Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының 2009.10.16 N 15/209-IV шешімімен.
2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының 1991 жылғы 13 ақпандағы Заңының 44-бабына, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы N 430-2 Заңының 51-бабына , сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Қоса ұсынылып отырған Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері (бұдан әрі - Ережелер) бекітілсін.
2.
"Біржолғы әлеуметтік көмек туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2004 жылғы 3 шілдедегі N 6/79-ІІІ шешімінің (тіркеу нөмірі 1884, N 77-78 "Дидар", N 110 "Рудный Алтай" газеттерінде 2004 жылғы 22 шілдеде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Шығыс Қазақстан облыстық |
Шығыс Қазақстан облысы |
Отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін , "Қазақстан Республикасындағы ауыл (село) мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы" Қазақ Совет Социалистік Республикасының Заңын, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындауда әзірленді.
2. Ауылды (селолық) жерлерде тұрып жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамту, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерінің мамандарына, денсаулық сақтаудың мемлекеттік саласы мекемелерінің селолық жерлерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін денсаулық сақтаудың мемлекеттік саласы мекемелерінің медициналық және фармацевт қызметкерлеріне (бұдан әрі қарай - әлеуметтік саладағы мамандарға) отын сатып алуға (бұдан әрі қарай - әлеуметтік көмек) біржолғы ақшалай төлем жылына бір рет тағайындалып төленеді.
Әлеуметтік көмек жыл сайын біржолғы ақшалай төлем түрінде 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
3. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемнің заңсыз төленген сомасы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардың есебінен қалпына келтірілуіне жатады.
2. Тағайындалу тәртібі
4. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемдер жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органына тапсырылатын құжаттардың негізінде тағайындалады:
1) біржолғы ақшалай төлемді тағайындау туралы өтініш;
2) ақшалай төлемді алушы салымдар бойынша банкіде немесе "Қазпошта" АҚ-ның филиалдарында ашуға міндетті жеке шоттың нөмірі;
3) атқаратын лауазымы жөніндегі мекемеден анықтама;
4) тұрғылықты жерді растау туралы анықтама.
5. Осы Ережелердің іс-әрекеті таратылатын екі және одан да көп адамдар бірге тұрғанда біржолғы ақшалай төлемдер әлеуметтік саладағы мамандардың әр қайсысына беріледі.
3. Қаржыландыру және төлеу тәртібі
6. Әлеуметтік саладағы мамандарға ақшалай төлемдерді қаржыландыру тиісті жылы осы мақсаттарға көзделген жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.
4. Есепті, бақылауды және есеп беруді жүргізу тәртібі
7. Біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу жөніндегі есепті, бақылауды және есеп беруді жүргізу жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау органына жүктеледі.