Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 26.08.2024 № 389 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасың іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 149 қаулысын орындау үшін және Глубокое ауданында кәсіпкерлік бастамасын және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 4) - тармақшасының негізінде Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ;
1. Глубокое ауданы бойынша жыл сайын "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері" конкурсын еткізу белгіленсін.
2. Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері" конкурсын өткізу және жеңімпаздарын анықтау жөніндегі қоса беріліп отырған жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
3. Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкөрлері" конкурсын өткізу туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.В.Лаптевке жүктелсін.
Глубокое аудандық әкімдігінің 2005 жылғы "22 " қараша № 1392 қаулысымен бекітілді |
Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері" конкурсын өткізу және жеңімпаздарын анықтау жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Лаптев Владимир Васильевич | - Глубокое ауданы әкімінің орынбасары, топ басшысы |
Ластаева Раушан Мамашевна | - Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, топ басшысының орынбасары |
Мельников Петр Геннадьевич | - Глубокое ауданының ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы |
Сейлханов Адилбек Жылкыбакович | - Глубокое ауданы бойынша салық комитетінің төрағаеы (келісім бойынша) |
Козлова Евгения Геннадьевна | - Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы |
Баймухамбетов Кайрат Кажыманович | - Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы бойынша мемлөкеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау Департаменті басқармасының бастығы (келісім бойынша) |
Жиенбаев Турысбек Садуакасович | - аудандық статистика бөлімінің бастығы |
Экономика және бюджеттік жоспарлау белімінің басшысы | Р.Ластаева |
Глубокое аудандық әкімдігінің 2005 жылғы "22" қараша № 1392 қаулысымен бекітілді |
Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жьілдың таңдаулы кәсілкерлері" конкурсын өткізу туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері" конкурсын өткізу туралы осы Ереже ( будан әрі-Ереже) Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері" конкурсын дайындаудың, хабарлаудың және өткізудің тәртібін белгілейді (будан әрі-Конкурс).
2. Конкурстың мақсаты Глубокое ауданы кәсіпкерлерінің қызметін ынталандыру және олардың арасынан таңдаулыларын анықтау болып табылады.
3. Конкурс сегіз номинация бойынша өткізіледі (Ережеге №1 қосымша).
2. Конкурсқа қатысудың шарты
4. Конкурсқа қатысуға (жарғылық капиталында мемлекет қатыспайтын) шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке және заңды тулғалар - Қазақстан Республикасының резиденттері жіберіледі.
5. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген жеке және заңды тулғалар тапсырыс-сураунама (Ережеге № 2 қосымша) (будан әрі-тапсырыс) және Ережеге N° 3 қосымшаға сәйкес тапсырыстағы барлық ақпараттың шек келтірмейтінін растайтын қосымша қужаттар ұсынулары қажет.
6. Талап етілетін қужаттардың толық емес жиынтығын ұсынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тапсырыстары Конкурсқа қарауға қабылданбайды.
7. Конкурстық материалдардағы бар ақпараттар қупия сипатта болады және Конкурстың қорытындысын шығарған кезде қызметті бағалаудан басқаға пайдалануға мүмкін болмайды.
3. Конкурсты өткізудің тәртібі
8. Конкурсты өткізу жөніндегі жалпы ұйымдастыру және үйлестіру мәселелерін Конкурсты өткізу және жеңімлаздарды анықтау жөніндегі жүмыс тобы жүзеге асырады (Бұдан әрі Жұмыс тобы),
9. Жүмыс тобы Конкурсты өткізу туралы бүқаралық ақпарат қүралдарында жариялайды.
10. Конкурсқа қатысу туралы қажетті қүжаттармен тапсырысты конкурсанттар тиісті жылдың 1 қарашасына дейін тапсырады.
11. Жүмыс тобы ұсынылған тапсырыстарды қарайды және 15 қарашаға дейін Конкурстың әрбір номинациясында жеңімпазды және екі лауреатты анықтайды.
12. Конкурсқа ұсынылған материалдарды талдау және қорыту әрбір номинация бойынша нақтыланған жалпы және арнайы өлшемдер бойынша жүргізіледі (Ережеге № 4 қосымша). Әрбір өлшемге 1-ден 10 - ға дейін балл беріледі. Конкурсанттарды бағалау балдардың қосындысымен анықталады.
13. Конкурсқа қатысушы бір ғана номинацияда жеңімпаз бола алады.
4. Жүмыс тобы жүмысының тәртібі
14. Жұмыс тобын аудан әкімінің орынбасары басқарады.
15. Жұмыс тобы кемінде 7 адамнан қүрылады.
16. Жүмыс тобының отырысы мүшелерінің 2/3 қүрамы қатысса, қүқылы деп саналады. Жүмыс тобының шешімі ашық дауыспен отырысқа қатысқан мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс сандары тең болған жағдайда, Жүмыс тобы басшысының дауыс берген шешімі қабылданды деп саналады.
17. Конкурстың қорытындысы Жұмыс тобы отырысының хаттамасымен ресімделеді,
5. Қорытынды ереже
18. Конкурсқа қатысушылар тапсырыс бланктерімен "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" Мемлекеттік Мекемесінде қамтамасыз етіледі.
19. Конкурстың әрбір номинациясының жеңімпазы аудан әкімінің қолы қойылған мақтау қағаздарымен марапатталады.
20. Конкурстың қорытындысы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат қүралдарында жарияланады.
Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы | Р.Ластаева |
"Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері" конкурсын еткізу туралы Ережеге № 1 қосымша |
Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері" конкурсы номинацияларының тізбесі
1. Өндіріс саласындағы таңдаулы кәсіпкер
2. Құрылыс саласындағы таңдаулы кәсіпкер
3. Таңдаулы фермер-кәсіпкер
4. Таңдаулы кәсіпкер әйел
5 Шағын бизнес саласындағы таңдаулы инновациялық жоба
6. Шағын бизнес кәсіпорындарында ең жоғарғы орта айлық еңбекақы
7. Ең көп жаңа жұмыс орнындарын құрған кәсіпкер
8. Сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы жылдық ең таңдаулы кәсіпкер
"Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері" конкурсын өткізу туралы Ережеге 1392 №2 қосымша |
Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері" конккурсына __________________________________ номинацияда қатысуға тапсырыс-сауалнама
Аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, білімі: _________________________________________________
2. Сіздің фирмаңыздың атауы:___________________________________________________________
3. Тіркелуі туралы мәлімет:______________________________________________________________
4. Орналасқан орыны (мекен жайы, телефоны, факс, злектрондық пошта):______________________
5. Негізгі қызметінің түрі (құрылтайшы құжаттарына сәйкес):__________________________________
6. Лицензияның қолда бар болуы (қажет болған жағдайда): _________________№ ____берілген күні
7. Сіздің фирмаңыз қай уақыттан бастап нақты жұмыс істеуде:__________________________________
8. Кәсіпкерліктегі Сіздің жалпы жұмыс өтіліміңіз:_____________________________________________
9. Сіздің қызметіңізде инновация енгізу туралы мәлімет:______________________________________
10. Сіздің өндіретін өнімдеріңіздің, жұмыстарыңыздың, қызметтеріңіздің сапасы (келетін нұсқаны белгілеңіз);
1) әлемдік стандарт;
2) жоғары;
3) орта;
4) қанағаттанарлық;
5) басқадай.
11. Сіздің фирмаңызда жұмыс істейтіндердің санын жылдар бойынша көрсетіңіз (ақырғы үш жыл):__________________________________________________
12. Сіз басқа кәсіпкерлерге оң тәжірибені қалай бересіз:__________________________________
13. Сіздің қызметіңіздің келешекте даму жоспарын қысқаша бағалаңыз:____________________
14. Сіз кәсіпкерлердің қандай қоғамдық ұйымында тұрасыз:______________________________
Жоғарыда көрсетілген ақпаратты толығымен растаймын
____________________________________ "____ " ________________20__ ж.
(қолы)
МО
"Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері" конкурсын өткізу туралы Ережеге №3 қосымша |
Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері" конкурсына қатысушылардың ұсынатын құжаттарының тізбесі
1. Заңды (жеке) тулғаның нотариалдық расталған құрылтайлық құжаттарының көшірмесі (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, Жарғы (Ереже), статистикалық карта, салық төлеушінің куәлігі).
2. Тапсырыста көрсетілген мәліметтерді растайтын қажетті құжаттардың, сертификаттардың, лицензиялардың көшірмелері.
3. Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметі туралы кеңейтілген ақпарат (кәсіпорынның құрылу тарихы, өндірілетін өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) түрлері, болашағы, инновациялық бағыты (жаңа .технологияларды енгізу), өндірілетін өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) сапасы, жұмыспен қамтылғандар санының, шығарылған өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) соңғы үш жылдағы) даму үрдгсі, салықтық төлемдері, бір қызметкердің орта айлық еңбек ақысы, құрылған жұмыс орындары, көрмелерге қатысуы (наградалары), өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуы, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарында мүшелігі және т.б.).
"Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері" конкурсын өткізу туралы Ережеге № 4 қосымша |
Глубокое ауданы бойынша "Шағын бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлерлері" конкурсының жеңімпаздарын анықтау үшін өлшемдер тізбесі
1. Жалпы өлшемдер
1) кәсіпкерлік қызметтің жалпы мерзімі және түрі;
2) инновацияны енгізу;
3) өндірілетін өнімдердің (жүмыстардын, қызметтердің) сапасы, халықаралық сапа сертификатының қолда бар болуы;
4) еңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне катысуы.
II. Номинациялар бойынша арнайы өлшемдер:
1. Өндіріс саласындағы тандаулы кәсіпкер
1) жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің даму үрдісі
2) шығарылатын өнімдер көлемінің даму үрдісі;
3) қорларды пайдаланудыңтиімділігі, өнімдердің өзіндік құны;
4) аудандық шараларға қатысу.
2. Кұрылыс саласындағы таңдаулы кәсіпкер:
1) жаңа дизайн;
2) жаңа технологияларды пайдалану;
3) жүмыспен қамтылғандар санының өсуінің даму үрдісі
4) аудандық шараларға қатысу.
3. Таңдаулы кәсіпкер-фермер:
1) фермер ретіндегі жүмыс өтілімі;
2) ауылды әлеуметтік жайластыруға қатысу;
3) қорларды пайдаланудың тиімділігі, өнімдердің өзендік құны;
4)жүмыспен қамтылғандар санының өсуінің даму . үрдісі
4. Тандаулы көсіпкер әйел:
1) басшы ретіндегі кәсіпкерлікте жүмыс өтілімі;
2) шығарылатын өнімдер көлемінің даму үрдісі:
3) жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің даму үрдісі, оның ішінде әйелдер;
4) аудандық шараларға қатысу.
5, Таңдаулы инноваииялык жоба:
1) өңір үшін инновациялық жобаның жаңалығы;
2) жобаның өтемділігі және өтімділігі;
3) жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің даму үрдісі.
6. Шағын бизнес көсіпорындарында ен жоғаоы орта айлык енбек акы:
1) бір қызметкердің еңбек ақысының өсуінің даму үрдісі;
2) жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің даму үрдісі;
3) шығарылатын өнімдер көлемінің даму үрдісі;
4) салық төлемдерін аударудың даму үрдісі.
7. Ен көп жана жұмыс орындарын курған кәсіпкер:
1) жаңа жұмыс орындарын құрудың даму үрдісі;
2) жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің даму үрдісі;
3) шығарылатын өнімдер көлемінің даму үрдісі;
4) салық төлемдерін аударудың даму үрдісі.
8. Саұда және коғамдык тамактану саласындағы жылдык ен таңдаулы кәсіпкер
1) іске асырылу көлемінің даму үрдісі;
2) жұмыспен қамтылғандар санының өсуінің даму үрдісі;
3) жұмысшылар еңбекақысының даму үрдісі;
4) аудандық шараларға қатысу.