Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
6 бабы
1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңы
11 бабының 3) тармақшасына, Лебяжі ауданының мәслихаты мен Лебяжі ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 17 тамыздағы "Қызылағаш селолық округінің Подпуск елді мекенін жабу туралы" N 7/16, "Лебяжі ауданы Майқарағай селолық округінің Қорт ауылының атын өзгерту туралы" N 5/16, 2005 жылғы 8 маусымдағы "Лебяжі ауданы Жамбыл селолық округінің Ленино ауылының атын өзгерту туралы" N 4/15 бірлескен шешімдеріне сәйкес, Лебяжі ауданы Қызылағаш селолық округінің Подпуск, Майқарағай селолық округінің Қорт, Жамбыл селолық округінің Ленино ауылдары тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және облыс әкімдігінің 2005 жылғы 9 қарашадағы "Лебяжі ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" N 340/19 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі мен облыстық мәслихат
ШЕШІМ ЕТЕДІ
:
1. Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімішілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Лебяжі ауданы Майқарағай селолық округі Қорт ауылының аты Мерғалым ауылына;
Лебяжі ауданы Жамбыл селолық округі Ленино ауылының аты Әйтей ауылына өзгертілсін;
Лебяжі ауданы Қызылағаш селолық округінің Подпуск ауылы елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты кейіннен есептік деректерден алына отырып таратылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы П. Колодюк
Облыс әкімі Қ. Нұрпейісов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров