Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
Заңының
6-бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Баянауыл ауданы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 4 мамырдағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгерiстер енгiзу туралы" N 75/5 қаулысына, Баянауыл ауданы мәслихатының (III сайланған IХ сессиясы) 2005 жылғы 19 мамырдағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгерiстер енгiзу туралы" N 135 шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 26 шiлдедегi "Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 247/6 қаулысына сәйкес және ауылдық округтері әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ақсан селолық округінің Жапалақ, Қамбаба, Маяжон ауылдары, Бірлік селолық округінің Қарашоқы, Подхоз ауылдары, Жаңажол селолық округінің Ербай ауылы, Жаңатілек селолық округінің Бәлтен, Ертісбай, Жуантөбе ауылдары, Қаратомар селолық округінің Верхний подхоз, Қаратомар, Нижний подхоз ауылдары, Құндыкөл селолық округінің Жапа, Қарашат, Қызыләскер, Сарыжал ауылдары, Күркелі селолық округінің Жәнібек, Қызылшілік, Сарыөлең ауылдары, Қызылтау селолық округінің Ақтөбе, База 19, Естекбай, Иса, Қарашоқы, Қобдық, Қызыл Октябрь, Қызылтау, Мерген, Рақыш, Старый угольный ауылдары, Сәтбаев селолық округінің Айрық, Бүркітті ауылдары, Торайғыр селолық округінің Верхний Қызыл, Жарықияқ, Қайнақ, Малдыбұлақ, Сарықамыс ауылдары, Ұзынбұлақ селолық округінің Әлке, Амантау, Егінтөбе, Отделение 2, Отделение 4 ауылдары елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы А.Касицин
Облыс әкiмi Қ.Нұрпейiсов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р.Гафуров