Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.12.2012 N 62/03 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабы 2 тармағына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Қағидасын бекіту туралы" (Қарағанды облысы әділет департаментінде 2005 жылдың 1 маусымында N 1787 тіркелген, "Орталық Қазақстан" газетінде 2005 жылдың 11 маусымында N 115-116, "Индустриальная Караганда" газетінде 2005 жылдың 11 маусымында N 70 жарияланған) N 09/16 қаулысына келесі өзгертулер енгізілсін:
көрсетілген қаулы преамбуласындағы және аталған қаулымен бекітілген, эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 1 тармағындағы "1999 жылғы 23 шілдедегі N 451" сөзі алынсын;
қаулының, Қағиданың атауында және мәтініндегі "саудада сату" сөзі "cаудада сату" сөзімен ауыстырылсын;
Қағиданың 8 тармағындағы "2001 жылдың 30 қаңтарындағы N 155" сөзі алынсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.
Облыс әкімі