Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 2001 жылғы 12 маусымдағы 394 бабына сәйкес III сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХIII-сессиясының 2001 жылғы 5 желтоқсандағы "Төлемдер мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімінің 2 қосымшасы (шешім Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 19 желтоқсанда N 414 тіркелген, 2001 жылғы 15 желтоқсанда "Алматы Ақшамы" газетінде, 2001 жылғы 8 желтоқсанда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған, III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2004 жылғы 26 наурыздағы V-сессиясының N 39 шешімімен өзгерістер енгізілген, 2004 жылғы 2 сәуірде N 588 тіркелген, 2004 жылғы 8 сәуірде "Алматы Ақшамы" газетінде, 2001 жылғы 6 сәуірде "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) осы шешімнің қосымшасында берілген жаңа редакциясында жазылсын.
2. III-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының V-сессиясының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 39 "II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХIII-сессиясында 2001 жылғы 5 желтоқсандағы "Төлемдер мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылсын, (2004 жылғы 2 сәуірде N 588 болып тіркелген).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е. Баедиловке жүктелсін.
III-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
XIX-сессиясының төрағасы Қ. Шалабаев
III-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
хатшысы Т. Мұқашев
III-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
2005 жылғы 18 қарашадағы
ХIХ-сессиясының N 194
шешіміне қосымша
"II-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
2001 жылғы 5 желтоқсандағы
ХIII-сессиясының
"Төлемдер мөлшерлемелерін
бекіту туралы" шешіміне N 2 қосымша
Тіркелген жиынтық салық
мөлшерлері
Салық салынатын |
Тіркелген жиынтық |
Ойын үстелі, |
|
ойын мекемесі өз өкілдері арқылы қатысады |
5176 |
ойын мекемесі өз өкілдері арқылы ұйымдастырушы және (немесе) байқаушы ретінде |
5176 |
Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы |
182 |
Тотализатор кассасы |
575 |
Букмекерлік кеңсе кассасы |
390 |
Ұтыс ақшасыз ойын автоматы |
140 |
Боулинг ойын жолы |
500 |
Карт |
115 |
Бильярд үстелі |
275 |
Лото ұйымдастырушы |
155 |
Айлық есептік көрсеткіш "ҚР "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.".
III-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
XIX-сессиясының төрағасы
III-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
хатшысы