына ықпал етуге;
авариялар, автомобиль апаты, табиғи зілзалалар жағдайларында мүмкін болатын дәрігерге дейінгі медициналық жәрдемді қамтамасыз етуге және қозғалысқа қатысушыларды құтқару жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
әкімшілік полиция бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тексеруге көмек көрсетуге, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы оған себепші болған жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізуге;
көлік ағымы құрамының, жүйелілігінің және жүк тасу қауырттылығының есебін жүргізуге міндетті.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28. Темір жолдар арқылы өткелдерді, сондай-ақ шлагбаумдардың барлық түрлерін автомобиль жолдарымен бір деңгейде ұстауды және өтпелерді күзетуді теміржол дистанциялары немесе тиісті теміржол иелері, ал жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының теміржол арқылы өтуін ұстауды жол органы жүзеге асырады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
29. Жабын түрлері жетілдірілген негізгі жолдардың жүру бөлігінің ластануын болдырмау үшін олардан түсу және шығу жолдарының барлығы құмайт және құм топырақты жерлерде ұзақтығы кемінде 50 м және басқа топырақты жерлерде кемінде 100 м, ал қиыршықтас төселген жолдарда кемінде 25 м қатты жабын төсеу қажет. Жалпы пайдаланымдағы жолдарды кесіп өтетін және олармен түйісетін, түсу және шығу жолдарында қатты жабын төсеуді олар қарамағына берілген кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылықтар өз қаражаты есебінен, жол органының техникалық бақылауымен жүзеге асырады.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30. Жолдарды салуды немесе қайта жаңартуды жүргізетін жол органы жолда орналасқан жер учаскелерін мақсатты арналуына сәйкес одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіреді.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31. Жол органының қызметкерлері жол элементтерін зақымдайтын немесе ластайтын көлік құралдарын не арнайы рұқсаты жоқ ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарын автомобиль жолының жүріс бөлігінен заңнамасында белгіленген тәртіппен шығаруды талап етуге құқығы бар.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. Автомобиль жолдарын пайдалануға тыйым салу
32. Автомобиль жолдарында:
көлемдік өлшемдері, массасы немесе жүк тиелген немесе жүксіз біліктегі салмағы рұқсат етілетіндерден артық немесе жол белгілерінде көрсетілгендерден асып түсетін көлік құралдарының, сондай-ақ қауіпті жүк тасымалдаушы көлік құралдарының арнайы рұқсатсыз жүруіне;
жол органының, автомобиль жолдарын басқарушылардың немесе осы Қағидаларда көзделген жағдайларда, әкімшілік полиция бөлімшелерінің тиісті келісімінсіз жөндеу жұмыстары мен басқа жұмыстар жүргізуге;
жолдарды, жол құрылыстарын, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын, жасыл желекті және басқа да жол жайластыруларын зақымдауға;
көлік құралдарының, ауылшаруашылығы және басқа да техниканың белгіленбеген және ол үшін жабдықталмаған жерлерде жолға кіруіне, шығуына және олар арқылы өтуіне;
көліктің барлық түрінің бөлгіш жолаққа шығуына және онда тоқтап тұруына;
оқыту мақсатымен рұқсат етілмеген жолда жүруге;
шынжыр табанды көліктің, дөңгелектерінің шашағы, бұдыры, шынжыры және тағы басқалары бар машиналар мен механизмдердің жүруіне;
жанар-жағармайдың төгілуі мүмкін болатын жұмыстарды орындауға, көлік құралдарын жөндеуге және майлауға, көлікті тазалауға және жууға (қажет болған жағдайда бұл жұмыстар арнайы жабдықталған орындарда, ал ерекше жағдайларда жол жағасында орындалады; қалған қоқыстарды материалдарды және басқа да заттарды жүргізушілер немесе көлік құралдарының иелері дереу тазалауы тиіс);
жолдың жүру бөлігін, шетін, көпірлерді, құбырларды, арықтарды, кәріздік және суағар қондырғыларды және жолдың жолақ бөлігін құрылыс материалдарымен, ауылшаруашылығы өнімдерімен және басқа да заттармен ластауға және бөгеуге, сондай-ақ, жолды және оның жолақ бөлігін ластайтын жүкті тиісті буып-түюсіз тасымалдауға, жүкті жолдың жүру бөлігінде тиеуге және түсіруге;
малды жол арқылы арнайы бөлінген жерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы кезінде және жеткіліксіз көрінетін жағдайда айдап өтуге, малды төсемі жетілдірілген жолмен айдауға және оларды жолдың жолақ бөлігінде жаюға;
жолдың жолақ бөлігінің шегінде белгіленбеген жерде лагерь, шатырлы және басқа да демалыс қалашықтарын тұрғызуға, сауда жасауға;
автомобиль жолдарының, көпірлердің жүру бөлігінде серуендеуге, 50 метрден жақын қашықтықта шомылуға, кір жууға, көпірде, көпірдің тіреулері мен мұз кескіштері қасында тұрып балық аулауға;
көпірдің астына қайық стансаларын орнатуға, қайық пен салды көпір тіреулеріне байлауға;
ағаш көпірлерде және ағаш төселген көпірлерде шылым тартуға, жолдың жолақ бөлігінде және ағаш көпірлерге 100 метрден жақын жерде от жағуға;
жолдың жолақ бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаусыз тез тұтанғыш және жанғыш материалдарды (жалпы зат сақтауға рұқсат болғанның өзінде) сақтауға;
жолақ бөлікте құрғақ шөпті өртеуге;
сымдардың үзілуі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін сақтандырғыш қондырғыларсыз автомобиль жолдарының жоғары вольтты электр желісімен қиылысуына;
қандай да болсын коммуникацияларды (мұнай өнімдері құбыры, су құбыры, газ құбыры, канализация және басқалар) топырақ төсеміне, сондай-ақ көпірдің және жол өткелінің астына салуға;
автомобиль жолдарын су басуына және жолдың жолақ бөлігінің батпақтануына әкеп соқтыратын сортаң топырақты жерлерді шаюға, жол жырасын арық ретінде, ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға;
канализациялық, өндірістік, мелиорациялық және ағынды суларды су бұрғыш құрылыстар мен резервтерге жіберуге;
2,5 км аз қашықтықта өзендерінің жайылмалары мен су бұруларда, көпірлерден жоғары және төмен құм мен қиыршық тас өндіру кеніштерінің өндірісіне және арналарды тереңдетуге;
жол жырасының сыртқы жиегінен, топырақ алынған жердің шетінен немесе төсемнің табанынан 1 метрден жақын жер жыртуға;
шлюздерді, бөгеттерді және басқа мелиорациялық және гидротехникалық құрылыстарды салуға тиым салынады.
Ескерту. 32-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
6. Жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату
33. Жол органы әкімшілік полициямен және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, экстремальды жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климаттық жағдай, дүлей апаттар, өрт, автомобиль жолдарының көтергіш қабілетінің жоғалуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде ол туралы жергілікті атқарушы органдарды және тиісті жол белгілерін орната отырып, автомобиль жолдарын пайдаланушыларды хабардар ете отырып, көлік құралдарының қозғалысын шектейді немесе тоқтатады.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34. Жол қозғалысына қатысушылар үшін авариялық жағдай тудыратын және олар туындаған кезде жолдар бойынша жүруді шектеу немесе қысқа мерзімге жабу талап етілетін қолайсыз ауа райы-климаттық жағдайлар мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
1) шыны тәрізді жұқа қабыршақты мұз түріндегі көктайғақ;
2) көрінудің 50 метрге дейін төмендеуі кезіндегі тұмандар;
3) орташа жылдамдығы секундына 20 метр және екпіні секундына 25 метр және одан астам күшті жанама және дауылды желдер;
4) жылдамдығы секундына кемінде 15 метр қатты жел соғатын, үлкен қар массасын үйетін, көру қашықтығын 50 метрге дейін төмендететін боран (құйындар, борандар, қарлы борандар);
5) жауын-шашынның түсу қарқындылығы сағатына 1,5 мм астам күшті қар жаууы;
6) қар көшкінінің, көшкіннің, сел және су ағындарының көшуі.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
35. Қозғалысты шектеу немесе қысқа уақытқа тоқтату үшін күшті жел көтерілетіні туралы Ескертулердің, күн сайынғы ауа райы жөніндегі болжамдардың деректері, қар көшкіні немесе оның алдын алу мақсатында үйінді жіберілетіні, жолдың және жол құрылыстарының бұзылуы жөніндегі Ескерту негіз болады.
36. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
37. Жол конструкцияларының жүк көтеру қабілеті төмендеген немесе олардың бүлінуі қаупі жағдайында жол органы не ол учаскелерде қозғалысты тоқтатады не біліктегі салмағын шектеу белгілерін орнатады. Жүк көтеру қабілетін төмендететін ақауы бар жасанды құрылыстарға автомобильдің массасын немесе біліктегі салмақты шектейтін белгілер қойылады. Бұзылу қаупі төнген жағдайларда қозғалыс тоқтатылады.
Қозғалысты шектеу немесе тоқтату үшін жүк көтеру қабілетіне сынақтар және тиісті құзыретті ұйымдардың қорытындылары негіз болады.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
38. Жүк көтеру қабілетінің жойылуына байланысты қозғалыс тоқтатылған немесе шектелген жол учаскелерінде шұғыл тасымалдар, тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралының иесі бұзылуын жоюға және жолдың жүк көтеру қабілетін қалпына келтіруге жұмсалған шығынды толық өтеуі шартымен ғана, жол органының және автомобиль жолдарын басқарушылардың рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін. Бұлардың қатарына метеорологиялық құбылыстар мен төтенше жағдайлардың зардабын жою үшін қажетті тасымалдар жатпайды.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қозғалысты шектеу және тоқтату жұмыс жүргізілетін жерлерде қозғалысты ұйымдастыру жөніндегі қолданылып жүрген нұсқаулықтарға сәйкес жол органымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
40-
41. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
42. Жұмыстар жүргізілетін жерлерде жол белгілерін, қоршауларды және басқа техникалық құралдарды жұмыс жүргізу кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жауаптылықта болатын жұмыстарды жүргізуші ұйым орнатады.
43. Жөндеу жұмыстарын жүргізген ұйым жұмыс аяқталғаннан кейін барлық механизмдерді, материалдарды, уақытша белгілерді, конустарды, кедергілерді жинап алады, жолдардың жол жамылғысын және инженерлік жайластырылуын қалпына келтіреді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
44. Бұқаралық және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде жолдарда қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы шешімді әкімшілік полиция бөлімшелері қабылдайды.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Автомобиль жолдары пайдаланудың тәртібін
бұзғаны үшін жауапкершілік
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен.
45. Жол органы, лауазымды тұлғалар, азаматтар және басқа да автомобиль жолдарын пайдаланушылар осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
46. Жолдың немесе жолдың жолақ бөлігінің шегінде жұмыс жүргізуші ұйымдар мен азаматтар жол органымен келісілген техникалық шарттар мен жұмыс мерзімдерін сақтамағаны, сондай-ақ жұмыс жүргізу аймағында да, уақытша кіретін және шығатын жерлерде де қозғалыстың қауіпсіздігін сақтамағаны үшін заңда белгіленген тәртіппен жауапты болады.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
47. Өз бетімен автомобиль жолдарының жанасу және қиылысу орындарын жасаған, автомобиль жолдарының, құрылыстарының және жайластыру құралдарының бүлінуіне жол берген, сондай-ақ өз бетімен жұмыс жасауға, құрылыстар салуға және орнатуға жол берген ұйымдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірген материалдық залалды өтейді. Автомобиль жолдарының жолақ бөлігіне рұқсатсыз құрылыс салу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оны жүзеге асырған тұлғаның бұзуына не оның есебінен бұзуға жатады.
Осы тармаққа сәйкес жол шаруашылығына келтірілген залалы өтеу есебіне алынған қаражат автомобиль жолдарының маңыздылығына байланысты тиiстi бюджетке есептеледі.
Ескерту. 47- тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен .
48. Жолдың жолақ бөлігін және бақыланатын аймағын өз бетімен пайдалану, оларды заңсыз пайдаланған кезіндегі жұмсалған шығындары өтелместен тоқтатылады.
49. Жолдың жолақ бөлігіндегі ағаштарды және басқа да жасыл желектерді кескені және зақымдағаны үшін кінәлілер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
50. <*>
Ескерту. 50-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003.01.16. N 30 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ___________ облыстық филиалы
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_______________________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_______________________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Ескерту. Тәртіп 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының
арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай
құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен,
басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына
техникалық шарт беруіңізді сұраймын.
Мен жолдар мен жол құрылыстарын қалпына келтіру бойынша
жұмыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етуге міндеттенемін.
Егер жұмыстар елді мекендердің шекараларында көзделген
жағдайда:
______________________ берілген жергілікті атқарушы органдардың
(күні) (рұқсат берген
органның атауы)
№ _______ рұқсат-құжаты.
Күні _______ Алушы __________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
__________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
__________________________________________________
атауы, қолы)
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ___________ облыстық филиалы
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_______________________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_______________________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Ескерту. Тәртіп 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарынан
шығатын жерлер мен жүктерді тиеуге және түсіруге арналған алаңдар салуға техникалық шартты беруіңізді сұраймын.
Автомобиль жолының титулы (атауы) ____________________________,
Жұмыс өндірісінің түрі _______________________________________,
Мекенжайы ____________________________________________________.
Күні _______ Алушы __________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
__________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
__________________________________________________
атауы, қолы)
Қазақстан Республикасы |
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде
сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.12.2013 N 1390 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібі "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде плакаттар, стенділер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар және басқа де жарнамаларды тұрақты орнату объектілері түріндегі сыртқы көрнекі жарнамаларды орналастыру шарттарын, келісу және орналастыру тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бөлінген белдеуінің жол органдары, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерін:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде – жол органы;
2) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде – облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдардың көліктік-пайдалану сапасының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдары жүрісінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін жеке және заңды тұлғаларға шарт бойынша қысқа мерзімді уақытша жер пайдалануға беруі мүмкін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Cыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің орналастыру көлік құралдарының жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шарттарының және қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар талаптарының сақталуы жағдайында жолдың көлік-пайдалану сапасын төмендетуге жол берiлмейтiн ретте жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.07.01 N 711, 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
5. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат алу үшін Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары иелігіне қарайтын жергілікті атқарушы органдарға осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сондай-ақ объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге құзыреттілігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе жергілікті атқарушы органдар өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Мәселе оң шешілген жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және паспорт ресімделеді, онда: паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі көрсетіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
7. Паспортты халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе облыстық немесе аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде береді.
Паспорт бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
Орнатылған объектілердің мөлшерлері өзгерген жағдайда паспорт қайта ресімдеуге жатады.
Паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшері паспортқа енгізілген мөлшерге сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде тоқтатылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.16 № 1315 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2014 N 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
8 - 11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.07.01 N 711 қаулысымен.
12. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1312 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.07.01 N 711 қаулысымен.
14. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің иелерінен алынатын төлем тиісті бюджетке енгізілуі тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
15. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторында немесе жергілікті атқарушы органдарда келіспей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз бетінше орналастыруға тыйым салынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін нақты орналастыру тиісті рұқсат беру құжаты болмаған кезде төлем сомасын өндіріп алу және бюджетке енгізу үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.16 № 1315 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 14.12.2012 № 1607 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2013 N 1390 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.02.2014 N 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
16. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы өз бетінше орналастырған иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жол шаруашылығына келтірілген материалдық залалды өтейді.
Жолақ бөлікті өз бетімен пайдалану, заңсыз пайдаланған уақытта тартқан шығындары өтелместен, тоқтатылады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 761 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Жалпы пайдаланымдағы |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ___________ облыстық филиалы
_______________________________________________________________
(басшының Т.А.Ә.)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның Т.А.Ә. не
_______________________________________________________________
заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_______________________________________________________________
куәландыратын құжаттардың деректемелері,
_______________________________________________________________
байланыс телефоны, мекенжайы)
ӨТІНІШ
Ескерту. Тәртіп қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 10.06.2013 № 591 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.02.2014 N 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Халықаралық және республикалық/облыстық және аудандық маңызы
бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде
сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді
сұраймын.
Күні _______ Алушы __________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
__________________________________________________
заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
__________________________________________________
атауы, қолы)