Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының 2004 жылғы 1 маусымдағы N 60 шешімімен бекітілген, Ақтөбе облысы бойынша әділет Департаметінде 2004 жылғы 26 маусымда N 2867 болып тіркелген Ақтөбе қаласындағы ұсақ бөлшек сауда желілері мен жазғы алаңдардың жұмыс қағидасына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 наурыздағы N 112 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 11 сәуірде N 3122 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі № 168 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі № 168 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтөбе қаласындағы ұсақ бөлшек сауда желілері мен жазғы алаңдардың жұмыс қағидасына өзгерістер енгізілсін:
      4 және 22 баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Ұсақ бөлшек сауда желілері кешендерінің орналасу орындарын келісу "Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ орналастыруға сәйкес жүргізіледі. Орналастыру қала әкімінің қаулысымен бекітіледі.";
      "22. Осы қағиданың сақталуына бақылауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес "Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ және "Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің қалалық бөлімі" ММ жүргізеді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Қ.Құттыбаевқа жүктелсін.

      Ақтөбе қалалық            Ақтөбе қалалық
      мәслихатының              мәслихатының хатшысы
      кезекті он алтыншы
      сессиясының төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады