Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012.04.12 № 2/25 шешімімен
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 3-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы" қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы № 26/242 (Әділет басқармасында 2003 жылы 9 қаңтарда № 1245 тіркелген, 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 19 (6186) "Маңғыстау" және 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 15 (8882) "Местное время" газеттерінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта "Өмірзақ, Маңғыстау поселкелеріндегі және Баянды селосындағы" сөздері "Өмірзақ поселкесіндегі, Маңғыстау, Баянды селоларындағы және Қызылтөбе селолық округіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-тармақта "қалалық" сөзі "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Қаланың селитебті аймағында жүрген ауыл шаруашылық жануарларын "Көктем" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандандырылған қызметі ұстайды.
Қараусыз қалған жануарларды ұстау мен кері қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес реттеледі";
4) 17-тармақ алынып тасталсын;
5) 22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"22. Материалдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтелуі үшін сотқа шағымдануға құқылы".
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы | Қ.Жаңабаев |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Ұ.Сыдықова |