Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкiлеттi орган туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N 251 қаулысы. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 5 қарашада N 1186 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 3-2185/06 хатына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жатпайды.

      ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамырдағы 3-2185/06 хатынан үзінді:
Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 2 бетте
      АОӘД бастығы
Қосымша: 5) Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N 251 "Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкiлеттi орган туралы" шешімі (Атырау облыстық әділет департаментінде 2002 жылғы 5 қарашада N 1186 тіркелді).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67-1 "Банкроттық туралы" Заңына cәйкес және ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау iс жосығын өткiзу мақсатында, облыстық әкiмият қаулы етедi:

      1. Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкiлеттi орган болып, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы департаменті анықталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 28.04.2005 N 152 қаулысымен.
      2. Атырау облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 16 сәуiрдегi N 80-ө "Облыстық дәулетсiз ауыл шаруашылығы ұйымдарын жою және банкроттау iс жосығы жөнiндегi уәкiлеттi орган туралы" өкiмiнiң күші жойылған деп есептелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ. Ищановқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады