Әділет басқармасында 2003 жылы 9 қаңтарда №1245 тіркелген "Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы" қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы № 26/242 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласы мәслихатының 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 19/153 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет Департаментінті Ақтау қаласының әділет басқармасында 2005 жылғы 18 қазанда № 11-1-15 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 2/25 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012.04.12 № 2/25 шешімімен

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 3-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы заңының 10-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендерде жануарларды ұстау ережелері туралы" қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 15 қазандағы № 26/242 (Әділет басқармасында 2003 жылы 9 қаңтарда № 1245 тіркелген, 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 19 (6186) "Маңғыстау" және 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 15 (8882) "Местное время" газеттерінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      1) 1-тармақта "Өмірзақ, Маңғыстау поселкелеріндегі және Баянды селосындағы" сөздері "Өмірзақ поселкесіндегі, Маңғыстау, Баянды селоларындағы және Қызылтөбе селолық округіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-тармақта "қалалық" сөзі "мемлекеттік" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Қаланың селитебті аймағында жүрген ауыл шаруашылық жануарларын "Көктем" мемлекеттік коммуналдық мекемесінің мамандандырылған қызметі ұстайды.

      Қараусыз қалған жануарларды ұстау мен кері қайтару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес реттеледі";

      4) 17-тармақ алынып тасталсын;

      5) 22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Материалдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтелуі үшін сотқа шағымдануға құқылы".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Қ.Жаңабаев
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы Ұ.Сыдықова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады