Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 22.06.2018 № 874 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 9 наурыздағы "Кәмелеттiк жастағы iс-әрекетке қабiлеттi, iс-әрекетке қабiлеттерi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневрологиялық интернат-үйiнде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгiлеу Кеңесi туралы Ереженi бекiту туралы" (2005 жылы 13 мамырдағы N 19 "Добрый вечер" газетi; 2005 жылы 13.04. мемлекеттiк тiркеу нөмiрi N 1575) N 163 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Кәмелеттiк жастағы iс-әрекетке қабiлеттi, iс-әрекетке қабiлеттерi шектеулi азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневрологиялық интернат-үйiнде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгiлеу Кеңесi туралы Ережеде:
22 тармақтағы "ардагерлермен және мүгедектермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi" сөздер "құқық және ұйымдастыру-кадр жұмысы" сөздерiмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкiмiнiң орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсiн.
Қала әкiмi |