Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі № 168 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласындағы ұсақ бөлшек сауда желілері мен жазғы алаңдардың жұмыс қағидасына өзгерістер енгізілсін:
4 және 22 баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Ұсақ бөлшек сауда желілері кешендерінің орналасу орындарын келісу "Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ орналастыруға сәйкес жүргізіледі. Орналастыру қала әкімінің қаулысымен бекітіледі.";
"22. Осы қағиданың сақталуына бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес "Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ және "Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің қалалық бөлімі" ММ жүргізеді.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Қ.Құттыбаевқа жүктелсін.
Ақтөбе қалалық Ақтөбе қалалық
мәслихатының мәслихатының хатшысы
кезекті он алтыншы
сессиясының төрағасы