II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХIII-сессиясының 2001 жылғы 5 желтоқсандағы "Төлемдер мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІХ сессиясының 2005 жылғы 18 қарашадағы N 194 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2005 жылғы 9 желтоқсанда N 681 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 2009.10.30 № 253 шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 2001 жылғы 12 маусымдағы 394 бабына сәйкес III сайланған Алматы қаласы Мәслихаты  ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХIII-сессиясының 2001 жылғы 5 желтоқсандағы "Төлемдер мөлшерлемелерін бекіту туралы"  шешімінің 2 қосымшасы (шешім Алматы қалалық Әділет басқармасында 2001 жылғы 19 желтоқсанда N 414 тіркелген, 2001 жылғы 15 желтоқсанда "Алматы Ақшамы" газетінде, 2001 жылғы 8 желтоқсанда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған, III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2004 жылғы 26 наурыздағы V-сессиясының N 39 шешімімен өзгерістер енгізілген, 2004 жылғы 2 сәуірде N 588 тіркелген, 2004 жылғы 8 сәуірде "Алматы Ақшамы" газетінде, 2001 жылғы 6 сәуірде "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) осы шешімнің қосымшасында берілген жаңа редакциясында жазылсын.

      2. III-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының V-сессиясының 2004 жылғы 26 наурыздағы N 39 "II-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХIII-сессиясында 2001 жылғы 5 желтоқсандағы "Төлемдер мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің күші жойылсын, (2004 жылғы 2 сәуірде N 588 болып тіркелген).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет бойынша тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е. Баедиловке жүктелсін.

       III-сайланған
      Алматы қаласы Мәслихатының
      XIX-сессиясының төрағасы          Қ. Шалабаев

      III-сайланған
      Алматы қаласы Мәслихатының
      хатшысы                          Т. Мұқашев

III-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
2005 жылғы 18 қарашадағы
ХIХ-сессиясының N 194
шешіміне қосымша

"II-сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының
2001 жылғы 5 желтоқсандағы
ХIII-сессиясының
"Төлемдер мөлшерлемелерін
бекіту туралы" шешіміне N 2 қосымша

Тіркелген жиынтық салық
мөлшерлері

Салық салынатын
объектінің атауы

Тіркелген жиынтық
салық ставкалары
бір жылғы айлық есептік
көрсеткішінің
мөлшерінде

Ойын үстелі,


ойын мекемесі өз өкілдері арқылы қатысады

5176

ойын мекемесі өз өкілдері  арқылы ұйымдастырушы және  (немесе) байқаушы ретінде
қатысады

5176

Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы

182

Тотализатор кассасы

575

Букмекерлік кеңсе кассасы

390

Ұтыс ақшасыз ойын автоматы 

140

Боулинг ойын жолы
(кегельбан)

500

Карт

115

Бильярд үстелі

275

Лото ұйымдастырушы

155

      Айлық есептік көрсеткіш "ҚР "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.".

       III-сайланған
      Алматы қаласы Мәслихатының
      XIX-сессиясының төрағасы

      III-сайланған
      Алматы қаласы Мәслихатының
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады