Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi N 477 Орман кодексiнiң 15 бабын орындау үшiн облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыс ормандарын 2005 жылғы қосымша берiлген Жоспарға сай қорғау бойынша өртке қарсы iс-шаралар жүргiзiлсiн.
2. Аудан әкiмдерi өрт қаупi кезеңiнде меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарға, мекемелерге:
облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментiнiң келiсiмiнсiз ормандарда мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзуге;
орманның алаңқай жерлерiнде, шалғын, пiшендiк жер мен жайылымдарда шөптердi өртеуге (соның iшiнде ауылшаруашылық аптабын жүргiзуге);
ормандағы жұмыстарда тұтандырғыш жүйесiнде ақаулықтары бар және ұшқын сөндiргiшi жоқ автомобильдердi және басқа механизмдердi пайдалануға тыйым салынсын.
3. Бiлiм департаментi оқушылар мен студенттер арасында ормандағы өрт қауiпсiздiгi шараларын сақтау туралы түсiндiру жұмыстарын ұдайы жүргiзсiн.
4. Облыстың жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары департаментi автомобиль жолдары жиегiндегi минералдандырылған алқаптарды таза жағдайда ұстасын.
5. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiк инфрақұрылымын дамыту комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облыстық басқармасына (келiсiм бойынша) автомобиль жолдары жиегiндегi тосқауыл және қорғаныш алқаптарын тиiстi өртке қарсы жағдайда ұстау ұсынылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В.Развинге жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмдiгiнiң
2005 жылғы 27 сәуiрдегi
N 128 қаулысына қосымша
2005 жылғы облыс ормандарын қорғау бойынша
өртке қарсы iс-шаралар жоспары
Іс-шаралар | Жауаптылар | Орындалу мерзiмi |
---|---|---|
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма және төтенше жағдайлар және жұмылдыруға дайындық басқармасымен орман өрттерiмен күресуге арналған күштерiн өзара әрекеттеу жоспарын әзiрлеу және келiсу. |
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi |
1 мамырға дейiн |
2. Өрт - химиялық стансаны, өртке қарсы жасақтарды, қажеттi қызметкерлерiмен тiрек бекетiн, өртке қарсы керек-жарақтарымен және техникамен жабдықтау. Орман өрттерiн табу және сөндiру бойынша құралдарды толығымен дайындау. |
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi |
1 мамырға дейiн |
3. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауiпсiздiгi тәртiбiн бұзған кiнәлiлердiң жауапкершiлiк шараларын түсiндiрiп орман өртiнiң алдын алу бойынша кеңiнен түсiндiру жұмыстарын ұйымдастыру. |
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi |
Үнемi |
4. Өрт қауiпi кезеңiнде мемлекеттiк орман қорғауды, сондай-ақ мекеменiң техникалық құралдарын (автомобильдердi, тракторларды, бульдозерлердi) орман қорғауға байланысты емес жұмыстарға пайдалануға тыйым салу. |
Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi |
1 мамырдан бастап өрт қауiпi кезеңiнiң аяқталуына дейiн |
5. Меншiк түрiне байланыссыз ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен мекемелердiң көлiктiк техникаларын орман және дала өртiн жоюға тарту механизмiн, аудандық өрт сөндiру жоспарларын әзiрлеу және бекiту. Тез әсер ету жасағына аудандық байқау жүргiзу. |
Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi |
1 мамырға дейiн |
6. Тез әсер ету жасағына байқау жүргiзу мерзiмi бекiтiлсiн және кестесi құрылсын. |
Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi |
1 мамырға дейiн |
7. Жоғарғы өрт қауiпi кезеңiнде техникалардың кiруiне тыйым салу және орман ескерткiштерi мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына, қылқанды орманға заңды және жеке тұлғалардың баруын шектеу, кiретiн жерлерге уақытша бiрiккен жол полициясы мен мемлекеттiк орман қорғау бекетiн қою. |
Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi, Ішкi iстер басқармасы, Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi |
1 мамырдан 7 мамырға дейiн, 7 мамырдан 11 мамырға дейiнгi кезең |
8. Жоғары өрт қауiпi кезеңiнде мемлекеттiк орман қоры аумағында жеке және заңды тұлғалардың орманды пайдалану құқығы тоқтатылып орманға кiруге тыйым салу. |
Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi, Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi |
үнемi |
9. Шаруашылық қожалықтары мен ауыл шаруашылық ұйымдарының мемлекеттiк орман қорына жақын ауыл шаруашылық алқаптарында, жайылымдарда, пiшендiктерде және жарамсыз алқаптарда астық, өсiмдiктер және басқа да қалдықтарды өртеу жұмыстарын бақылауды қамтамасыз ету. |
Ауыл шаруашылық департаментi, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi, аудан әкiмдерi |
үнемi |
10. Қылқан жапырақты орман шетiнен немесе жеке өсiп тұрған қылқан жапырақты ағаштар мен талдардан кемiнде 50 метр, жапырақты орман шетiнен және жеке өсiп тұрған жапырақты ағаштардан кемiнде 25 метр қашықтықта сабанды өртеуге тыйым салу. |
Ауыл шаруашылық департаментi, СҚО табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi, аудан әкiмдерi |
үнемi |
11. "Қоршаған ортаға орман өртiнiң әсер етуi" тақырыбына жалпы мектеп жиналысы, сынып сағаттар, азаматтар жиылымының кестесiн әзiрлеу және бекiту. |
Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi, бiлiм беру және ауыл шаруашылық департаменттерi |
кесте бойынша |
12. Орман және дала өртi қамтыған аумақтарда халықты эвакуациялау мүмкiндiгi мәселелерiн меңгеру. |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы |
кесте бойынша |
13. Мемлекеттiк орман қоры жерлерiнде орналасқан балаларды сауықтыру лагерi, туристiк базалар мен елдi мекен аумақтарының өртке қарсы жағдайын тексерудi ұдайы жүргiзу. |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармасы |
1 мамырға қарай |
14. Көктем-егiстiк жұмыстарын дайындау және өткiзу бойынша аудандық кеңестерде облыс ормандарын сақтау мәселелерiн қарастыру. |
Петропавл қаласы және аудан әкiмдерi, ауыл шаруашылық департаментi, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті |
өткізу шамасы бойынша |