Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге және оларға теңестiрiлген тұлғаларға берiлетiн жеңiлдiктер және әлеуметтiк қорғау туралы" N 2247 Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-ІІ Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы "2005 жылға арналған Петропавл қаласының бюджетi туралы" кезектi он бiрiншi сессиясының N 2 шешiмiнiң негiзiнде, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлген "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60-жыл" мерекелiк медалiмен марапатталған соғыс ардагерлерi мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
2. Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi (Н.Н.Кушталова) әлеуметтiк көмектiң тағайындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Петропавл қалалық қаржы бөлiмi (Г.И.Дорофеева) қала бюджетiмен бекiтiлiп бөлiнген қаражат шегiнде әлеуметтiк көмектiң қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.
Қала әкiмi
Қала әкiмiнiң
2005 жылғы 5 сәуірдегі N 4
қаулысымен бекiтiлген
"1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60-жыл" мерекелiк медалiмен марапатталған соғыс ардагерлерi мен
соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерiне бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсету Ережелерi
1. Осы Ережелер "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерекелiк медалiмен марапатталған соғыс ардагерлерi мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлерiне бiржолғы әлеуметтiк көмектiң тағайындау және төлеу тәртiбiн айқындайды.
2. Бiржолғы көмек алуға, Петропавл қаласында тұратын "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерейтойлық медалiмен марапатталған, Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген тәртiппен арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алушы азаматтардың құқығы бар.
3. Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың Солтүстiк Қазақстан филиалы берген арнайы мемлекеттiк жәрдемақы алушылар туралы мәлiметтер базасы негiзiнде, басқа алатын көмектерiнiң түрiне қарамастан, қала бюджетiнде алдын ала қарастырылған сомалар шегiнде, бiржолғы әлеуметтiк көмек тағайындалуы, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi арқылы жүзеге асырылады.
4. Әлеуметтiк көмектiң мөлшерi екi мың теңге сомада, материалдық қолдау көрсету жөнiндегi қосымша шара ретiнде белгiленедi.
5. Бiржолғы әлеуметтiк көмектi төлеу, заңнамада белгiленген тәртiппен келiсiм-шарт жасалған екiншi деңгейдегi банкiлер арқылы, алушылардың ашылған жеке шоттарына сомаларды аудару үшiн, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң берген ведомосiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
6. "1941-1945 ж.ж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл" мерейтойлық медалiмен марапатталған тұлғаларға көрсетiлетiн бiржолғы әлеуметтiк көмектi қаржыландыру "Жергiлiктi органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтiк көмек" 007-000 функционалдық жiктеу коды бойынша жүргiзiледi.