Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.08.06 № 278 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N№1303 қаулысымен бекітілген Салықтық емес түсімдерді өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар тізбесінің 17-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлігін жалға берудің ережесін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3300, "Костанайские новости", 2005 жылғы 15 ақпан N 23, "Қостанай таңы" 2005 жылғы 2 ақпан N 12) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 5 тармақтағы ереже келесі редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үйдегі және өндірістік шаруашылық бағыттағы ғимараттағы тұрғын емес үй-жайдың 1 шаршы метрін пайдалану үшін жылдық жалгерлік ақының көлемі айлық есеп айырысу көрсеткіштің мөлшерлемесі негізінде анықталады және коэффициенттерді есепке алумен есептеледі.
Жа = Рп*К 1 *К 2 *К 3 *S,
Жа - жылдық жалгерлік ақы;
Рп - жалгерлік ақының базалық мөлшері (айлық есеп айырысу көрсеткіш);
К 1 - ғимараттың аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициенті;
К 2 - объектінің Қостанай қаласында орналасқан жерін есепке алатын коэффициент;
К 3 - ғимараттың түрін есепке алатын коэффициент;
S - жалға берілген ғимараттың алаңы (шаршы метр).
Ғимараттың аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициенті
Аумақтық зонасы |
К 1 |
Облыс қалалары (Жітіқара қаласы мен Арқалық қаласынан басқалар) |
2,3 |
Облыс аудандары (Жітіқара қаласы мен Арқалық қаласын қосқанда) |
1,6 |
Объектінің Қостанай қаласында орналасқан жерін есепке алатын коэффициент
Объектінің Қостанай қаласында орналасқан жерін есепке алатын |
К 2 |
Орталық (Сити-орталығын ескермегенде) Қайырбеков-Темірбаев (вокзал маңы аумағын қосқанда) Павлов-Шевченко көше шекарасында |
2 |
қала аудандары: |
3 |
Ғимараттың түрін еске алатын коэффициент
Ғимараттың түрі |
К 3 |
Жеке тұрған |
1 |
Селолық аймақта орналасқан көлемі 250 шаршы метр және одан артық болған үй-жайлар үшін жалгерлік ақыны есептеген кезде төмендетілетін 0,7 коэффициенті қолданылады";
2) 6 тармақтағы ереже 2 абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға су құбырын жалға берген жағдайда нөлдік жалгерлік мөлшер қолданылсын";
3) 7 тармақтағы ережеде "Сб-жылдық базалық мөлшері" сөзінен кейін "(Рп*К 1 *К 2 *К 3 )" формуласымен толықтырылсын;
4) 19 тармақтың 1-тармақшасындағы қаулы»сөзінен кейін "нотариалдық куәландырылған" сөзі алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын қадағалауды Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.П. Рауға жүктелсін.
Қостанай облысының әкімі