Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 332, 333, 337 және 338 бабының 1 тармағына сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласындағы жер салықтарының мөлшерлемелері бекітілсін:
Алматы қаласы бойынша (жерді аймақтарға бөлу жобасына сәйкес) N 1 қосымша;
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне, 1000 шаршы метрден асатындарға, N 2 қосымша;
автотұрақтар, жанармай құю бекеттері және базарлар орналасқан жер телімдері үшін, N 3 қосымша.
2. ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы кезектен тыс ХХІ-сессиясының "Алматы қаласындағы жер салығының төлемдерінің мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімнің (2002 жылғы 29 желтоқсанда N 503 тіркелген, "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) және ІІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы ІV-сессиясының "ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы кезектен тыс ХХІ-сессиясының "Алматы қаласындағы жер салығының төлемдерінің мөлшерлемелерін бекіту туралы" N 22 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (2003 жылғы 31 желтоқсанда N 575 тіркелген, "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім күшіне 2006-жылғы қаңтардың 1-інен кіреді.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (А.И.Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е.Баеділовке жүктелсін.
ІІІ сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының ХІХ-сессиясының
төрағасы Қ. Шалабаев
ІІІ-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
ІІІ-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
ХІХ-сессиясының
2005 жылғы 18 қыркүйектегі
N 193 шешіміне N 1 қосымша
Алматы қаласы бойынша жер салықтарының
мөлшерлемелері (жерді аймақтарға бөлу
жобасының (схемасының) негізінде)
(теңгемен)
Ең төменгі мөлшерлеме |
Ең жоғарғы мөлшерлеме |
|
Бір шаршы метр аумаққа |
28,95 |
43,42 |
ІІІ сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының ХІХ-сессиясының
төрағасы Қ. Шалабаев
ІІІ-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
ІІІ-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
ХІХ-сессиясының
2005 жылғы 18 қыркүйектегі
N 193 шешіміне№N 2 қосымша
1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі
жер учаскелеріне салынатын салық
мөлшерлемелері
1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерінің салық мөлшерлемелері |
Бір шаршы метрге 6 теңге |
ІІІ сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының ХІХ-сессиясының
төрағасы Қ. Шалабаев
ІІІ-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
ІІІ-сайланған
Алматы қаласы Мәслихатының
ХІХ-сессиясының
2005 жылғы 18 қыркүйектегі
N 193 шешіміне№N 3 қосымша
Аумақ үшін бөлінген елді- |
Автотұрақтар |
Жергілікті атқарушы органдар анықтаған орындарға сауда |
Барлық санаттағы авто |
|
Автокөлік иесіне орындар тұрақты бекітілген және белгіленген тариф бойынша көрсетілген қызметі үшін ай сайын төлем төленетін жер телімдерінде орналасушыларға (меншік, жерді тұрақты пайдалану бастапқы тегін уақытша жерді пайдалану, жалдық шарттармен уақытша пайдалану құқықтармен) және айыппұл автотұрақтарына |
Тәулік бойында 1 орында бірнеше машина қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық тариф, сондай-ақ айыппұл қолданылатын (жалдық шарттармен уақытша пайдалану құқықтарымен меншік, жерді тұрақты пайдалану бастапқы тегін уақытша жерді пайдалану) |
|||
базарлық |
2 есе |
10 есе |
10 есе |
10 есе |
Ескертпе: Автотұрақ басшылары көлік құралдарын жүргізушілермен жалданған телім үшін қайта есептеулер жүргізсін
ІІІ сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының ХІХ-сессиясының
төрағасы Қ. Шалабаев
ІІІ-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев