Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы

Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 257 қаулысы. Атырау облыстық әділет Департаментінде 2005 жылғы 7 қазанда N 2445 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен

     Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" қаулысын басшылыққа алып және миссионерлік қызметпен айналысатын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу Нұсқауы бекітілсін.
      2. Атырау облысы Ішкі саясат департаменті Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қоса беріліп отырған Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы куәлік бланкісінің нысаны бекітілсін.
      4. Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі бір жыл болып белгіленсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсін.
 
 

      Облыс әкімі


Облыс әкімиятының
2005 жылғы 15 қыркүйектегі
N 257 қаулысымен бекітілген

Атырау облысы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу НҰСҚАУЫ
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 "Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудің жекелеген мәселелері" қаулысына сәйкес әзірленді.
      2. Атырау облысына заңда белгіленген тәртіппен миссионерлік қызметті (бұдан әрі - Миссионерлік қызмет) жүзеге асыру үшін келген шетелдік азаматтардың барлығы есептік тіркеуге жатады.
      3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді Атырау облысы Ішкі саясат департаменті (бұдан әрі уәкілетті орган) жүргізеді.
 

2. Есептік тіркеудің тәртібі

      4. Есепке тіркеу үшін шетелдік азаматтар төлқұжаты тіркелген сәттен бастап үш тәулік ішінде уәкілетті органға мынадай құжаттар мен материалдарды:
      1) діни нанымға тиесілігін, миссионерлік қызметтің аумағы мен мерзімін көрсете отырып, өтінішті;
      2) миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығына діни ұйым берген сенімхаттың немесе өзге де құжаттың көшірмесін;
      3) миссионер мүддесін білдіретін діни ұйым өз елінің заңнамасына сәйкес ресми тіркелгендігін куәландыратын тіркеу туралы куәліктің немесе өзге де құжаттың көшірмесін;
      4) Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымның шақыруын;
      5) миссионерлік қызметке арналған әдебиетті, аудио, бейне материалдарын және (немесе) өзге де діни мақсаттағы заттарды ұсынады.
      5. Көрсетілген құжаттарды ұсыну кезінде өтініш беруші белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді.
      6. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу құжат берілген күннен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
      7. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес болған жағдайда, уәкілетті орган миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеу туралы тиісті шешім шығарады және миссионерлік қызметпен айналысуға куәлік береді.
      8. Куәлікте тіркеу нөмірі, берілген күні, миссионердің тегі мен аты, діни бірлестікке тиесілілігі және қызметінің мерзімі көрсетіледі.
      9. Миссионерлік қызметтің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келсе есептік тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
      10. Күмәнді мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылғаны анықталса, сондай-ақ миссионерлік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келген жағдайда, шетелдік азамат есептік тіркеуден айырылуы мүмкін.
 


Облыс әкімиятының
2005 жылғы 15 қыркүйектегі
N 257 қаулысымен бекітілген

Атырау облысында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетел азаматын есептік тіркеу туралы
 

      Куәлік № ________________
      ________________________________________________
(миссионердің аты-жөні, әкесінің аты)
 
      _____________________________________________________
(діни сенімі, діни бірлестікке тиістілі)
_____________________________________________________
(өз қызметтің жүзеге асыратын аумағының шегі)
Осы куәлік 200 ___ жылдың _________________ дейін жарамды.
(күні жүретін мерзімі)
      Ескерту: Осы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанда, миссионер оның мерзімін заңнамада белгіленген тәртіппен ұзартуға міндетті немесе облыс аумағынан кетуі тиіс, олай болмаған жағдайда, ол заңнамада белгіленген тәртіппен облыс аумағынан шығарылып жіберіледі.
      Атырау облысы Ішкі саясат
департаментінің директоры ___________________ (А.Ж.Т.)
қаласы «__» ___________________ 200 _ ж.
(берілген уақыты)
 

Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области

Постановление Атырауского областного акимата от 15 сентября 2005 года N 257. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 7 октября 2005 года N 2445. Утратило силу - постановлением Атырауского областного акимата от 27 марта 2009 года N 62

     Сноска. Утратило силу постановлением Атырауского областного акимата от 2009.03.27. N 62
      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 15 января 1992 года "О свободе вероисповедания и религиозных объединениях", в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года N 136 "Отдельные вопросы правового регулирования пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан" и в целях обеспечения учетной регистрации иностранных граждан, занимающихся миссионерской деятельностью, акимат области постановляет :
      1. Утвердить прилагаемые Инструкцию учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области.
      2. Определить Департамент внутренней политики Атырауской области уполномоченным органом по осуществлению учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области.
      3. Утвердить прилагаемую форму бланка свидетельства об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области.
      4. Установить срок действия свидетельства об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области - один год.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Мурсалиеву Т.К. - заместителя акима области.

      Аким области

  Утверждены
постановлением акимата области
от 15 сентября 2005 года N 257

Инструкция учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность на территории Атырауской области
1. Общие положения

      1. Настоящие Инструкция разработана в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 января 2000 года 136 "Отдельные вопросы правового регулирования пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан".
      2. Учетной регистрации подлежат все иностранные граждане, прибывшие в Атыраускую область в установленном законом порядке для осуществления миссионерской деятельности (далее - Миссионерская деятельность).
      3. Учетная регистрация иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность, производится Департаментом внутренней политики Атырауской области (далее - уполномоченный орган).

2. Порядок учетной регистрации

      4. Для учетной регистрации иностранные граждане представляют в уполномоченный орган в течение трех суток с момента регистрации паспорта следующие документы и материалы:
      1) заявление с указанием вероисповедной принадлежности, территории и срока миссионерской деятельности;
      2) копию доверенности или иного документа, выданного религиозной организацией на право осуществления миссионерской деятельности;
      3) копию свидетельства о регистрации или иного документа, удостоверяющего, что религиозная организация, которую представляет миссионер, является официально зарегистрированной в соответствии с законодательством своей страны;
      4) вызов религиозной организации, зарегистрированной в Республике Казахстан;
      5) литературу, аудио, видео, материалы и (или) иные предметы религиозного назначения, предназначенные для миссионерской деятельности.
      5. При представлении указанных документов заявитель предъявляет паспорт, зарегистрированный в установленном порядке.
      6. Учетная регистрация иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность, производится в срок, не превышающий семи суток со дня подачи документов.
      7. В случае соответствия представленных документов действующему законодательству Республики Казахстан и настоящим Правилам, уполномоченный орган выносит соответствующее решение об учетной регистрации иностранного гражданина, осуществляющего миссионерскую деятельность, и выдает свидетельство на занятие миссионерской деятельностью.
      8. Свидетельство содержит регистрационный номер, дату выдачи, фамилию и имя миссионера, принадлежность к религиозному объединению и срок деятельности.
      9. В учетной регистрации может быть отказано, если предмет и цели миссионерской деятельности противоречат действующему законодательству Республики Казахстан.
      10. Иностранный гражданин может быть лишен учетной регистрации, если будет установлено, что были представлены документы, содержащие недостоверные сведения, а также в случае противоречия миссионерской деятельности законодательству Республики Казахстан.