Алматы қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

IІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XХІІІ сессиясының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 29 желтоқсанда N 503 тіркелді. Күші жойылды - IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІХ сессиясының 2005 жылғы 18 қарашадағы N 193 шешімімен

      "Салықтар және бюджетке өзге міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің  333 бабының  1 тармағына,  337 бабының  1 тармағына,  338 бабының  1 тармағына және Алматы қаласының ұсынысына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алматы қаласының жерлерінің аудандастыру (сұлбалары) жобасының негізінде базалық салық мөлшерлемелерінің түзетілімі бекітілсін, N 1 қосымша.
      2. Үй төңірегіндегі жер телімдерінің базалық салық мөлшерлемелері бекітілсін, N 2 қосымша.
      3. Автотұрақ, автожанармай станциялары мен базалары үшін пайдаланылатын базалық салық мөлшерлемелері бекітілсін, N 3 қосымша.
      4. "Алматы қаласы   бойынша жер телімдерінің салықтық мөлшерлемелерін, алымдар мен төлемдерді бекіту туралы" ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 21 желтоқсандағы ХІV-сессиясы  шешімі  N 1, 2, 3 қосымшаларының күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы шешім күшіне 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және өндірісті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Шелипанов А.И.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Қ. Нұрпейісовке жүктелсін.

       ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты кезектен тыс
      ХIII-сессиясының
      төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының
      хатшысы

ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының
2002 жылғы 28 желтоқсандағы
кезектен тыс ХХІІІ-сессиясының шешіміне
N   1 қосымша

Алматы қаласының жерлерінің аудандастыру (сұлбалары)
жобасының негізінде базалық салық
мөлшерлемелерінің түзетілімі

       Ескерту: 1 қосымша өзгерді - ІІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 22   шешімімен .

  

Ең төменгі мөлшерлеме

Базалық мөлшерлеме

Ең жоғарғы мөлшерлеме

2003 жылы 40% көбейтіліп 10% шегеріліп теңгемен бекітілген жер салығының сараланған мөлшерлемесі

26,06

28,95

40,53

      
       ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты кезектен тыс
      ХIII-сессиясының
      төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының
      хатшысы

ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының
2002 жылғы 28 желтоқсандағы
кезектен тыс ХХІІІ-сессиясының шешіміне
N   2 қосымша

Үй төңірегіндегі жер телімдерінің базалық
салық мөлшерлемелері

       Ескерту: 1 қосымша өзгерді - ІІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 22   шешімімен .

      

  

Мың шаршы метрден асатын жер телімдері үшін

1000 шаршы метрден асатын жер телімдері салығының мөлшерлемесі

бір шаршы метр үшін 5,00 теңге

 
       ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты кезектен тыс
      ХIII-сессиясының
      төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының
      хатшысы

ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының
2002 жылғы 28 желтоқсандағы
кезектен тыс ХХІІІ-сессиясының шешіміне
N   3 қосымша

Автотұрақ, автожанармай станциялары мен базалары
үшін пайдаланылатын базалық салық
мөлшерлемелері
      

Аумақ үшін бөлінген
елді-мекендердің жерлері

 
 
Автотұрақтар

Жергілікті
атқарушы органдар анықтаған орындарға сауда нүктелері тікелей орналасты
рылған базарлар

Барлық санаттағы автожанар
май стансалары

  

Автокөлік иесіне орындар тұрақты бекітілген және белгіленген тариф бойынша көрсетілетін қызметі үшін ай сайын төлем төленетін жер телімдерінде орналасушыларға (меншік, жерді тұрақты пайдалану бастапқы тегін уақытша жерді пайдалану, жылдық шарттармен уақытша пайдалану құқықтарымен)

Тәулік бойында 1 орында бірнеше машина қойылатын және тәуліктік немесе сағаттық тариф, сондай-ақ айыппұл қолданылатын (жылдық шарттармен уақытша пайдалану құқықтарымен меншік, жерді  тұрақты пайдалану бастапқы тегін уақытша жерді пайдалану)

базалық мөлшерлемелерді көбейту көлемі

2 есе

10 есе

10 есе

10 есе

 
      Ескертпе: автотұрақ басшылары көлік құралдар жүргізушілермен жалданған телім үшін есеп айырыссын, Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, І және ІІ топтағы мүгедектерге тиесілі көлікті қою үшін жер телімін тегін беру ұсынылсын.
       

       ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты кезектен тыс
      ХIII-сессиясының
      төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады