Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысының әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 09/16 қаулысы. Қарағанды облысының әділет Департаментінде 2005 жылғы 1 маусымда N 1787 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы N 62/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 06.12.2012 N 62/03 (ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының, Қағиданың атауында және мәтініндегі "саудада сату" сөзі "cаудада сату" сөзімен ауыстырылсын - Қарағанды облысының әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 21/13 қаулысымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы 14-бабының 2 тармағына сәйкес эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сату жөніндегі сауда орындарының қызметін тәртіпке келтіру мақсатында Қарағанды облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Преамбулаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 21/13 қаулысымен.
       1. Қоса тіркелген облыс аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын бөлшек саудада сату Қағидасы бекітілсін.
       2. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері:
      1) эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын сатуға арналған тұрақты-үй жайларды белгілесін;
      2) бір ай мерзімінде әкімияттар жанындағы эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын баспасөз басылымдарын сату Қағидасын сақтау жөніндегі комиссияларды құрсын.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Л. Тоғжановқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

Қарағанды облысы әкімиятының 
2005 жылғы 28 сәуірдегі   
N 09/16 қаулысымен бекітілді 

Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымын бөлшек саудада сату Қағидасы

  1. Жалпы ережелер

     1. Осы Қағида "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының 14 бабы 2 тармағы негізінде әзірленген және Қарағанды облысының аумағында эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымының бөлшек саудада сатылуын реттеуге бағытталған.  <*>
     Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 21/13 қаулысымен.

     2. Осы Қағида эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын барлық мерзімді басылымдарға, сонымен бірге жақын және алыс шет елдерден әкелінетін басылымдарға қолданылады.

     3. Осы Қағидада келесі түсініктер қолданылады:
     1) эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын, мерзімді баспасөз басылымы - толықтай және жүйелі түрде секске қызығушылықты туғызатын басылым;
     2) тұрақты үй-жай - тірек конструкциясына залал келтірмесе орнынан қозғау мүмкін емес іргетасы бар күрделі құрылыс, ғимарат, жай немесе оның бір бөлігі.

  2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді басылымдарды сату

     4. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымы, әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда ғана бөлшек сауда сатылады.
       5. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымы бөлшек саудада мөлдір ораммен буылған күйінде сатылады.
       6. Тұрақты үй-жайлар қала (облыстық маңызы бар) және аудан әкімияттарының қаулысымен анықталады.
       7. Көрсетілген баспасөз басылымдарын:
     1) он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдерге;
     2) мемлекеттік мекемелерде, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде, оған 100 метр радиуста іргелес жатқан аумақта;
     3) сәулет және тарихи ескерткіштердің маңында;
     4) қоғамдық көлікте, аялдамаларда, көпшілік демалатын орындарда, дүңгіршектерде, шатырларда, дүкеншіктерде, қолдан, жаймадан, авто көліктен сатуға тыйым салынады.

3. Осы Қағиданы сақтамауға бақылау және жауапкершілік

     8. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді баспасөз басылымын, қарастырылмаған орындарда сату мен таратушы тұлғаларға, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексіне сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
     Ескерту. 8 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 2005 жылғы 11 қарашадағы N 21/13 қаулысымен.
       9. Осы Қағиданың талаптарын сақтауды бақылау қалалар мен аудан әкімияттары жанында құрылған комиссиялар және Қазақстан Республикасы заңнамасымен уәкілетті органдар жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады