Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған қоршаған ортаны қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған облыстық бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
3. Облыс табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы Г. Досжанова
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Павлодар облыстық мәслихатының
(III шақырылған (кезектен тыс) XI сессиясы)
2005 жылғы 15 сәуiрдегi
"2005-2007 жылдарға арналған қоршаған
ортаны қорғау облыстық бағдарламасы"
N 34/11 шешiмiне қосымша
2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау
облыстық бағдарламасы
Атауы |
2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны
|
Әзiрлеу үшiн
|
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15
|
Негiзгi
|
Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
|
Мақсаты |
Павлодар облысы қоршаған ортасының жағдайы мен
|
Мiндеттерi |
Табиғатты қорғауды басқарудың кешендi жүйесiн
|
Iске асыру
|
2005-2007 жылдар |
Көлемдерi және
|
Облыстық бюджеттiң 542,2 млн. теңге сомасындағы
|
Күтiлетiн
|
қоршаған ортаның құрауыштарына өнеркәсiп және
|
2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау облыстық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241
бұйрығымен
бекiтiлген 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң қатысуымен өткен үкiметтiң 2004 жылғы 2 тамыздағы кеңейтiлген мәжiлiсiнiң N 01-7.5 Хаттамасына сәйкес әзiрлендi. Бағдарлама нақты мақсаттарға жетуге, белгiлi экологиялық мәселелердi шешуге бағытталған өзара байланысты ұйымдық, экономикалық, әлеуметтiк, қаржылық және техникалық шаралардың жиынтығы болып табылады.
Бағдарламаның негiзiне экологиялық жағдайды бағалау, экологиялық проблемаларды басымдықтары бойынша саралау, оларды шешу жолдары мен әдiстерiн белгiлеу кезiндегi мақсатты қадамы алынған.
Әзiрленген Бағдарламада күтiлетiн нәтижелердi көрсете отырып, облыста тиiмдiлiгi жоғары экономиканы құру үшiн қойылған мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн мерзiмдерi, ресурстары және iс-шаралардың орындаушылары бойынша келiсiлген жүйе бар.
Жобаны iске асырудың әлеуметтiк экологиялық (өңiрдiң қоршаған ортасының жай-күйiнiң алдағы үш жыл бойы үдемелi жақсаруы), сондай-ақ экономикалық тиiмдiлiгi (экологиялық мақсаттарға шығатын қаражатты әжептәуiр оңтайландыру) бар.
Бағдарламаны орындау қорытындылары бойынша қалалардағы және ауылдық аудандардағы экологиялық жағдай едәуiр жақсарып, тұрақтанады, Павлодар өңiрiнiң тұрақты дамуы қамтамасыз етiледi және барлық мүдделi тараптардың қатысуымен үздiк отандық және халықаралық тәжiрибе негiзiндегi қоршаған ортаны сауықтыруды басқарудың пәрмендi тетiгi құрылатын болады.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
Павлодар облысы бүкiл ел үшiн стратегиялық маңызы бар, Қазақстан Республикасының экономикалық және өнеркәсiптiк жағынан ең дамыған өңiрлерiнiң бiрi болып табылады. Сонымен бiрге, облыс аумағында Ұлттық Республикалық игiлiк болып табылатын бiрқатар аса құнды табиғи объектiлер бар, олардың экологиялық тұрақтылығы тек қана облыс тұрғындарының ырыс-берекесi мен алдыңғы буыннан мұраға қалған қоршаған ортаның сапасына ғана емес, сондай-ақ облыстың жоғары өнеркәсiптiк-экономикалық әлеуетiнiң iске асырылу қабiлетiне де байланысты.
Экологиялық жағдайын жақсарту үшiн Павлодар облысының аумағында бiршама жұмыс жүргiзiлуде. Соңғы жылдар iшiнде, әр түрлi облыстық табиғатты қорғау бағдарламалары әзiрлендi, бекiтiлдi және iске асырылды, солардың iшiнен мыналарды атап өтуге болады: 2004 жылға арналған "Ауыз су" облыстық бағдарламасы, 2004-2006 жылдарға арналған облыстың селолық аумақтарын дамыту бағдарламасы. Сонымен қатар, аймақтағы экологиялық жағдай қиын күйiнде қалуда, бұл - экологиялық сауықтырудың барлық резервтерi әлi де толыққанды пайдаланылмағанының белгiсi.
Облыс аумағында Республикадағы ең iрi жылуэнергетикалық және металлургиялық өнеркәсiп кәсiпорындары жұмыс iстеуде. Соңғы 2 жылда, өнеркәсiп өнiмiнiң артуына байланысты атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындылар көлемi 2002 жылмен салыстырғанда (461,9 мың тонна), 59,2 мың. тоннаға өстi және 2003 жылы 521,1 мың тоннаны құрады.
Сонымен бiрге, соңғы төрт жыл бойы аймақта үлесi өңiрлiк жалпы өнiмнiң бiр миллион АҚШ доллары есебiндегi ластаушы заттар шығарындыларының үдемелi төмендеуi байқалуда, яғни ластаушы заттар шығарындыларының үлесi, тиiстi табиғатты қорғау шараларын өткiзу арқасында, шығарылатын өнiмдердiң бiрдей көлемiне төмендейдi.
Ластаушы заттардың негiзгi көлемi облыстың атмосфералық ауасына жылу энергетикасы және металлургия өнеркәсiбi кәсiпорындарынан түседi. Шығарындылардың құрылымындағы: Екiбастұз көмiрлерiнiң күлi, көмiр мен жыныс тозаңы (46%), күкiрт диоксидi (35%), азот оксидi (12%) және көмiртегi оксидi (5%).
Экологиялық жағдайдың күрделiлiгi автокөлiк жүктемесiнiң үнемi өсуiнен үлкен қалалардың табиғи ортасының ластануына, қала аумақтарына су жайылуына, селолық аудандардың агроэкологиялық проблемаларына байланысты болуда.
Белсендi түрде шоғырланудың жүруiне байланысты қазiргi бүкiл әлемде автокөлiктiң атмосфераны ластау проблемасы басымдықты орын алады. 2004 жылдың 1 қаңтарында Павлодар облысында 95 мыңнан астам автокөлiк құралдары тiркелген.
Павлодар облысы бойынша жылжымалы көздердiң шығарындылары жөнiндегi ресми деректер атмосфераға автокөлiктерден шығарылатын жалпы шығарындылардың кем дегенде 10%-ын құрайтынынына қарамастан (облыс кәсiпорындарының Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасына берген есеп деректерi бойынша), iс жүзiнде есепке алынбаған жеке автокөлiк санының өсуi есебiнен шығарындылар көлемi анағұрлым артық екенiн атап өткен жөн. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың автокөлiктер саны, заңды тұлғалардың автокөлiктерiнен 6 есе артық болды. Автокөлiктiң жиынтық шығарындылары тиiсiнше осыншама өседi деп болжауға болады.
Автокөлiк шығарындыларының өсуi автомобильдердiң төмен техникалық жағдайы, сапасыз автомотор отынын қолдануы (этилдендiрiлген бензин), шығатын газдарды тазалауға (катализдық нейтрализаторлар) арналған құралдармен нашар жарақтандырылуы, шығарындыларды бақылау жүйесiнiң жеткiлiксiздiгiнен және басқа да себептерден болып отыр.
Павлодар облысы үшiн су ресурстарының жағдайы мен оны пайдаланудың маңызы өте зор. қазiргi кезде облыс орталығын ауыз сумен қамтамасыз етiп отырған жалғыз көз - халықаралық шекаралық су тамыры Ертiс өзенi болып табылады. Павлодар және Павлодар ауданы шегiндегi Ертiс өзенi үшiн 2003 жылы ауыз судың ластану индексi 1,4-ке тең болды, бұл өзеннiң су сапасын орташа ластанған, 3 класты су айдыны ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi.
Облыс шегiндегi Ертiс өзенiнiң жай-күйiн бақылау, 2003 жылы суда барлық бақыланатын өлшемдердiң: мыс - 1,3 МШК, мырыш - 1,7 МШК, мұнай өнiмдерi - 3,2 МШК, марганец - 5,6 МШК, темiр - 2,4 МШК орташа екенiн көрсеттi.
Сонымен қатар, өнеркәсiптiк ағынды су (Тұз, Атығай, Сарыпан, Былқылдақ көлдерi) жинаушының, күл-қоқыс үйiндiлерiнiң жағдайы (Қарасор өзенi) мен Ертiс-қарағанды арнасының техникалық жағдайы қатты алаңдаушылық туғызуда.
Күл үйiндiлерi бөгетшелерiнiң үнемi көбеюiнен судың тартылуы едәуiр артты, күл үйiндiлерiнiң айналасы батпақталып, топырақтағы сулар жоғарыға шығуда. Бұдан басқа, күлдi аумақтарды шаң басуда. Кенiштердiң, үйiндiлердiң, коммуникациялардың, сорғыту арналарының жанындағы бедерлер мен ландшафттардың үздiксiз бұзылуы байқалуда. Экзогендiк үрдiстердiң (су басу, сорлану, шаң басу және басқа) қайталануы байқалып отыр. Түрлi алқаптарда топырақты сулардың әр түрлi элементтермен және қосындылармен ластанғаны анықталды.
Жер асты сулары ластануының аймақтық проблемаларының бiрi, оның фтормен ластануында. Павлодар қаласының солтүстiк өнеркәсiп аймағында жерасты суларының фтормен ластануы шамамен 33 км
2
құрайды. Ағынды сулардағы фтордың құрамы 2,4-тен 14,4 мг/л дейiн, жерасты суларында 1,5-3,0 мг/л (1-2 ШМШ). Жерасты суларының фтормен ластану көлемi Павлодар қаласының оңтүстiк өндiрiс аймағында 2002 жылы 30 км
2
құрады. Жерасты суларындағы фтордың көлемi 1,5-тен 26,1 мг/л дейiн (1-17,4 ШМШ).
Қазiргi кезде, Ақсу қаласына iргелес аумақта Ақсу ЖЭС күл үйiндiлерiнiң айналасында жерасты суларының фтормен ластан көлемi 1,2 км
2
құрап отыр, шоғырлануы 1,8-2 ШМШ көлемiнде.
Екiбастұз жылу электро орталығы аумағындағы жерасты суларының ластану көлемi 6,5 км
2
құрайды, жерасты суларындағы фтордың құрамы 3,28 мг/л дейiн (2,2 ШМШ). "Екiбастұз AES" ЖШС аумағында Қарасор көлiнiң айналасында жерасты суларының 1,2-2,9 ШМШ ластанғаны белгiлi болды.
Соңғы 25-30 жыл бойы белсендi жүргiзiлген өндiрiстiк-шаруашылық қызмет облыстың Павлодар, Екiбастұз және Ақсу қалалары аумағында ыза су деңгейiнiң ұдайы өсуiне алып келдi. Тұрғын аумаққа су жайылуының салдары өткiр әлеуметтiк-экономикалық сипатқа ие болуда, ал су басқан аймақтағы тұрғындар өмiрiнiң деңгейi үйлер жертөлелерiнiң дымқылдануы, тұрғын үйлердiң тұғырлары мен қабырғаларының тез бұзылуы, қансорғыш жәндiктердiң тез көбеюi сияқты құбылыстармен сипатталуда. Бұдан басқа, су жайылған жерлер тез сорланып, өсiп тұрған ағаштың күрт азуына әкелiп соғады.
Соңғы жылдары Павлодар қаласында ыза сулардың көтерiлу деңгейi көпжылғы орташа 0,07-0,12 м жылдамдықпен жүруде.
Мыналар:
инженерлiк коммуникациялардың апаттық жай-күйi;
дамыған және тиiмдi жұмыс iстейтiн арна ағындық кәрiз жүйесiнiң жоқтығы;
өнеркәсiп кәсiпорындарының қалдықтары мен жинақтауыштарының жеткiлiксiз жабылуы (ЖЭО-2, ЖЭО-3 күл үйiндiлерi, "Қазақстан Алюминийi" ААҚ-тың шлам үйiндiлерi мен күл үйiндiлерi);
ыза судың табиғи ағындарының бетондалуы (жағажай құрылысы) су жайылуының негiзгi себептерi болып табылады.
Екiбастұз қаласының шамамен 30 % тұрғын аумағына су жайылған. Тұрғын үй аумағындағы судың деңгейi әлi де көтерiлуде, 2003 жылы ол 0,1-0,4 м артқан. Ақсу қаласы аумағында судың жайылуы тек Ертiс өзенiнiң аңғарына жақын жерде, топырақты суларға жайылма сулардың қосылуы салдарынан шөккен аумақтарда ғана байқалуда.
Судың осылайша тез жайылуы жағдайында сатылас және деңгейлес сорғыту жүйесiн жасау ғана ыза сулар деңгейiн төмендетудiң тиiмдi әдiсi болып табылады.
Қалалардың тұрғын аумағында ыза су деңгейiнiң төмендету жобаларын орындау, арнаны реттеу, жағалауды бекiту және тасқынға қарсы жұмыстарды жүргiзу облыстың басымдықты табиғатты қорғау мiндеттерiне жатады.
Ең өткiр мәселелердiң бiрi - бiрқатар селолық аудандардың халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстың негiзгi елдi мекендерiн сумен жабдықтаудың баламалы көздерiн пайдалану қажеттiлiгi болып табылады.
Айталық, Павлодар облысының 12 ауданының 8-де (Екiбастұз және Ақсу қалаларының ауылдық округтерi, Ақтоғай, Баянауыл, Ертiс, Качиры, Май және Павлодар аудандары) ауылдардың 20%-нан 70%-на дейiнi мемлекеттiк стандартқа сәйкес келмейтiн суды тұтынуда.
Қымбат бағалы су құбырларының баламалы жүйесi ретiнде суды залалсыздандыруды және оның құрамындағы тұз бен түрлi қосындыларды төмендетудi ескеретiн құрастырмалы блок-модульдердiң 60-тан астам елдi мекендегi құрылысын салу керек.
Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтарды сақтау және кәдеге жарату өткiр күйiнде қалуда. Мәселен, Павлодар облысы аумағында 5 млрд. тоннадан астам қалдық жинақталған.
Павлодар облысында көмiр өндiрiсi кәсiпорындарының таужыныс қалдықтары мен жылуэлектр стансаларының күл қалдықтары ауқымды аумақты алып жатқандықтан, оларды қалпына келтiру облыстағы маңызды проблемалардың бiрi болып табылады. өндiрiс қалдықтары қайта өңделген соң, экологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн оларды полигон-үйiндiлерде көму керек.
Кәсiпорындардың қалдықсыз және аз қалдықсыз технологияға көшулерi қажет, өйткенi облыстағы өндiрiстiң өңделген қалдықтарының пайда болған көлемiнiң жыл сайын тұтынушыларға шамамен тек 2% ғана берiледi.
Соңғы жылдары қатты тұрмыстық қалдықтардың (бұдан әрi - ҚТҚ) көлемi өсiп отырғандықтан, оның құрамына экологиялық қауiптi көптеген қосындылар (батарейкалар, шамдар, сырлар, дәрi-дәрмектер және т.б.) енетiндiктен ҚТҚ-ты үйiндiлерге көму жолымен дәстүрлi жою әдiсi экологиялық, сол сияқты экономикалық-ресурстық себептер бойынша қолайсыз болып табылуда.
Осыған байланысты, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтiн кәсiпорнын салу қажет, соның нәтижесiнде облыс қолда бар ресурстық және кадрлық әлеуеттi пайдалана отырып, жаңа жұмыс орындарын құру, ҚТҚ-ты жинау мен кәдеге жаратудың жаңа технологиясын енгiзу мүмкiндiгiне ие болды. Сондай-ақ жаңа өндiрiстi ашу, бағалы және арзан шикiзаттың жаңа көздерi мен жаңа өнiм түрлерi де алынатын болады.
Сондай-ақ, қала құрылысы нормативтерiнiң бұзылуы, жасыл желек екпе ағаштарың көлемiнiң қысқаруы, автокөлiктiң көбеюi қалалардың экологиялық қолайсыздықтарының себептерi болып табылуда.
Облыс қалаларындағы екпе ағаш қорының жағдайы, ағаштардың жаппай қартаюы, жасыл желектi күту проблемалары, отырғызылған ағаштардың нашар бейiмделуi, ағаштардың рұқсатсыз кесiлуi қатты алаңдатуда.
Облыс аумағының жалпы көлемi 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 12 млн. 470,5 мың га құрайды. Павлодар облысындағы негiзгi проблемалардың бiрi топырақтың бетi мен ландшафтарды тозудан және ластанудан қорғау болып табылады. Жердi қалпына келтiрудiң (бұзылған жерлер аумағынан есептегенде) орташа көрсеткiш Павлодар облысы бойынша соңғы бес жылда 5,9-7,1% құрайды. Осы көрсеткiш Шарбақты, Лебяжi және Май аудандарында неғұрлым жоғары, Екiбастұз (1,4-1,9%), Павлодар (3,9-10,3%) қалаларында және Успен ауданында (3,4-7,2%) төмен екенi байқалады.
Нақты зерттеулердiң негiзiнде жүргiзiлген талдауға сәйкес Павлодар облысында топырақтың үстiңгi қабаты ластануының 40-45% аумағы қалыпты ластануға, 50% нашар ластануға жатады. Топырақтың үстiңгi қабаты ластануының орташа деңгейi Майқайың кентiнде байқалуда және ол табиғи факторларға "Майқайың" кен орнына жақын орналасуына) байланысты болып отыр. Сондай-ақ, Бозшакөл мен Ақсу қаласы орналасқан аудандарда жер қабатының шамалы бөлiгi орташа деңгейде ластанған.
Облыс аудандарында жалпы сыйымдылығы 1034 тонналық тыңайтқыштар мен пестицидтер сақтайтын 8 жұмыс iстеп тұрған және 19 бейiмделген қойма бар. Оларға органикалық ластаушылармен ластану қаупi төнуде.
Орман және жануарлар әлемiн қорғайтын бес мемлекеттiк мекемеге бекiтiлiп берiлген облыс мемлекеттiк орман қорының жалпы аумағы облыстың барлық аумағының 3,6% құрайды. Соңғы жылдары өз еркiмен кесу, орман өрттерi, орманды қалпына келтiру жұмыстары көлемiнiң жеткiлiксiздiгi ағаштардың ауруы мен орман зиянкестердiң әсерiнiң салдарынан орман алқабының, соның iшiнде қаумалдардың көлемi едәуiр кемiдi.
Облыста жердiң барлық аумағының 3,9% ерекше қорғалатын аумақ алып жатыр, ал халық (әсiресе қала тұрғындары) үшiн табиғатпен қарым-қатынас жасау өмiрлiк-маңызды қажеттiлiк болғандықтан, қорық аймағы аумағына түсетiн қалпына келтiрушiлiк күш артуда. Табиғатты сақтау аймақтарын (Баянауыл Мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi, "Ертiс өзенiнiң жайылмасы" Мемлекеттiк табиғи қаумалы) кешендi дамыту және басқару ерекше маңызды сипат алуда. Соның өзiнде, Ертiс өзенi мен жайылма бiрегей табиғи-шаруашылық кешенi болып табылатынын атап өткен жөн.
Браконьерлiктiң, сондай-ақ өрттiң салдарынан облыста аң мен құс санының азаюы байқалуда. Соңғы бес жылда бұлан саны екi есеге азайды.
Семей сынақ полигонының шамамен 720 мың га алаңының Май ауданының мемлекеттiк жер қорына берiлуiне байланысты полигон ауданындағы радиациялық жағдайды зерделеу және зерттеу, сондай-ақ осы аймақтағы радиациялық жағдайға үнемi мониторинг жүргiзу қажет.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында басқарушылық және шаруашылық шешiмдер қабылдау үшiн жедел және сенiмдi ақпарат алу мақсатында қоршаған орта мониторингiнiң бiрыңғай жүйесi қажет.
Реңдiк мониторинг өткiзу үшiн, облыста қадағалау желiсi (метеостанциялар, гидрологиялық постар, қадағалаудың стационарлық постары) жеткiлiксiз екендiгiн атап өткен жөн. Бұдан басқа, Ертiс өзенiнiң ластану деңгейiн бақылайтын аналитикалық талдау базасы жоқ.
Бақылаушы органдар тарапынан "Павлодар химия зауыты" ААҚ ауданындағы сынаппен ластанудың тиiстi мониторингiн, сондай-ақ жерүстi және жерасты суларының ластануы мен аймақтағы ыза сулар деңгейiнiң көтерiлу мониторингiн қамтамасыз етiлуi қажет.
Облыс тұрғындарының денсаулығына келетiн экологиялық қатердi азайту мақсатында табиғи ортаның жайын жақсарту, салауатты өмiр салты қағидаттарын енгiзу, экологиялық тәуелдi аурулардың алдын алу және емдеуге бағытталған шаралар кешенiн өткiзу қажет.
Осы проблемалардың бәрi облыста қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi кешендi экологиялық Бағдарламаны iске асыру қажеттiлiгiне негiзделген, ол бар проблемаларды шешуге көмектесiп қана қоймай, болашақта табиғатты тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етудiң сенiмдi тетiгiн де жасайтын болады.
Қоршаған ортаға байланысты мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау үдерiсiнде ақпараттың қол жетiмдiлiгiн, жұртшылықтың қатысуын қарастыратын Орхусс конвенциясына сәйкес экологиялық проблемаларды бiрiгiп шешу үшiн, жұртшылықты қоғамдық бiрлестiктердi неғұрлым кеңiнен тартуды қамтамасыз ету қажет.
Мүмкiндiктi экологиялық қатердi шағындандыру мен қоршаған ортаға өнеркәсiптiк және шаруашылық әрекеттiң жағымсыз әсерiн азайту мақсатында экологиялық проблемаларды шешу кезiнде жұртшылық пiкiрi ескерiлетiн болады.
Қоршаған орта жағдайының әлсiз жақтары:
шығарындылардың үлкен көлемi және жылуэнергетика кәсiпорындарының, металлургия өнеркәсiбi мен автокөлiктiң атмосферадағы ауаға, топырақ пен суға ластаушы заттардың шығарындылары мен ағындыларының үлкен көлемi;
Семей ядролық сынақ полигонының аумағына жататын қолда бар жерлер;
ыза сулардың алыста орналасуы, су басу қаупi;
сортандану, жел эрозиясы есебiнен топырақтың сапалық балының төмендеуi;
жеткiлiксiз көгалдандыру, рұқсатсыз кесу, жасыл екпе ағаштың жаппай қартаюы;
Ертiс өзенiнiң ластануы;
облыста бар өнеркәсiп кәсiпорындарының ағынды су жинауышы, күлшламүйiндiлерi;
тиiстi талаптарға сай қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жоқтығы.
Қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға мүмкiндiк беретiн аспектiлер:
ластаушы шығарындылар мен ағындыларды азайту үшiн өнеркәсiп кәсiпорындарын жаңғырту және қазiргi талаптарға жауап беретiн жабдықтарды енгiзу;
жоғары ғылыми-зерттеу әлеуетi;
түзу жазықты жер бедерi;
желдiң арқасында зиянды қоспалардың атмосферада шашырауы үшiн қолайлы жағдай;
жердi қайта құнарландыру жұмыстарын өткiзу үшiн аймақта тиiстi техниканың болу қажеттiлiгi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - Павлодар облысының табиғи ортасының сапасы мен жағдайын жақсарту.
Мыналар:
табиғатты қорғауды басқарудың кешендi жүйесiн енгiзу;
атмосфералық ауаның, су және жер ресурстарының жағдайын жақсарту;
облыс тұрғындарының радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
қоршаған ортаның мониторингiн қамтамасыз ету;
өнеркәсiптiк және тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару;
облыс тұрғындарының денсаулығына әсер ететiн экологиялық қауiп-қатердi азайту;
қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды өткiзген кезде ғылыми қамтамасыз етудi енгiзу Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi болып табылады.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Мыналар:
табиғатты қорғауды басқарудың кешендi жүйесiн енгiзу;
атмосфералық ауаны қорғау;
су ресурстарын қорғау және сумен қамтамасыз ету сапасын жақсарту;
өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасу, сақтау және кәдеге жарату;
биоресурстарды қорғау;
жер ресурстарын қорғау және тиiмдi пайдалану;
радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру;
селолық аудандардағы экологиялық жағдайды жақсарту;
тұрғындар денсаулығы үшiн экологиялық қауiп-қатердi төмендету Бағдарламаның негiзгi бағыттары болып табылады.
Табиғатты қорғауды басқарудың кешендi жүйесiн енгiзу мемлекеттiк басқару органдарында ISO 14001 (ҚР МЕМСТ) халықаралық стандарттарына сәйкес табиғатты қорғау жүйесiн әзiрлеуге және пайдалануға мүмкiндiк бередi, оған экологиялық саясатты әзiрлеуге, енгiзуге, талдауға және қолдауға қажеттi ұйымдастыру құрылымы, жоспарлау, жауапкершiлiк, әдiстер, рәсiмдер, үрдiстер мен ресурстар енгiзiледi. Облыс кәсiпорындарында ISO 9001 халықаралық стандарттарын енгiзу жоспарлануда, ол қоршаған ортаны қорғау шараларын тиiмдi жоспарлау мен өткiзудi, тепе-тең жауапкершiлiктi, ақпараттылықты және барлық мүдделi жақтарды табиғатты қорғау проблемаларын шешуге жұмылдыруды қамтамасыз етедi.
Облыс металлургия, көмiр өндiру, жылу энергетикалық кәсiпорындарының зиянды заттардың шығаруын төмендетуге, жабдықтарды жаңғырту, фильтрлер орнату, шаңбасу және жаңа технологияларды енгiзудiң көмегiмен қол жеткiзiлетiн болады. Аталған шаралар басымды болып табылады және Бағдарламаның барлық көлемiнiң 81,5 % алады.
Су ресурстарын қорғау және сумен қамтудың сапасын жақсарту облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарда су ресурстарын қорғау болып саналады. Сынаппен ластанудың көзiн оқшауландыру бойынша зарарсыздандыру жұмыстары аяқталған соң, сынаппен ластанудың мониторингiн және "Павлодар химия зауыты" АА)-не жақын орналасқан сынаппен ластанған су көздерiн зерделеу жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткiзу жоспарлануда. Сондай-ақ, "Былқылдақ" ағынды суларының жинаушының сынаппен ластану ошағын оқшауландыру, жер асты суларын техникалық қажеттiлiкке, өнеркәсiп кәсiпорындардың шаң басу үшiн кенiш суларын пайдалану жөнiнде ғылыми зерттеулер жүргiзу; Павлодар қаласында құрғатқыш торабын құру және арна жүргiзу ағынын салу жолымен қоныстанатын аумақтарды су басу және батпақтану проблемасын жою қарастырылуда.
Арналық реттеу, тасқынға қарсы және жаға бекiтетiн, және жұмыстарын жүргiзген кезде Ақсу қаласының шығыс жағында тасқынға қарсы дамба салынады. 2005 жылы Ертiс өзенiнiң иреңiнде оңтүстiк су жинауыш маңында жаға бекiту жұмыстары, Усолка өзенiнiң арнасын жаңғырту жұмыстары, Новоямышев ауылы маңында Ертiс өзенiнiң арнасын тазалау жалғастырылады, облыстың жер үстi суқойма жолағын және суды қорғау белдемi белгiленген Ертiс өзенi алабының су ресурстарын трансшекаралық басқару жобасы әзiрленiп, енгiзiлетiн болады, бұған 165,0 млн. теңге көлемiнде инвестицияны бағыттау болжануда.
Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және суды пайдалану проблемаларын облыс аудандары мен қалаларында ауыз судың сапасын бақылауды күшейту арқылы шешiлмек. Бұдан басқа, 2005 жылы Успен селосында кәрiз жүйесiн күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады, Екiбастұз және Ақсу қалаларында сорғыш кәрiз қондырғыларын күрделi жөндеудi жүргiзудiң жобалау құжаттамасы әзiрленетiн болады, облыс қалалары мен аудандарында әлеуметтiк саланың қайта енгiзiлген объектiлерi үшiн қазiргi кездегi кәрiз жүйесi салынады және қайта құрылады.
Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сақтау мен қайта пайдалану жөнiндегi iс-шаралар атмосфералық ауаның, жер асты суларының ластануын "ПНХЗ" ЖАҚ қатты қалдықтарын жинақтауышты қайта құнарландыру "AES ААҚ Екiбастұз" шаңды күлдi жағажайын, "ГРЭС-2 Екiбастұз стансасы" ААҚ күлдi жағажайының жандануын төмендету, "Северный" мен "Западный" күлдi үйiндiсiн пайдалану, "ГРЭС-2 Екiбастұз стансасы" ААҚ күлдi үйiндiлерiнiң бөгетшесiн ұзарту, "Евроазиаттық энергетикалық корпорация" ААҚ N 2 секциясын ұлғайту есебiнен төмендетуге мүмкiндiк бередi.
2005-2007 жылдары мемлекеттiк мекемелерде, құрамында сынабы бар шамдарды қайта пайдалану мен жинау жұмыстары жалғастырылады, өнеркәсiптiк улы қалдықтарды көму орындарын бақылау мен мониторинг жүргiзiлетiн болады, осы мерзiмде көмiр өндiрiсiндегi қалдықтарды қайта өңдеу үдерiсiнде алынатын гуминдiк препараттардың пайдаланылуын зерттеудi жүргiзу, қауiптiлiгi I-II кластағы улы қалдықтарды көмуге арналған полигондарды уақытша тоқтату жоспарлануда.
Үш жылда облыс қалаларында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесiн әзiрлеу және енгiзу жоспарланып отыр. Павлодар қаласындағы полигонды жаңадан салу немесе қазiргi iстейтiн полигонды жаңғыртуға техникалық экономикалық негiздеме әзiрлеу жобалануда. Қатты тұрмыстық қалдықтардың қазiргi кездегi қызмет ететiн полигонын қайта салу, тұрғындардың қоқысты, көң және басқа қалдықтарды рұқсат етiлмеген жерлерге үюiне әкiмшiлiк жауапкершiлiктi арттыру қажет. Облыс елдi мекендерiнде санитарлық тазалау жұмыстары жалғасуда.
Жерлердi тиiмдi пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын қорғау мақсатында қазiргi заманғы оңтайлы агроэкологиялық модельдi әзiрлеу және енгiзу, құнарсыздануға қарсы агрошараларын өткiзу, яғни әрi қарай бүкiл облыс бойынша тарата отырып, (Ертiс ауданының үлгiсiнде), ауыл шаруашылығын жүргiзуде экологиялық принциптердiң қолданылуын көтермелеу, облыс елдi мекендерiнiң аз өнiмдi жерлерiн суландыру және бұзылған жерлердi қалпына келтiру жоспарлануда.
Радиациялық қауiпсiздiктi жақсартуға 165,0 млн. теңге көлемiндегi инвестиция есебiнен "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының жерлерiнде радиациялық зерттеулер жүргiзу" алғашқы жобасын iске асыру жолымен қол жеткiзу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, бұрынғы Семей ядролық полигонына жақын орналасқан Май, Лебяжi және Баянауыл аудандарының аумағының бөлiгiн радиологиялық зерттеу және елдi мекендерiнде радондық карталау жұмысы жалғасуда. Павлодар химия зауытының радиоактивтi қалдықтары болып есептелетiн пайдалану мерзiмi өткен иондайтын сәуле шығаратын көздер арнайы полигонда көмiледi.
Павлодар және Екiбастұз қалалардың қонысты аймағындағы, атмосфералық ауаның тұрақты экологиялық мониторингiн iске асыру жөнiндегi жұмыстарды iске асыру жоспарлануда.
Селолық аудандардағы атмосфералық ауаның ластануы мемлекеттiк мекемелердiң жеке жылу беру көздерiнде шаң сорғыш құрал-жабдық қондырғысын ортану есебiнен төмендетiлуде. Ауылдық елдi мекендердiң тазалағыш қондырғылары мен кәрiз жүйелерiн салуға және күрделi жөндеуге жобалау құжаттарын әзiрлеу, сорғыш станциялары ауданында лай тұнбаларынан Ертiс өзенiнiң арнасын тазалау жоспарлануда.
Облыс тұрғындарының денсаулығы үшiн экологиялық қауiп-қатердi төмендету мақсатында топырақтағы ауыр металлдардың улы әсерiн жерлердi гуминдiк сорушы реагентпен өңдеу көмегiмен төмендету жөнiндегi ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткiзу және экологиялық насихат және ағарту шаралары жоспарлануда.
6. Қажеттi ресурстар мен Бағдарламаны
қаржыландырудың көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру көзi облыстық бюджет, кәсiпорындардың өз қаражаттары және Қазақстан Республикасы заңнамаларына қайшы келмейтiн басқа да қаржы көздерi болып табылады.
Бағдарламаны iске асырудың жалпы шығыны 8 887,9 млн. теңгенi құрайды, соның iшiнде: облыстық бюджет - 542, 2 млн. теңге (2005 жыл - 185,2 млн. теңге, 2006 жыл - 174,3 млн. теңге, 2007 жыл - 182,7 млн. теңге.), кәсiпорындардың өз қаражаттары - 8 015,7 млн. теңге (2005 жыл - 4 102,7 млн. теңге, 2006 жыл - 1 711,3 млн. теңге, 2007 жыл - 2 201,7 млн. теңге.), Қазақстан Республикасы заңнамаларына қайшы келмейтiн басқа да қаржы көздерi - 330,0 млн. теңге (2005 жыл - 99,0 млн. теңге, 2006 жыл - 99,0 млн. теңге, 2007 жыл - 132,0 млн. теңге.).
2005-2007 жылдарға арналған қаржыландырудың көлемi тиiстi жылдың жергiлiктi бюджетiнiң жобасын қалыптастырғаннан кейiн нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
2008 жылға дейiнгi кезеңде табиғатты қорғау шараларын iске асыру нәтижесiнде аумақтың экологиялық жағдайы жақсартуға қол жетедi.
Мемлекеттiк басқару органдарында ISO 14001 (ҚР МЕМСТ) - халықаралық стандарттарына сәйкес табиғатты қорғауды басқару жүйесi қолданылатын болады, ол Павлодар облысы үшiн экологиялық саясатты анықтауға, экологиялық аспектiлердi, заң кесiмдерiнiң талаптарын, басымдықтарды сәйкестендiруге, тиiстi мақсатты және жоспарлы экологиялық көрсеткiштердi белгiлеуге мүмкiндiк туғызады.
Атмосфералық ауаның сапасы Павлодар, Екiбастұз және Ақсу қалаларында жақсарады, шығарындыларының тозаңы (күлi) ең көп бiр жолғы 0,5 мг/кв.м. МШМ-ға дейiн түседi, орташа тәулiктiк 0,15 мг/кв.м. МШМ, көмiртегi оксидтердiң шығарындылары ең көп бiр жолғы 5,0 мг/кв.м. МШМ-ға дейiн түседi, орташа тәулiктiк 3,0 мг/кв.м., азот оксидiнiң шығарындылары ең көп бiр жолғы 5,0 мг/кв.м. МШМ-ға дейiн түседi, орташа тәулiктiк 0,15 мг/кв. м. МШМ.
Қалаларда автокөлiктiң шығарындылары 10%-ға төмендейдi.
Ертiс өзенiнiң ластануын төмендету барлық тұстамалар бойынша МШМ-ге қол жеткiздi: мыс - 06001 мг/л, мырыш - 0,01 мг/л, мұнай өнiмдерi - 0,05 мг/л, марганец - 0,01 мг/л, темiр - 0,1 мг/л.
Сумен қамтамасыз ету шараларын өткiзу облыс қалалары мен ауылдарының елдi мекендерiнде ауыз судың сапасын жақсартуға мүмкiндiк туғызады, ол облыс тұрғындарының денсаулығына қолайлы әсерiн тигiзедi.
Органикалық ластану санын төмендету есебiнен топырақ қабатының ластану деңгейi 10 %-ға дейiн түседi, бұл аудандарындағы жердi қолдану тиiмдiлiгiн арттырады және осы жерлердi шаруашылық айналымға қайтару үшiн сауықтыруға мүмкiндiк бередi.
Облыс қалалары мен аудандары аумақтарының экологиялық және санитарлық жағдайын қолдау мен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату көлемi өседi. Өнеркәсiп кәсiпорындарында ферроқорытпаны қайта өңдеу 100%-ға дейiн жетедi. Облыстың өнеркәсiп кәсiпорындарының өнеркәсiп қалдықтары, күл үйiндiлерi мен аршу кенi қалдықтары жинағыштарының әсерi төмендейдi.
Улы қалдықтарды көму мен қауiптiлiгi I және II топтардағы (өте улы) пестицидтердi қолдануға бақылау күшейтiледi, бұл да қоршаған ортаны ластауды төмендететiн болады.
Жалпы облыс бойынша жасыл желектi сақтау және оның алаңын 10 пайызға арттыруы күтiлуде.
Бағдарламаны орындау барысында Павлодар облысында экологиялық қолайлы жағдайға қол жеткiзу үшiн негiз қаланатын болады.
8. 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау
облыстық Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс шаралар жоспары
N
|
Iс-шаралар |
Аяқта
|
Орындау
ына
|
Iске
|
Болжам
|
Қаржы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Табиғатты қорғау ды басқар удың кешендi жүйесiн енгiзу |
||||||
1. |
Облыс мемлекет-
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл |
5,0 |
Облыс
|
2. Атмосфералық ауаны қорғау |
||||||
2. |
Қазандықтардың
|
Облыс
|
"Павлодарэнер
|
2005 жыл
|
26,5
|
Кәсiп
|
3. |
Отынәпергiштегi
|
Облыс
|
"Павлодарэнер
|
2005 жыл
|
3,4
|
Кәсiп
|
4. |
"Вентури"
|
Облыс
|
"Павлодарэнер
|
2005 жыл
|
8,5
|
Кәсiп
|
5 |
Қазандық
|
Облыс
|
"Павлодарэнер
|
2005 жыл
|
3,4
|
Кәсiп
|
6. |
Күл қағу
|
Облыс
|
"AES
|
2005 жыл
|
5,0
|
Кәсiп
|
7 |
Электр
|
Облыс
|
"Евроазиялық
|
2005 жыл
|
285,0
|
Кәсiп
|
8 |
Көмiрдi өндiру,
|
Облыс
|
Тау-кен
|
2005 жыл
|
2,4
|
Кәсiп
|
9 |
Көмiр өндiрiсi
|
Облыс
|
"Богатырь",
|
2005 жыл
|
12,0
|
Кәсiп
|
10 |
Темiржол
|
Облыс
|
"Евроазиялық
|
2005 жыл |
70,0 |
Кәсiп
|
11 |
Учаскелердi
|
Облыс
|
"Богатырь",
|
2005 жыл
|
1.750,0
|
Кәсiп
|
12 |
Карьер суларын
|
Облыс
|
"Майкөбен
|
2005 жыл
|
2,5
|
Кәсiп
|
13 |
Күл қағар
|
Облыс
|
"Қазақстан
|
2005 жыл
|
73,0
|
Кәсiп
|
14 |
Бiрiктiргiш
|
Облыс
|
"Қазақстан
|
2006 жыл |
140,0 |
Кәсiп
|
15 |
Кальцинациялау
|
Облыс
|
"Қазақстан
|
2005 жыл |
235,0 |
Кәсiп
|
16 |
Пештер мен
|
Облыс
|
Ақсу
|
2005 жыл
|
780,0
|
Кәсiп
|
17 |
N 4 газдан
|
Облыс
|
Ақсу
|
2005 жыл
|
195,0
|
Кәсiп
|
18 |
N 15, 16 пеш-
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006 жыл |
390,0 |
Кәсiп
|
3. Су ресурстарын қорғау және сумен жабдықтау сапасын
|
||||||
19 |
Тастарды бұзу
|
Облыс
|
"Евроазиялық
|
2005 жыл |
5,0 |
Кәсiп
|
20 |
Ертiс өзенi
|
Облыс
|
Павлодар
|
2005 жыл
|
49,5
|
Қазақ
|
21 |
Павлодар қаласы-
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл
|
3,0
|
Облыс-
|
22 |
"Былқылдақ"
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл |
4,0 |
Облыс-
|
23. |
Павлодар қаласын
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006,
|
20,0
|
Облыс-
|
24. |
Павлодар
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2007 жыл |
40,0 |
Облыс-
|
25. |
Павлодар қала-
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006 жыл |
10,0 |
Облыс-
|
26. |
Павлодар қаласын
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2007 жыл |
30,0 |
Облыс-
|
27. |
Павлодар қаласы
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
12,8 |
Облыс-
|
28. |
Павлодар қаласы
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
28,0 |
Облыс-
|
29. |
Павлодар қаласы
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
14,0 |
Облыс-
|
30. |
Павлодар ауданы
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
0,6 |
Облыс-
|
31. |
Павлодар ауданы
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл
|
7,0 |
Облыс-
|
32 |
Ақсу қаласының
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006
|
1,0 |
Облыс-
|
33 |
Екiбастұз
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
5,0 |
Облыс-
|
34 |
Екiбастұз
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006
|
20,0
|
Облыс-
|
35 |
Ақсу қаласының
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
2,5 |
Облыс-
|
36. |
Ақсу қаласындағы
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005,
|
30,0 20,0 |
Облыс-
|
4. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтарды жинау,
|
||||||
37 |
ТЭЦ күл
|
Облыс
|
"Қазақстан
|
2007 жыл
|
293,0 |
Кәсiп
|
38 |
Күл аударғыштың
|
Облыс
|
"Екiбастұз
|
2005 жыл |
11,0 |
Кәсiп
|
39 |
Күл жайылған
|
Облыс
|
"Екiбастұз
|
2005 жыл |
7,0 |
Кәсiп
|
40 |
қор карталарының
|
Облыс
|
"Евроазиялық
|
2005 жыл
|
8,0
|
Кәсiп
|
41 |
Күл аударғыштың
|
Облыс
|
"Екiбастұз
|
2005 жыл
|
20,0
|
Кәсiп
|
42 |
Күл аударғыштың
|
Облыс
|
"Евроазиялық
|
2005 жыл
|
210,0
|
Кәсiп
|
43 |
Қалпына келтiру
|
Облыс
|
"Қазақхром"
|
2006 жыл
|
91,0
|
Кәсiп
|
44 |
Облыстың
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл
|
0,5
|
Облыс
|
45 |
Улы өнеркәсiп
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл
|
0,6
|
Облыс
|
46 |
қауiптiлiгi
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
3,5 |
Облыс
|
47 |
Бұрынғы Семей
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
2,0 |
Облыс
|
48. |
Арнайы
|
Облыс
|
Павлодар об-
|
2005-2007
|
Қаржыландыру қажет емес |
|
49 |
Облыс елдi
|
Облыс
|
Қалалар мен
|
2005-2007
|
Қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң шеңберiнде |
Қала-
|
5. Биоресурстарды қорғау |
||||||
50 |
Ертiс өзенiнiң
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005,
|
1,0
|
Облыс
|
51. |
Шiдертi өзенi
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл |
15,0 |
Облыс
|
52. |
Усолка өзенiн
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
0,8 |
Облыс
|
6. Жерлердi тиiмдi пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру
|
||||||
53. |
Облыстың ауылдық
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005,
|
17,0
|
Облыс
|
54 |
қауiптiлiгi 1
|
Облыс
|
Павлодар об-
|
2005-2007
|
Қаржыландыру қажет емес |
|
55 |
Улы химикаттарды
|
Облыс
|
Павлодар облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша) |
2005-2007
|
Қаржыландыру қажет емес |
|
56 |
Жер телiмдерi
|
Облыс
|
Павлодар об-
|
2005-2007
|
Қаржыландыру қажет емес |
|
7. Радиациялық қауiпсiздiк |
||||||
57 |
"Бұрынғы Семей
|
Облыс
|
Павлодар
|
2005 жыл
|
49,5
|
Қазақ
|
58 |
Бұрынғы Семей
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл
|
12,5
|
Облыс
|
8. Табиғи ортаның экологиялық мониторингi
|
||||||
59 |
Өнеркәсiптiк
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005 жыл |
5,0 |
Облыс
|
9. Ауылдық аудандарда экологиялық жағдайды жақсарту |
||||||
60 |
Мемлекеттiк
|
Облыс
|
Аудан әкiм-
|
2005-
|
Аудандар бюджеттерiнде көзделген қаражат шеңберiнде |
Аудан
|
61 |
Успен ауданында-
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
9,1 |
Облыс
|
62 |
әлеуметтiк
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2005
|
6,3 |
Облыс
|
63 |
әлеуметтiк
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006,
|
25,0
|
Облыс
|
64 |
Облыстың
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006
|
10,0 |
Облыс
|
65 |
Облыстың
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006,
|
20,0 20,0 |
Облыс
|
10. Облыс тұрғындарының денсаулығы үшiн экологиялық
|
||||||
66 |
Топырақта
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006 жыл |
1,0 |
Облыс
|
67 |
Экологиялық
|
Облыс
|
Облыс табиғи
|
2006 жыл
|
4,0
|
Облыс
|