ҚР Атырау облысы әділет департаментінің
2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан
үзінді:
Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
Қосымша 1 бетте.
АОӘД бастығы
Қосымша:
...
6) Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 152 "Облыс әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N 251 "Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкілетті орган туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 16 мамырда N 2422 тіркелді)
...
Облыс әкімиятының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы N№245 "Атырау облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді
:
Облыс әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N№251 "Облыстық ауыл
шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкілетті орган туралы"
қаулысына
келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" сөздері "Атырау облысы Ауыл шаруашылығы департаменті" сөздерімен ауыстырылсын.
Облыс әкімі