РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 42 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жеке адамдар өз мұқтаждықтары үшін жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдік шикізаттарын және басқа да орман ресурстарын тегін пайдалану нормалары қосымшаға сай бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың экология және табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Майлыбаев |
Облыстық мәслихат хатшысы | Ә. Әсілбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облысы бойынша
салық комитетінің төрағасының м.а.
Е.К.Молдашев
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облыстық аумақтық
орман және аңшылық шаруашылығы
басқармасының бастығы
Х.Х.Бектұрғанов