Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңы 27 бабы 1 тармағы 14-1) тармақшасына, "Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қолайлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N361 Заңы 19 бабы 2 тармағы 1) тармақшасына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2005 жылдың 30 сәуiрiнен 30 шiлдесiне дейiн облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлық өткiзiлсiн (iлгерiде - үшайлық).
2. Қоса берiлгендер бекiтiлсiн:
үшайлық қорытындыларын шығару жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы;
үшайлықты өткiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспары;
үшайлықтың қорытындыларын шығару ережелерi.
3. Петропавл қаласы мен аудандар, ауылдық округтердiң әкiмдерi үшайлықты өткiзу жөнiндегi тиiстi iс-шараларды әзiрлесiн.
4. Ішкi саясат департаментi үшайлықтың өткiзу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.В.Развинге жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
5 мамырдағы N 133 қаулысымен
бекiтiлдi
Облыстың елдi мекендерiн санитарлық
тазарту және көркейту жөнiндегi үшайлықтың
қорытындысын шығару ережелерi
Үшайлықтың қорытындысы аудандық және қалалық комиссиялармен әрбiр елдi мекен және жалпы аудан бойынша ай сайын шығарылады, қорытындысы комиссия төрағасы орынбасарының атына әрбiр айдың бесiншi күнiне дейiн түсу керек.
Облыстық комиссия ай сайын, атқарылған жұмыс туралы қалалық және аудандық комиссиялар ұсынған есептi қарайды, ішiнара тексерулердi ұйымдастырады және елдi мекендердi санитарлық тазарту мен көркейту жөнiндегi үшайлықты өткiзудiң ақырғы қорытындысын ұйымдастырады.
Бағалау 5 баллдық жүйе бойынша, келесi көрсеткiштерден орта балл шығарыла отырылып жүргiзiледi:
1. Аудандардың, қалалардың және ауылдық округтардың шекараларын, елдi мекендерге кiру жолдарын (елдi мекен немесе кiру белгiсi көрсеткішінiң барлығы, жанасқан аумақтардың жайластырылуы) ресiмдеу.
2. Жеке үй құрылыстарының жағдайы (қасбеттер, иелiктегi үй аумағының қоршауы мен санитарлық жағдайы, ең жақсы аулаларға, үйлерге байқау өткiзiле ме жоқ па)
3. Қоғамдық үйлердiң, әлеуметтiк сала және сауда объектiлерiнiң, спорттық ғимараттардың: қасбеттерi, қоршауы, көгалдандырылуы, жанасқан аумақтардың санитарлық жағдайы, шағын базарлардың, автомобильге жанар-жағармай құю станциясы, автобус аялдамаларының, жарнама жазуларының жағдайы.
4. Өндiрiстiк сектордың: мал фермалары, қырмандар, дәрiлеу алаңдары, минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттардың қоймалары (қасбеттерi, қоршауы, көгалдандырылуы, жанасқан аумақтардың санитарлық жағдайы) жағдайы.
5. Жолдар мен тротуарлардың, жаяу жолдардың, елдi мекендердегi су өткiзілудiң ұсталуы.
6. Коммуналдық меншiктегi бiтпеген құрылыс объектiлерiнiң бұзылудан сақталуы және қираған ғимараттарды бұзып алу.
7. Естелiк жерлердi, ескерткiштер мен қоғамдық жерлеу орындарын жөндеу және ұстау.
8. Стадиондарды, сәулет ескерткiштерiн жөндеу.
9. Сумен жабдықтау (су арын мұнарасының санитарлық-гигиеналық жағдайы, су тарату колонкаларының түзеулiгi, олардың айналасының көтерiңкi болуы, құдықтардың санитарлық-техникалық жағдайы, олардың жаңа құрылысы).
10. Елдi мекен тұрғындарының бұлақтарды, арналарды, өзен мен көлдердiң жағаларын, ормандарды, ағаш көшiндiлердi, ауыл маңындағы тоғайларды тазалауға қатысулары.
11. Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетiн жерлердiң, қи қоймаларының жағдайы.
12. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң тамақтық өнеркәсiп нысаналарының, қоғамдық тамақтану кәсiпорындарының, сауданың көктемгi-жазғы кезеңiндегi жұмысқа дайындығына оң қорытындысы. Облыстық комиссия ауданды, аудандық орталық, ауылдық округтар және елдi мекендер бойынша жинаған балл есебiмен бағалайды.
Баллды үстеп санау әрбiр бағыт бойынша орындалған жұмыстың көлемi мен сапасына байланысты жүзеге асырылады:
100 % орындалған жұмыс көлемi үшiн 5 балл
75%-тен 99%-ке дейiн 4 балл
50%-тен 74%-ке дейiн 3 балл
25%-тен 49%-ке дейiн 2 балл
25%-ке дейiн 1 балл
Жамбыл және Уәлиханов аудандары үшiн қорытынды шығарғанда алған балға көгалдандыру, сумен жабдықтау объектiлерiнiң дайындығы бағыттары бойынша 1,02 коэффициентi қолданылсын.
Жеңiмпаз әрбiр айдың қорытындысы бойынша айқындалады.
Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
5 мамырдағы N 133 қаулысымен
бекiтiлдi
Облыстың елдi мекендерiн санитарлық
тазарту және көркейту бойынша үшайлықты
өткiзу жөнiндегi iс-шаралардың жоспары
1. Елдi мекендердiң көшелерiн, тұрғын үйлердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың жанындағы және орамындағы жерлерiн, қыстан қалған қалдықтарын тазалау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
Түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары.
2. Үй құрылыстарының қоғамдық, өндiрiстiк үйлердiң қасбеттерiн, тұрғын үйлердiң, кәсiпорындар және ұйымдардың қоршаулары мен аулаларын тәртiпке келтiру үшiн қажеттi шаралар қабылдасын.
Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
Түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары.
3. Сумен қамтамасыз ету және суды бөлу объектiлерiнiң санитарлық - гигиеналық жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар кешенiн өткiзсiн, оларды тиiстi жағдайға жеткiзсiн (су құбыры мен канализациялардың тазарту ғимараттары, насостық станциялар, су қорының резервуарлары, су арын мұнаралары, жер астынан су алатын жерлер, құдықтар, су колонкалар).
Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
"Есiл су" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны (келiсiм бойынша).
"Петропавл су" ашық акционерлiк қоғам.
4. Коммуналдық меншiкте тұрған, келешекте пайдалану үшiн жарамсыз және бос үйлердiң бұзылуын, одан кейiн олардың бөлiнген орынға шығарылуын қамтамасыз етсiн. Коммуналдық меншiкте тұрған, аяқталмаған құрылыс объектiлерiн аумақтардан шығару бойынша жұмысты жүргiзсiн.
Петропавл қаласының, аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
Кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары.
5. Тұрмыстық қатты қалдықтар төгетiн жерлердi, қи қоймаларды,мал қабiрлерiн тиiстi санитарлық жағдайға келтiрсiн. Жасырын жиналған қоқыс орындарын жойсын. Төгетiн жерлерге бiрiншi және екiншi сыныпты қауiптi қалдықтарды шығаруға жол бермесiн .
Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
6. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша жұмысты ұйымдастырсын.
Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
7. Елдi мекендердi көгалдандыру, ағаш алаңдарын, гүл алаңдарын, гүлзарларды бөлу, демалыс орындарын жайластыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырсын. Облыс аумағындағы қоғамдық пайдалану орындарындағы ескi жасыл егiндiлер учаскелерiн ұлғайту бойынша iс-шараларды белсендiрсiн.
Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
8. Аудандардың қалалардың және ауылдық округтардың шекараларын, елдi мекендерге кiрер жолдарды ресiмдесiн және жанасып жатқан аумақтарды жайластырсын.
Петропавл қаласының, аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
Үшайлық бойы.
9. Мал фермаларын, шеберханаларды, қырмандарды, дәрiлеу алаңдарын, минералдық тыңайтқыштар мен улы химикаттар қоймаларын, қоғамдық көлiктi, автобус аялдамаларын, автотұрақтарды, автомобильге құю станциясы, техникалық қызмет көрсету станциясы, шина құрастыру шеберханаларын, шағын базарларды, тамақ өнеркәсiп кәсiпорындарын, сауда, қоғамдық тамақтану орындарын тиiстi санитарлық жағдайға келтiру жөнiндегi жұмысты жүргiзсiн.
Петропавл қаласының,аудандардың, ауылдық округтардың әкiмi.
Кәсiпорындардың және ұйымдардың басшылары.
Облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы
5 мамырдағы N 133 қаулысымен
бекiтiлдi
Облыстың елдi мекендерiн санитарлық тазарту
және көркейту жөнiндегi үшайлықтың қорытындысын
шығару жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы
Развин |
- облыс әкiмiнiң орынбасары |
Назмутдинов |
- Солтүстiк Қазақстан облысы |
Комиссия мүшелерi: |
|
Дмитриенко |
- Солтүстiк Қазақстан облысы |
Сыздықов |
- Солтүстiк Қазақстан облысы |
Чжен |
- Солтүстiк Қазақстан облысы |
Исенеев |
- Солтүстiк Қазақстан облысы |
Кенжеғозин |
- Қазақстан Республикасы Қоршаған |
Мұсабаев |
- Қазақстан Республикасы Төтенше |
Жанкин |
- Қазақстан Республикасы Көлiк |
Глова |
- Петропавл қаласы әкiмiнiң |
Перепечина |
- Солтүстiк Қазақстан облысы қаржы |
Әбiлқайыров |
- Солтүстiк Қазақстан облысы - |
Иванищев |
- Солтүстiк Қазақстан облысы |