Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 заңы 27 бабы 1 тармағына 18) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы 23-1 бабы 2) және 4) тармақшаларына сәйкес, ауылда спорт және дене шынықтыруды дамыту үшiн облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2006 жылы Оныншы облыстық халық спорт ойындары (iлгерiде - Ойындар) келесi кесте бойынша өткiзiлсiн:
16-19 ақпан аралығында Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында "Север" қысқы спорт мерекесi;
22-25 маусым аралығында Петропавл қаласында "Надежда" облыстық мүгедектер спартакиадасы;
6-9 шiлде аралығында Тимирязев ауданы Тимирязев селосында "Ақ бидай"жазғы спорт мерекесi;
3-6 тамыз аралығында Жамбыл ауданы Пресновка селосында Ұлттық спорт түрлерiнен облыстық спартакиада.
2. Ойындарға дайындық жүргiзу және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Солтүстiк Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Ойындарының жарыстарды қолданыстағы регламентке сәйкес өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Аудандар әкiмi спортшыларды сапалы таңдау мақсатында Ойындар бағдарламасына енген спорт түрлерi бойынша аудандық жарыстар өткiзсiн және облыстық жарыстарға аудан құрама командаларының қатысуын қамтамасыз етсiн.
5. Петропавл қаласы, Жамбыл, Тимирязев және Шал ақын аудандарының әкiмi Ойындарды өткiзу орындарын дайындауды, қатысушыларды, өкiмдердi және төрешiлердi тамақтандыру мен орналастыруда қамтамасыз етсiн.
6. Денсаулық сақтау департаментi Ойындарды өткiзу кестесiне сәйкес оларды медициналық қызметiнен қамтамасыз етсiн.
7. Солтүстiк Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы Ойындардың салтанатты ашылуы мен жабылуын өткiзу бағдарламасын дайындасын.
8. Ішкi iстер департаментi ойындар өткiзiлетiн, спортшылар, өкiлдер және төрешiлер орналасатын орындарда қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етсiн.
9. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментi ойындар өткiзiлетiн орындарда санитарлық-гигиеналық бақылауды қамтамасыз етсiн.
10. Ішкi саясат департаментi ойындардың өткiзiлуiн бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн.
11. Қаржы департаментi бекiтiлген күнтiзбелiк жоспарға сәйкес көзделген жоспарлы ассигнациялар көлемiнде Ойындарды дер кезiнде қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
12. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Е.Нұрақаевқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Облыс әкiмдiгiнiң
2006 жылғы 30 желтоқсандағы
N 325 қаулысына қосымша
2006 жылғы Халық спортының оныншы облыстық
ойындарын дайындау және өткiзу жөнiнде ұйымдастыру
комитетiнiң құрамы
Нұрақаев |
облыс әкiмiнiң орынбасары ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы |
Дайыров |
дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Төрағаның орынбасары |
Комитет мүшелерi: |
|
Әбiлқайыров |
ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы |
Бикенев |
мәдениет басқармасының бастығы |
Воронцова |
денсаулықты сақтау департаментiнiң бастығы |
Ескендiров |
Жамбыл ауданының әкiмi |
Зiкiриянов |
Тимирязев ауданының әкiмi |
Есенев |
мемлекеттiк санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау департаментiнiң бастығы |
Колода |
Шал ақын ауданының әкiмi |
Құбаш |
iшкi саясат департаментiнiң бастығы |
Құлжанова |
Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасары |
Перепечина |
қаржы департаментiнiң бастығы |
Рыскелдинов |
экономика департаментiнiң бастығы |
Тоқсанбаев |
iшкi iстер департаментi бастығының орынбасары |