Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.
" Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы", " Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде, мемлекеттің тегін көмегін қажет ететін онкологиялық науқастарды паллиативті көмекпен қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Денсаулық сақтау департаменті (К.Б. Андағұлов):
1) Өскемен және Семей қалаларындағы онкологиялық диспансерлерде паллиативті (хоспистік) бөлімшелер ашып, толық бюджеттік қаржыландыратындай аудандық орталық ауруханаларда паллиативті көмек көрсетудің жеке палаталарын бөлу үшін ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) Өскемен және Семей қалаларында паллиативті (хоспистік) көмек көрсету бөлімшелеріндегі 20 төсек-орынды 2006 жылы қаржыландыруға қаражаттар қарастырсын.
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері паллиативті көмекті қажет ететін тұрмысы нашар науқастардың есебін жүргізуді ұйымдастырсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.В. Гречухинге жүктелсін.
Облыс әкімі