Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N А-5/152 "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 29 қарашадағы N А-12/357 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 7 желтоқсанда N 3164 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № А-3/161 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 22.04.2013 № А-3/161 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында  мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы N А-5/152 "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесін бекіту туралы" (Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 18 мамырда N 3132 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін.
      Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну Ережесінің 2 тармағы 4 тармақшамен толықтырылсын: "4) мүгедек балаларға".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады