Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2023 № 67 және Маңғыстау облысы мәслихатының 26.05.2023 № 3/25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен шешімі және қаулысы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 50- бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы’’ 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148- II Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ жэне облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Маңғыстау облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері белгіленсін:
ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін суарылмайтын жерде - 0,25 гектар және суармалы жерде 0,20 гектар;
жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,15 гектар;
бағбандық, сондай-ақ, саяжай құрылысы үшін - 0,18 гектар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 04.08.2017 № 11/145 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 04.08.2017 № 189 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Маңғыстау облысы әкімдігінің 30.05.2023 № 67 және Маңғыстау облысы мәслихатының 26.05.2023 № 3/25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен шешімі және қаулысы2. Мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы | Ж.Сарбасов |
Облыс әкімі | Б.Палымбетов |
Облыстық мәслихат хатшысы | Б.Шелпеков |