Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкiмдігінің 2011.10.04 N 288 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53-бабына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N№84 "Облысқа айрықша сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту туралы" қаулысына (Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 28 ақпанда N№806 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 2-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы қаулымен бекітілген
тәртіпке сәйкес әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін";
қаулының 3-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
бүкіл мәтін бойынша "еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органдары»және еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті" деген сөздер "жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"облыстық қаржы басқармасы", "облыстық бюджетте", "облыс бойынша" деген сөздер "жергілікті қаржы органдары", "жергілікті бюджетте", "қала, аудан бойынша"»деген сөздермен ауыстырылсын;"
11-тармақ алынып тасталсын;
13-тармақтағы "өтінімі бойынша" деген сөздер "қаржыландыру жоспары негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 23 мамырдағы № 178 "Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 84 "Облысқа айрықша сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тәртібін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Б. Рысқалиевқа жүктелсін.
Облыс әкімі