Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XXXIV сессиясының 2010.06.16 N 366 шешімімен.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабы 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабы 2 тармағы 3 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Қарағанды қаласының аумағын көркейту Қағидасын бекіту туралы" ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың Х сессиясының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 5 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін, (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 1594, "Орталық Қазақстан" газетінің 2004 жылғы 28 тамызында N 168-169 жарияланған):
1) 29 тармақтың 1 тармақшасында "тастауға" сөзінен кейін: "Көшелердің көлік жүретін және жаяу адамдар жүретін бөлігін, құрылыстан бос аумақтар және басқа жалпы пайдалану орындарын қоқыстардың кез-келген түрлерімен (плакаттар, жарқағаздар, парақшалар) және басқа көзбен көретін ақпарат нысандарымен ластауға" сөздерімен толықтырылсын.
2) 29 тармақтың 3 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"Тұрғын үйлер, үйлер және ғимараттар қасбетінде, су құбырларында, жарық түсіру тіректерінде, инженерлік тораптар және байланыстар ғимараттарында, тиісті нысанның меншік иесінің келісімінсіз және (немесе) жергілікті атқарушы орган осы мақсаттар үшін бөлмеген басқа орындарда хабарландыру, жарнамалық және үгіт баспасөз өнімдерін (плакаттар, жарқағаздар, парақшалар) және басқа көзбен көретін ақпарат нысандарын ілуге".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, экология, көлік, байланыс, халыққа коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Әбдіров Қадырбек Сағашұлы) жүктелсін.
ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың
кезектен тыс ХХІІІ сессиясының төрағасы,
қалалық мәслихаттың хатшысы Қ. Бексұлтанов
Келісілді:
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Қ. Айтжанов
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы
аудан әкімі А. Сәлімбаева
Қарағанды қаласының Октябрь
ауданы әкімі А. Ессе
Қарағанды қаласы бойынша мемлекеттік
санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау
департаменті филиалының бастығы Т. Хамитов
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы
ауданның ішкі істер басқармасының
бастығы М. Қашкеев
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының ішкі
істер басқармасының бастығы Т. Нұрғалиев
Қарағанды қаласы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлім бастығы Е. Ахметов