Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде дәрілік өсімдік шикізаттарын, жабайы жемістерді және басқа да орман ресурстарын тегін пайдалану нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 12-18 шешімі. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2006 жылғы 9 қаңтарда № 1634 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 2708 қаулысымен

      Ескерту. Жамбыл облыстық мәслихатының 25.06.2015 № 38-12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күніне кейін күтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің 42 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жеке адамдар өз мұқтаждықтары үшін жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдік шикізаттарын және басқа да орман ресурстарын тегін пайдалану нормалары қосымшаға сай бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың экология және табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Майлыбаев
      Облыстық мәслихат хатшысы Ә. Әсілбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жамбыл облысы бойынша
      салық комитетінің төрағасының м.а.
      Е.К.Молдашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жамбыл облыстық аумақтық
      орман және аңшылық шаруашылығы
      басқармасының бастығы
      Х.Х.Бектұрғанов

  Үшінші шақырылған
облыстық мәслихаттың
2005 жылғы 15 желтоқсандағы
"Облыстың мемлекеттік орман
қоры учаскелерінде дәрілік
өсімдік шикізаттарын, жабайы
жемістерді және басқа да орман
ресурстарын тегін пайдалану
нормаларын бекіту туралы"
№ 12-18 шешіміне қосымша

Облыстың мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жеке адамдар өз мұқтаждықтары үшін жабайы жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдік шикізаттарын және басқа да орман ресурстарын тегін пайдалану нормалары

р/с

Атауы

1 адамның жинау нормасы, кг

1
Өз мұқтаждары үшін:
Қамыс
Ши
Сыпырғы жасау үшін жыңғыл дайындау
Сыпырғы жасау үшін қарағаш дайындау

5,0

1,0

2,0

3,0

2
Дәрілік шөптер және техникалық шикізат,
соның ішінде:
Шөптер, гүлдер, гүл шоқтары, гүл түйіндері, тамырлар (шикі күйінде)

бір түрінен 1,0 кг, ал түрлі түрінен 3,0 кг артық емес

3
Жабайы жидектер мен жемістерді дайындау:
Алма
Долана
Өрік
Жиде
Саңырауқұлақ
Басқа да түрлі жидектер

5,0

5,0

5,0

3,0

3,0

3,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады