Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 22.04.2013 № А-3/161 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N А-5/152 "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 18 мамырда N 3132 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.
Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесінің 2 тармағы 4 тармақшамен толықтырылсын: "4) мүгедек балаларға".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
Облыс әкімі