Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 101 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 10/157 "Маңғыстау облысының әкімшілік аумағындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 67 қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 3/25 бірлескен шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 мамырда № 4574-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1.Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 101 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 10/157 "Маңғыстау облысының әкімшілік аумағындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1898 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Маңғыстау облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу туралы";

      1 тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Маңғыстау облысында жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлері белгіленсін:".

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев
      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады