Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.08.03 N 586 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және 17-бабының 1) , 14) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) "Азаматтық авиацияның әуе кемелерiн күтiп-ұстауға және пайдалануға және жазғы құрамның еңбек ету жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар";
2) "Азаматтық авиацияның әуежайларын күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Б.С.Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жiберсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi Л.А.Белоногқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бас қолданысқа енгiзiледi.
Министр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрлігі Азаматтық
авиация комитетінің төрағасы
2006 жылғы 10 ақпан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы 3 ақпандағы
N 42 бұйрығымен бекітілген
"Азаматтық авиацияның әуе кемелерін күтіп-ұстауға
және пайдалануға және жазғы құрамның еңбек ету жағдайына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
Санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) азаматтық авиацияның әуе кемелерінің жабдықтарына, сумен жабдықталуына, ауызсумен толтырылуына, канализациясына, жылуға, желдеткішіне, жарығына және жазғы құрамының жұмыс жағдайы мен демалысына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы санитарлық ереже қызметі азаматтық авиацияның әуе кемелерін (бұдан әрі - әуе кемелері) пайдаланумен байланысты барлық меншік нысандарының жеке және заңды тұлғаларына арналған.
2. Әуе кемелерін күтіп-ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Әр әуе кемесі нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 2840 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2004 жылғы 20 сәуірдегі "Көлік құралдарына санитарлық төлқұжаттарды беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы" N 349 бұйрығының талаптарына сәйкес рәсімделген, осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларының талаптарына сәйкес санитарлық төлқұжатын алған болуы қажет.
4. Әуе кемесі медициналық оттекті балонмен және бір рет қолданылатын маскалармен және жеңiл бұйымдармен, гигиеналық құралдармен жабдықталуы тиiс және де қызмет әуе кемесiнiң типiне байланысты көрсетiледi (осы санитарлық ереженің 1-қосымшасына сәйкес).
5. Авиажолаушылар және экипаж мүшелері нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 2452 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 11 шiлдедегi "Әуе кемелерінің авиажолаушылары мен экипаж мүшелерін бүйірден тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" N 525 бұйрығымен бекітілген, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай бүйірден тамақтандыруды қамтамасыз етуі қажет.
6. Әуе кемесі ауызсумен қамтамасыз етілуі қажет. Ауызсудың сапасы нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 2999 тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2004 жылғы 28 маусымдағы "Ауызсу сумен жабдықтаудың орталықтанған жүйесінің су сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптары" N 506 бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуы қажет. Әуе кемелерін сумен толтыруға рұқсат етілмейді.
7. Әуе кемелерінен жиналған суды арнайы машиналарға жинап, кейiн жиналған суды шаруашылық-фекальды канализацияға жібередi.
8. Әуе кемелерінен жиналған суды шаруашылық-фекальды канализацияға герметикалық жағдайларды орындаған жағдайда жіберу қажет.
9. Ұшу кезеңінде салонды және экипаж кабиналарын желдету салқындатқыш жүйесімен қарастырылуы қажет. Салондарды және экипаж кабиналарын табиғи желдету тек жерде тұрған кезде және аз биіктікте ұшу кезінде ғана қарастырылады.
10. Тұрақ кезінде әуе кемесінің микроклиматы жердегі салқындатқыштың бүйір жүйесімен немесе жердегі салқындатқыштың көмегімен ұстап тұруы қажет. Сыртқы ауа темперетурасы плюс 15 градус Цельсий (бұдан әрі - о С) және төмен кезінде кабина ауасы плюс 15 о С-тан төмен емес температураға дейін жылытылуы, сыртқы ауа температурасы плюс 25 о С-тан жоғары кезінде сыртқы ауа температурасымен салыстырғанда ауа 5-8 о С-қа (бірақ плюс 20 о С-тан төмен емес) салқындатылуы қажет.
11. Жылдың салқын мезгілінде жолаушыларды отырғызар алдында әуе кемесінің салонына арнайы жылыту машинасын пайдалану арқылы жылытылуы қажет. Жылыту машинасының ауасы құрамында көміртегі тотығы және басқа да зиянды заттар болмауы қажет.
12. Әуе кемесін жарықтандыру құрамаланған болуы қажет.
13. Жолаушылар салонын, экипаж, буфет және санитарлық-техникалық жабдықтау кабиналарын, дәретханаларды, жүк бөліктерін жинау аралық немесе базалық әуежайға келуіне байланысты әр сапардан соң жүргізілуі қажет.
Жинауды салоннан бастап жүргізеді. Дәретхананы жинау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген залалсыздандыру құралдарын пайдалану арқылы ең соңынан жүргізілуі қажет.
14. Ұшақ салонындағы кілем төсеніштер, креслолардың тысы, қайырылмалы орындықтар, жүк сөрелері, жарықсүзгілері жуылып сүртілуі қажет. Кілемдерді тазарту шаңсорғышпен жүргізіледі. Креслолардың арқа тыстары ауыстырылуға жатады. Қайырылмалы орындықтар, жүк сөрелері, жарықсүзгілері, шынтақ қоятын жақтаулар жуылуға және екі рет залалсыздандыру құралдарымен өңделуге жатады.
15. Бүйірлік тамақтану цехына алмалы-салмалы ас үйлік құралдарды (контейнер) және келуіне байланысты пайдаланылған бүйір ыдыстарын тапсырғаннан кейін буфет жабдықтары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және залалсыздандыру құралдарын пайдалану арқылы ылғалды жинауға жатуы қажет.
16. Жинаумен айналысатын тұлға арнайы киіммен, таңбаланған жинау құралдарымен, шаңсорғышпен, ыстық және салқын сумен, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген жуу және залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет.
17. Ұшу кезінде қоқыс бір рет қолданылатын қапшықтарға жиналуы және қонған соң әуежайдағы қоқыс жинауға арналған контейнерлерге шығарылуы қажет.
18. Әуе кемесін жуу жиналған суды қабылдау үшін құрылғымен жабдықталған арнайы алаңшада жүргізілуі қажет. Әуе кемесінің көтерілу басқыштары жуу және залалсыздандыру құралдарын қолдану арқылы ылғалды жинауға жатуы қажет.
19. Карантинді және аса қауіпті жұқпалы ауруларға байланысты эпидемиологиялық дамымаған өңірлерден келген әуе кемелері әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитарлық-карантиндік пункттері мамандарымен санитарлық-эпидемиологиялық тексеріске жатады. Карантинді жұқпалы ауруға күдігі бар ауру анықталған жағдайда нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрінiң N 2798 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының шекарасын және аумағын санитарлық қорғау" N 297 бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) іс-шаралары жүргізіледі.
3. Әуе кемелерін ауызсумен толтыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
20. Әуе кемесін ауызсумен толтыру сумен толтыру машиналарымен (бұдан әрі - сутолтырғыш) жүргізілуі қажет.
21. Әуе кемесінің сутолтырғышын ауызсумен толтыру ауызсумен толтыру пунктінде (бұдан әрі - пункт) ұйымдастырылуы қажет.
Пункт бөлек есігі бар екі жекешеленген немесе сутолтырғышты дайындауға және толтыруға арналған біріккен үй-жайдан тұрады және осы санитарлық ереженің талаптарына сай болуы қажет. Пункт орталықтанған су құбырына, канализацияға, жылуға қосылған болуы және желдеткіші болуы қажет. Үй-жайдың қабырғалары мен едендерінің беті тегіс, жарықсыз, кедір-бұдырсыз және жуу мен залалсыздандыру құралдарының әсеріне төзімді материалдардан жасалған болуы қажет. Сутолтырғышты толтыруға арналған үй-жай толтыру шлангісін сақтауға арналған арнайы аспалы шкафпен жабдықталған болуы қажет. Су дайындауға арналған үй-жайда суды тазартуға дейінгі қондырғы, өлшеу құралдары (суды өлшеу, термометр, манометр) және зертханалық зерттеу үшін су сынамын алуға арналған кран болуы қажет.
22. Пункттің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына және әуе кемесін технологиялық үрдіспен толтыруға пайдаланушының бақылауын қамтамасыз ету үшін жауапты лауазымды тұлға тағайындалуы қажет.
23. Қысқы мезгілде сыртқы ауа температурасы пунктте плюс 5 о С-тан төмен кезде салондардағы ауа температурасы плюс 20 о С-тан плюс 25 о С-қа дейін әуе кемесінің кабиналарын алдын ала жылытқан соң сумен жабдықтау жүйесін толтыру үшін суды жылыту бойынша плюс 50 - плюс 60 о С дейін жүзеге асырылуы қажет.
24. Толтыру пунктін басқа мақсатқа пайдалануға рұқсат етілмейді.
25. Сутолтырғыш ауызсумен толтыруды және ауызсу сапасын сақтаудың жабық әдісімен әуе кемесіне жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.
26. Сутолтырғышты ауызсумен толтырардың алдында байланыстырғыш шлангі және жалғауыш 30-40 секундтай су құбырының суымен алдын ала жуылуы қажет. Толтыру аяқталған соң су қалдықтары шлангіден төгіледі.
27. Сутолтырғыштың сыйымдылық ыдысы, толтыру шлангілері, крандар және ауызсумен байланыстағы басқа да жабдықтар Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген тоттанбайтын материалдардан жасалуы қажет.
28. Сутолтырғыштың сыйымдылық ыдысында болуы қажет: термооқшауланған қабатша, тығын және герметикалы қақпақпен пломбаланған құятын люк, су төгуге арналған кран.
29. Сыйымдылық ыдыстың ішкі беті сызаттанған сутолтырғышты пайдалануға рұқсат етілмейді.
30. Сыйымдылық ыдыстың сыртқы бетіне "Ауызсу" деп жазып, ашық түспен бояу қажет.
31. Сутолтырғыш белгілі бағыт бойынша пайдаланылуы қажет, нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрідiң N 2840 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінiң м.а. 2004 жылғы 20 сәуірдегі "Көлік құралдарына санитарлық төлқұжатты беру, есепке алу және жүргізу ережесін бекіту туралы" N 349 бұйрығының талаптарына сай рәсімделген санитарлық төлқұжаты болуы қажет.
32. Әуе кемесін сумен жабдықтау жүйесі жолаушыларға ауызсу қажеттілігін және оның пайдаланудың барлық нүктелеріне берілуін қамтамасыз етуі қажет.
33. Авиациалық техник (бұдан әрі - авиатехник) толтырардың алдында әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесін дайындауы қажет.
34. Толтырушы сутолтырғыштың сыйымдылық ыдысының, пункттің үй-жайы мен жабдығының санитарлық-техникалық жағдайын қадағалауы қажет.
35. Толтырушы әуе кемесін ауызсумен толтыру жөніндегі журналды толтыруға және сутолтырғышқа жүргізілген дезинфекция туралы журнал жүргізуге жауапты.
36. Әуе кемесін ауызсумен толтыруды қамтамасыз ететін тұлға, нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 2556 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы "Халықтың декреттелген тобын міндетті медициналық тексерістен өткізу Ережесін бекіту туралы" N 766 бұйрығына сәйкес медициналық тексерістен өткен соң, сонымен қатар нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 2531 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және жүргізу жөнінде Ережені бекіту туралы" N 688 бұйрығына сәйкес гигиеналық оқытудан кейін жұмысқа кiруге рұқсат етіледі.
37. Толтырушы арнайы киімде жұмыс істеуі қажет. Жылдың салқын мезгілінде пайдаланушы жеке бөлінген кептіру үй-жайында арнайы киімді кептіруді қамтамасыз етуі қажет.
38. Толтырушы және авиатехник канализацины жөндеу, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару, химиялық және басқа да қауіпті заттармен байланысты жұмыстарға жұмсалмауы қажет.
39. Пайдаланушылар жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуының алдын алу мақсатында жоспардан тыс алдын алуды және сутолтырғыш пунктін және әуе кемелерін сумен жабдықтау жүйесін эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша залалсыздандыруды ұйымдастырады және жүргізеді.
Залалсыздандыру іс-шараларына жатады және төмендегілер жүргізіледі: механикалық тазалау, жуу, залалсыздандыру, соңғы жуу. Залалсыздандыру аяқталған соң суға зертханалық зерттеу жүргізіледі.
40. Әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесін, сутолтырғыштың сыйымдылық ыдысын, шлагіні алдын ала залалсыздандыру жылына екі рет (көктемде және күзде), су толтыру пунктінің және сутолтырғыштың жалғауыштарына айына бір рет жүргізілуі қажет.
41. Сутолтрғыштың сыйымдылық ыдысын залалсыздандыру сулау әдісінің хлорлау жолымен жүргізілуі қажет. Белсенді хлордың 200-250 мг/л концентрациясымен хлор әктасының (немесе хлордың) ерітіндісі резервуардың ішкі бетінің 1 м 2 -не 0,3-0,5 литр есебінен дайындалады. Шлангі немесе гидропульттен резервуарлардың қабырғалары мен барлық ішін сулау әдісімен осы ерітіндімен бүркиді. 1-2 сағаттан соң залалсызданған беті кірді шығаратын жол арқылы өңделген ерітіндіні жоя отырып, су құбырының суымен 2-3 рет жуады. Жұмыс арнайы киімде, резеңке етікте және противогазбен жүргізілуі қажет; резервуарға кірер алдында етікті жууға арналған хлор әктасының ерітіндісі бар бөшке орнатылады.
42. Жалғауыштарды заласыздандыру 6 сағаттан кем емес экспозиция уақытында, белсенді хлордың 200-250 мг/л концентрациясымен залалсыздандыру ерітіндісіне батыру әдісімен жүргізіледі.
43. Залалсыздандыру үшін, сапасына сертификаты бар және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген басқа да залалсыздандыру құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
44. Залалсыздандыру құралдары және жұмыс ерітінділері сағатына бес жиілігінен кем емес ауа алмасуын қамтамасыз ету арқылы сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған арнайы бөлек үй-жайда дайындалуы және сақталуы қажет.
45. Залалсыздандыру әуе көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы өкілінің бақылауымен жүргізіледі.
46. Сутолтырғыштың сыйымдылық ыдысын залалсыздандыруға арналған заласыздандыру құралдарымен жұмыс істейтін жеке қызмет адамы жеке қорғаныш құралымен (противогазбен, қорғаныш киімдермен, резеңке етікпен және қолғаптармен) қамтамасыз етілуі қажет.
47. Әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесін залалсыздандыру көлемді әдіспен жүргізіуі қажет. Белсенді хлордың 75-100 мг/л концентрациясымен залалсыздандыру ерітіндісімен сумен жабдықтау жүйесін сутолтырушы толтырған соң сумен жабдықтау жүйесіне қысым беріледі және залалсыздандыру ерітіндісінің иісі шыққанша барлық су тарату крандары арқылы су жіберуді жүзеге асырады, сосын крандар жабылады. Экспозиция уақыты алты сағаттан кем болмауы қажет. Содан кейін әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесі су құбырының суымен үш рет жуылады.
48. Сумен жабдықтау жүйесін қысқы мезгілде (температура 5 о С-тан төмен кезде) залалсыздандыру залалсыздандырудың алты сағаттық кезеңінің ішінде ұстап тұратын плюс 20 о С - плюс 25 о С температураға дейін әуе кемесінде алдын ала жылыту жүргізілуі қажет.
49. Сутолтырғыштың және әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесінде ауызсу сапасын бақылауды көрсетілген қызмет түріне лицензиясы бар өндірістік зертханаларда пайдаланушы ұйымдастыруы және жүргізуі қажет.
4. Әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесінен және
сутолтырғыштың сыйымдылық ыдысынан ауызсуды төгуге
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
50. Әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесінен суды төгу үшін төгу жалғауыштары болуы қажет.
51. Сапар аяқталған соң төрт сағаттан артық ұзақтықта жиналған су қалдығы сумен жабдықтау жүйесінен төгілуі қажет. Әуежайлар аралығында су толтыруға рұқсат етілмейді, қажет болған жағдайда әуе кемесінің жүйесін толық толтыру жүргізілуі қажет.
52. Сыртқы ауа температурасы жағымсыз кезде двигательдер тоқтаған соң кабина салқындағанға дейін су әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесінен ассенизациялы машинаның сыйымдылық ыдысына канализациялық бак арқылы төгілуі қажет.
5. Экипаждың жұмыс орнына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
53. Ұшқыштың креслосы арқалықтың бұрыштарға иілуін реттеуі және бойлық ара бағытта орналасуы қажет. Әр параметрді реттеу тәуелсіз болуы, жеңіл жүзеге асуы және сенімді фиксациясы қажет.
Орындықтықтың, арқалықтың және креслоның басқа да бөлшектерінің беті жартылай жұмсақ, электрленбеген және ауа өткізетін жамылғысы болуы, ластанудан жеңіл тазартуды қамтамасыз етуі қажет.
54. Кабиналардағы микроклиматтың тиімді және рұқсат етілген көрсеткіші, сонымен қатар бетін қоршаған температура осы санитарлық ереженің 2-қосымшасына сәйкес болуы қажет.
55. Микроклиматтың тиімді нормасын сақтау кезінде бетін қоршаған температура 5 о С-тан артық рұқсат етілген норманы қамтамасыз ету кезінде ауаның 2 о С-тан артық температурасынан ажырамауы қажет. Бетін қоршаған температура шамасы + 5 о С-тан төмен және + 45 о С-тан жоғары болмауы қажет.
Температураның түсуі жұмыс аймағының биіктігіне бойынша 3 о С-тан артпауға, ал көлденең бойынша 4 о С-тан артпауға рұқсат етіледі.
56. Кабина ауасындағы зиянды химиялық заттар мен шаңдардың құрамы жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың шамамен рұқсат етілген концентрациясынан (бұдан әрі - ШРК) аспауы қажет (осы санитарлық ереженің 3-қосымшасы ). Кабина ауасында бір бағытта әсер ететін бірнеше зиянды заттардың бір мезгілде болуы кезінде олардың әр қайсысыларының ауадағы нақты концентрациясы қатынасының жиынтығы, олардың ШРК-сы бірліктен аспауы қажет. Ауада әр бағытта әсер ететін зиянды заттардың бір мезгілдегі құрамы кезінде ШРК оқшауланған әсері кезіндегідей қалады.
57. Аэроиондардың жеңіл жағымсыз және жағымды құрамы өндірістік және қоғамдық үй-жайлардағы ауаның иондалуының рұқсат етілген деңгейіне сәйкес болуы қажет (осы санитарлық ереженің 4-қосымшасының 1-кестесі).
58. Жұмыс орнындағы дыбыстық қысымның деңгейі, дыбыстың деңгейі және дыбыстың эквивалентті деңгейі осы санитарлық ереженің 4-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген мөлшерден аспауы қажет.
59. Ұшудың жазғы құрамындағы акустикалық жүктеме эфирді және радиоайналымды тыңдау кезінде қосымша дыбыс жүктемесі және кабинаішілік шудан тұратын дыбыстың эквивалентті деңгейі бойынша бағалануы қажет.
60. Ультрадыбыс және инфрадыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейі осы санитарлық ереженің 4-қосымшасының 3, 4-кестелерінде көрсетілген мөлшерден аспауы қажет.
61. Шамамен жалпы дірілдің шамамен - рұқсат етілген деңгейі осы санитарлық ереженің 4-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген мөлшерден аспауы қажет.
62. Герметикалы кабинасы бар барлық әуе кемелерінде ұшу биіктігінен тәуелсіз барометриялық қысым мөлшері сынап бағанасының 567 миллиметрінен (бұдан әрі - сын. бағ. мм) кем болмауы қажет. Барометриялық қысымды өзгерту жылдамдығы ұшақтың барлық режимдерінде секундына сын. бағ. 0,18 мм-нен кем емес рұқсат етіледі.
Герметикалы емес кабинасы бар барлық әуе кемелерінде және ұшу 3000 м артық биіктікте экипаж және жолаушылар оттегімен қамтамасыз етілуі қажет.
63. Жұмыс күнінің ішінде двигательді қосудан бастап оны тоқтатуға дейінгі кезеңде электрлі және магнитті құрайтын жиынтық бойынша электромагниттік сәуле нормалары осы санитарлық ереженің 4-қосымшасының 6-кестесінде көрсетілген мөлшерден аспауы қажет.
64. Магнитті өріс кернеулігінің шамамен рұқсат етілген деңгейі және магнитті құрайтын энергетикалық жүктеме метрге 50 амперді (бұдан әрі А/м) және сағатқа 200 вольт метр квадратты (бұдан әрі - В/м 2 ) көбейтумен тең белгіленеді. 3,0 мега Герц (бұдан әрі - МГц) жиілігімен электрлі және магнитті өрістерінің бір мезгілде әсер етуіне нақты энергетикалық жүктеменің қатынас жиынтығы электрлі және магнитті құрауға байланысты шамамен рұқсат етілген бірліктен жоғарыламаған жағдайда рұқсат етіледі деп есептелінеді.
65. 300,0 МГц - 300,0 гига Герц (бұдан әрі - ГГц) өте жоғарғы жиіліктегі диапазонда (бұдан әрі - ӨЖЖ) электромагнитті энергияның әсері энергия ағысының тығыздылық (бұдан әрі - ЭАТ) деңгейіне және энергетикалық жүктемеге (әсер етудің белгілі бір уақытының ішінде) байланысты бағалануы қажет. Кабинадағы энергия - ЭЖЖ ағыс тығыздығының деңгейі 500 микро ватт квадрат сантиметрден аспауы қажет (бұдан әрі - мкВт/см 2 ).
66. Сәулеге түсіру - ӨЖЖ деңгейі сәуле түсірудің жеке кезеңінде ағзаға энергетикалық жүктеме жиынтығымен (бұдан әрі - жиынтықтың ЭЖ) бағалануы қажет және 1000 мк Вт сағ/см 2 аспауы қажет.
67. 6000 м-ден артық биіктікте ұшуды орындайтын экипаж кабинасында, сол сияқты кабинада ӨЖЖ ЭАТ - рентген сәулесінің көздері болған жағдайда шамамен рұқсат етілген жүктеме энергетикалық жүктеменің жалпы жиынтығының 1000 мк Вт сағ/см 2 аспауы қажет.
68. Ұшақ кезінде әуе кемесінің экипажына косметикалық сәуле түсуінің эквивалентті мөлшері жылына 5 микрозиверттен (бұдан әрі - мЗв) аспауы қажет. Жер жағдайларында және медициналық куәландыру мен емдеу кезінде алынатын табиғи сәуле түсірумен белгіленген мөлшер есептелмейді.
Осы санитарлық ережелермен белгіленетін мөлшер шамасы жоғарғы дыбысты көлік әуе кемесіне таратылмайды.
69. Ұшу уақытында кабиналардағы электростатистикалық өріс кернеулігі төмендегі мөлшерден аспауы қажет: 1 сағаттан кем емес ұшу кезінде - 60 киловатт метр (бұдан әрі - кВ/м); 1,1 сағаттан 12 сағатқа дейін - 60 кВ/м-ді ұшу уақытына бөлу есебімен. 20 кВ/м кем емес электростатистикалық өріс кернеулігі кезінде келу уақыты реттелмейді.
70. Кабиналарды әйнектеу табиғи жарық есебімен құрал тақтайшалары мен басқару органдарын жарықтандыруды қамтамасыз етуі қажет. Табиғи жарық ағысының үлкен қарқындылығы кезінде кабиналардың жарық жақтаулары қорғаныс пердешелерімен және жарықсүзгілерімен, басқару және бақылау құралдары - жарықтан қорғайтын қалқаншалармен жабдықталуы қажет.
71. Жарықтандыру құралдарын қондыру мен орналастыру кабиналардың құралдары мен шамдарын әйнектеуде жарық дақтарының пайда болуы мүмкіндігін болдырмауы қажет. Құрал тақтайшалары, пульт және шкалалар мен жарық беріп тұрған құрамның көрсеткіш жамылғысындағы басқарудың басқа органдарының көмескі жарығы үшін кабина ультракүлгін шамдармен жабдықталуы қажет. Ультракүлгін сәулесін түсіру кезінде жарық беретін масса қызыл немесе сарғылт бояу қабылдайтын апаттық белгілерді болдырмайтын ашық-жасыл түс болуы қажет.
72. Көлденең ұшу кезінде кабина ішіндегі көрініс төмендегідей болуы қажет: көлденең сызықтан алға - төмен - 15 градус (бұдан әрі - о ), төмен - алдыңғы жартылай сфера жағынан - 35 о кем емес, төменгі қанат жағынан - 8 о , жоғарғы және артқы жартылай сферада - толық көлем.
73. Экипаж мүшелерін жұмыс орнында жарықтандыру осы санитарлық ереженің 4-қосымшасының 7-кестесіне сай болуы қажет.
74. Видеотерминал (бұдан әрі - ВТ) құрылысы мынаны қарастыруы қажет:
1) артқы жағдайда фиксациялануы арқылы тік ось бойынша + 30 о және көлденең осы бойынша + 15 о иілу бұршын реттеу мүмкіндігін;
2) корпустың бет жағына - шолу индикациясы арқылы электр көзін қосу және ажырату бейнесі жарықтықты және контрастности реттегішін орналастыруды;
3) арнайы қорғаныш қақпағының астындағы бүйір панельіндегі жұмыс режимі ("монохроматикалық" - "полихроматикалық") қосқышының, көлденең бойынша орталықтаудың, тігінен сызықталуының, кадрлер мен қатарлардың жиілікті реттегішін орналастыруды;
4) ВТ жеке элементтерінде және корпусқа электростатистикалық зарядтар мен шаңдардың жиналуынан қорғануды;
5) ішкі жарық деңгейіне тәуелсіз сапалы бейнелеуді қамтамасыз ету үшін экранның дақ болдырмайтын жамылғысын және басқа да құрастырымдылық шешімдерді.
75. Бүйірлі авиациалы ВТ электрлі - сәулелі түтіктерінде қамтамасыз етілген болуы қажет:
1) 70 сантиметр (бұдан әрі - см) тиімді қашықтық кезінде 60 см қашықтықта 60 0 артық емес жұмыс өрісінің бұрыштық мөлшерін;
2) экран өрісіндегі бейнелеуді геометриялық бұрмалауды болдырмау;
3) тіке және келесі бетінің контрасы экранның жарықтығы 35 кд/м 2 кем емес;
4) түсті белгінің және реңнің контрасы модуляциясының коэфиценті 60% кем болмау;
5) бөлшектік контрасы бейнелеу экрандағы (максималды жарықтан минималға қарай қатынас) 5:1 кем емес;
6) жарқыраған элемент жарығының анықталатын қатынасымен, аралас қатар мен растра арасындағы аралықтағы жарықтықтың модуляциясы ВТ монохормдық үшін 3:1 және полихормдық үшін 7:1;
7) белгінің ішкі контрасы 2:1 кем емес;
8) монохромдық ВТ белгілері элементтері жарықтарының біркелкі еместігі 0,5 артпауды;
9) монохромдық ВТ арналған пиксельдің максималды мөлшері 0,4 миллиметрден (бұдан әрі - мм) артпауды;
10) белгілердің бұрыштық мөлшері 20 бұрыштық минуттан кем болмауды;
11) полимерлі ВТ арналған экранның жұмыс өрісіндегі сәулелерді түсірмеу 0,5 мм артпауы;
12) бейне жарығының (бейненің қозғалуы) ықтиярсыз өзгерісінің болмауы, бейне жағдайының (бейненің дірілдеуі) көрсетілген ықтиярсыз өзгерісі бақылау қашықтығынан (экраннан 70 см қашықтықта 0,07 мм) бір он мың үлестен кем болмау.
76. Клавиатура құрылысы қарастыруы қажет: жеке құрылғы түрінде орындауды, берілген жағдайдағы фиксация арқылы 5 о -тан 15 о дейінгі құлдырау бұрыштық иілуді өзгетуге мүмкіндік беретін тірек икемділігін, жиі қолданылатын элементтерді клавиатураның ортасына, төменіне және оң жағына, сирек қолданылатынды - жоғарғы және сол жағына орналастыруды, функционалды клавиштың түсін, мөлшерін және формасын ажыратуды. Клавиштың минималды мөлшері 13 х 1 мм, ортасына иілумен, тиімділігі - 15 х 15 мм клавишалардың ара қашықтығы - 3 мм-ден артық емес, қадамы - 1 мм, басу серпімділігі - 0,25 Н, максималды - 1,5 Н.
ВТ корпусы мен клавиатурада 0,4-0,6 шағлыс коэфицентімен күңгірт беті болуы қажет.
6. Еңбек және экипаж демалысының режиміне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
77. Әуе кемесінің экипажы нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 3207 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 748 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясында медициналық куәландыру Ережесі , нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрінде N 2780 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы "Зиянды, қауіпті және жағымсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын қызметкерлерге міндетті алдын ала және ағымдық медициналық тексерісті жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, Ағымдық және алдын ала медициналық тексеріс міндетті, зиянды өндірістік факторлар, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" N 243 бұйрығының талабына сай жұмысқа түсер алдында алдын ала және ағымдық медициналық тексерістен өтуі қажет.
78. Экипаждың қысқа мерзімді ұшу алдындағы демалысы ұйымдастырылуы қажет.
79. Ұшу алдындағы демалысқа арналған үй-жай бөтен тұлғалардан оқшаулануы қажет. Ұйқы бөлмелері екі адамнан артық емес орын есебімен есептелінеді және ғимараттың жазғы алаңы жағына қарсы орналасады. Ұшу алдындағы демалысқа арналған үй-жайлардың терезе жақтаулары дыбыс өткізбейтін құрылғылармен және екі қабатты перделермен жабдықталуы қажет.
80. Демалысқа арналған үй-жай, дәліздер, холлдарда табиғи жарық болуы қажет. Үй-жайдың қол жуу бөлмелеріне, дәретханаларға, себезгі бөлмелеріне, қоймалар және басқа да адамдар аз уақытқа келетін көмекші үй-жайларда табиғи жарық болмауына рұқсат етіледі.
81. Жалпы және жергілікті жасанды жарық есебімен оқу және стол үсті ойынына арналған жарықтың деңгейі люминесцентті шамдары үшін 200 люкстен (бұдан әрі - лк) және қызу шамдары үшін 100 лк-ден кем емес болуы қажет.
82. Жылу жүйесі, желдеткіш, және салқындату демалысқа арналған үй-жайларды жылыту ауысымында төмендегі микроклиматтық жағдайларды қамтамасыз етуі қажет: ауа температурасы - 20-22 о С; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 30-60%; ауа қозғалысының жылдамдығы - секундына 0,15 метрден (бұдан әрі - м/сек) артық емес; жылдың жылы мезгілінде - ауа температурасы - 22-25 о С; ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 30-60%; ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,25 м/сек артық емес.
83. Демалысқа арналған үй-жайлардағы шудың деңгейі дыбыстың эквивалентті деңгейі (бұдан әрі - La экв ) 4,5 децибел (бұдан әрі - дБА), қысқа уақытта (1 минутқа дейін) - Laм макс 65 дБА-ден аспауы қажет.
84. Электрлімагнитті сәулелердің шамамен рұқсат етілген деңгейі халық үшін белгіленген мөлшерден аспауы қажет.
85. Ауадағы жеңіл аэроиондардың құрамы тиімді мәнге (1см 3 ) сай болуы қажет: жағымды 15000-30000, жағымсыз - 30000-50000.
86. Санитарлық техникалық құралдар және құрылғылар жарамды жағдайда болуы, тоттан және басқа кілегейлерден тазартылуы қажет, жарық және басқа да сызаттары болмауы қажет. Жарамсыз құралдар ауыстырылуға жатады. Дәретханалар кабиналармен, киім ілгіштермен, раковиналармен, айнамен жабдықталуы қажет.
Санитарлық құралдардың санын отыз адамға бір құрал есебімен қабылдау қажет. Ерлер дәретханасындағы писсуарлардың саны унитаздардың санына тең болуы қажет.
87. Тұрғын бөлмелері мен жалпы пайдаланудың орындарында ұшу алдындағы демалыс бөлмелеріне жуу және залалсыздандыру құралдарын пайдалану арқылы күнделікті жинау, айына бір рет - күрделі жинау жүргізілуі қажет. Төсек жиынын ауыстыру келген әр экипаж мүшелеріне және тұрып жатқан әр үш күн сайын жүргізілуі қажет.
88. Жалпы тамақтану объектілері нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 2526 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Жалпы тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы N 569 бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуы қажет.
89. Барлық үй-жайларда жәндіктермен және кеміргіштермен күрес бойынша іс-шаралар жүргізілуі қажет.
"Азаматтық авиацияның әуе кемелерін
күтіп-ұстауға және пайдалануға және
жазғы құрамның еңбек ету жағдайына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
ережелері мен нормаларына 1-қосымша
Жеңiл бұйымдардың, гигиеналық қызмет көрсету
заттарының тiзiмi
Аталуы |
Қолданылуы |
|
Сүлгi(кендiр, қағазды) |
12 ұшуға 4 данадан |
|
Қолғаптар (бiрреттiк) |
12 ұшуға 20 |
|
Майлықтар |
12 ұшуға 24 |
|
Қапшықтар (120л-240л) |
12 ұшуға 20 және |
|
Дәретхана қағазы |
12 ұшуға 20 |
|
Бас төсенiшi (бiрреттiк) |
1 ұшуға әр |
|
Ұшқыш жапқыштары |
1 рейске әр орындыққа 2 данадан |
|
Жастықтар(б/қ, э/қ) |
Орындыққа 1 данадан |
|
Жастық қаптар (бiр реттiк) |
Әр жастыққа бiреуден |
|
Құлақ қаптар |
Әрбiр жолаушыға |
|
Сұйық сабын |
Әр дәретхана |
|
Гигиеналық пакеттер |
Әр орындыққа |
|
Бiр реттiк пакеттерге |
Жалпы орын санының |
|
Гардеробқа арналған iлгiштер |
Экипаж санына |
|
Ауа тазартқыштар |
Әр дәретхана |
|
Бесiкке арналған ақжаймалар |
Әр бесiкке төртеуден |
|
Әйелдердің гигиеналық салғышы |
Әр салонға бiр қорап |
|
Шеткалар (аяқ киiмге, киiмге |
Әр салонға бiр |
|
Тазалық құралдары |
Әр ұшаққа 3 |
"Азаматтық авиацияның әуе кемелерін
күтіп-ұстауға және пайдалануға және
жазғы құрамның еңбек ету жағдайына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
ережелері мен нормаларына 2-қосымша
Әуе кемелерінің кабиналарына арналған микроклиматтың
тиімді параметрі
1-кесте
Өлшеу аймағы |
Ауа |
Салыстырмалы |
Ауа |
Экипаж кабинасы |
21,0 - 24,0 |
40,0 - 60,0 |
0,15 артық |
Жолаушылар салоны |
21,0 - 24,0 |
40,0 - 60,0 |
0,10 артық |
Жүк кабинасы, |
21,0 - 24,0 |
40,0 - 60,0 |
0,20 артық |
Ауаның минималды салыстырмалы ылғалдылығы ауаның максималды |
Әуе кемелерінің кабиналарына арналған микроклиматтың
рұқсат етілген параметрі
1-кесте
Өлшеу аймағы |
Ауа |
Салыстырмалы |
Ауа |
Экипаж кабинасы |
20,0 - 25,0 |
30,0 - 70,0 |
0,30 артық |
Жолаушылар салоны |
20,0 - 25,0 |
нормаланбайды |
0,40 артық |
Жүк кабинасы, |
17,0 - 25,0 |
30,0 - 70,0 |
0,40 артық |
Ауаның минималды салыстырмалы ылғалдылығы ауаның максималды |
"Азаматтық авиацияның әуе кемелерін
күтіп-ұстауға және пайдалануға және
жазғы құрамның еңбек ету жағдайына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
ережелері мен нормаларына 3-қосымша
ШРК-ға сәйкес әуе кемелері кабиналарының ауасын
бақылау үшін нұсқалатын заттардың минималды тізбесі
N |
Заттар |
ШРК |
1. |
Көміртегі оксиді |
20,0 |
2. |
Азот оксиді (азот диоксидін қайта есептеуде) |
5,0 |
3. |
Акролеин |
0,2 |
4. |
Формальдегид |
0,5 |
5. |
Синтетикалық майланатын аэрозоль |
2,0 |
6. |
Минералды майланатын аэрозоль |
5,0 |
7. |
Алифатикалық көмірсутек С 1 -С 10 (көміртекті қайта |
300,0 |
8. |
Бензол |
5,0 |
9. |
Толуол |
50,0 |
10. |
Ацетон |
200,0 |
11. |
Фенол |
0,3 |
12. |
Диоктилсебацинат |
10,0 |
13. |
Трикрезилфосфат |
0,5 |
14. |
Фтор сутегі (фторды қайта есептеуде) |
0,1 |
15. |
Күкіртті ангидрид |
10,0 |
16. |
Озон |
0,1 |
17. |
Аммиак |
20,0 |
18. |
Көміртегінің диоксиді |
0,1% |
"Азаматтық авиацияның әуе кемелерін
күтіп-ұстауға және пайдалануға және
жазғы құрамның еңбек ету жағдайына
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық
ережелері мен нормаларына 4-қосымша
Өндірістік және қоғамдық үй-жайларда ауаны иондауға
рұқсат етілетін деңгей
1-кесте
Деңгей |
1см 3 ауадағы ион |
Қарама-қарсылық |
|
n + |
n - |
||
Тиімді |
1500 - 3000 |
3000 - 5000 |
-0,05-0,00 |
Рұқсат етілген |
400 - 50000 |
600 - 50000 |
-0,20-+0,05 |
Әуе кемелерінің жазғы құрамының жұмыс орнына арналған
дыбыстық қысымының деңгейі, дыбыстың деңгейі және дыбыстың
эквивалентті деңгейі
2-кесте
Ды- |
Орта геомертиялық жиілікпен октов |
Дыбыс- |
||||||||
31,5 |
63 |
125 |
205 |
500 |
1000 |
2000 |
4000 |
8000 |
||
Рұқ- |
107 |
95 |
87 |
82 |
78 |
75 |
73 |
71 |
69 |
80 |
Тиім- |
96 |
83 |
74 |
68 |
63 |
60 |
57 |
55 |
54 |
65 |
Әуе кемелерінің жазғы құрамының жұмыс орнына арналған
ультрадыбыстық қысымының рұқсат етілген деңгейі
3-кесте
Уль- |
Орта геомертиялық жиілік бойынша үш октов |
||||||||
12,5 |
16 |
20 |
25 |
31 |
40 |
63 |
80 |
100 |
|
Рұқ- |
80 |
90 |
100 |
105 |
110 |
110 |
110 |
110 |
110 |
Әуе кемелерінің жазғы құрамының жұмыс орнына арналған
инфрадыбыстық қысымының рұқсат етілген деңгейі
4-кесте
Инфра |
Орта геомертиялық жиілікпен |
Дыбыстық |
|||
2 |
4 |
8 |
16 |
||
Рұқсат |
105 |
105 |
105 |
105 |
110 |
Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарындағы үш октовты сызық
жиілігіндегі жалпы дірілдің деңгейі
5-кесте
Жиілігі |
Әуе кемесі |
|
Тігінен, дБА |
Көлденеңінен, дБА |
|
1,60 |
114 |
107 |
2,00 |
113 |
107 |
2,50 |
112 |
109 |
3,15 |
111 |
111 |
4,00 |
110 |
110 |
5,00 |
110 |
110 |
6,30 |
110 |
110 |
8,00 |
110 |
110 |
10,00 |
112 |
112 |
12,00 |
114 |
114 |
16,00 |
116 |
116 |
20,00 |
118 |
118 |
25,00 |
120 |
120 |
31,50 |
122 |
122 |
40,00 |
124 |
124 |
50,00 |
126 |
126 |
63,00 |
128 |
128 |
80,00 |
130 |
130 |
100,00 |
132 |
132 |
125,00 |
134 |
134 |
160,00 |
136 |
136 |
Радиобайланыс жабдығынан электрлі өрістердің энергетикалық
жүктемесі мен кернеулігіне рұқсат етілген деңгей
6-кесте
Параметр |
Диапазон жиілігіндегі шектелген мәні, МГц |
||
0,3-3,0 |
3,0-30,0 |
3,0-300,0 |
|
Өріс кернеулігі, В/м |
500 |
300 |
80 |
Энергетикалық жүктеме |
20000 |
7000 |
800 |
Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарындағы жарықтың нормалары
7-кесте
Жұмыс беті |
Жарық, лк-дан кем |
Жарықтың |
1. Басқару щиттері мен |
27,0 |
1:10 |
2. Негізгі ұшу - навигациялық құралдардың |
2,7 |
- |
3. Ұшу кезіндегі күннің |
300,0 |
1:3 |
4. Жазғы экипаж мүшеле. |
300,0 |
1:3 |
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы 3 ақпандағы
N 42 бұйрығымен бекітілген
"Азаматтық авиацияның әуежайларын күтіп-ұстауға және
пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. "Азаматтық авиация әуежайларын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (бұдан әрі - санитарлық ереже) туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар азаматтық авиация әуежайларының (бұдан әрі - әуежай) аумағына, сумен жабдықтауға, канализациясына, жылуға, желдеткішіне, жарыққа, үй-жайлардың жабдықталуына жеке қызмет адамының жұмыс жағдайына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы санитарлық ереже қызметі әуежайларды жобалаумен, құрылысымен, қайта жаңартумен және пайдаланумен байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған.
2. Аумаққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
3. Әуежай құрылысына арналған жер учаскесін таңдау геологиялық және гидрогиологиялық мәліметтердің негізінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының келісімі бойынша белгіленген тәртіппен жүргізілуі қажет. Әуежай құрылысының жер учаскесі ластануы мүмкін немесе ластанған көздерден: қоқыс төгілген жерден, қазылған ордан, тыңайтқыш және улыхимикаттар қоймаларынан, өнеркәсіптік ұйымдардан, канализация ғимараттарынан, қалған ескі құдықтардан, шошқа ұстайтын сарайлардан грунт ағысы бойынша 50 метрден (бұдан әрі - м) кем емес жоғарыда алшақтатылған ластанбаған учаскеде таңдалуы қажет.
Әуежай ғимаратын төменгі батпақты жерлерде, су таситын учаскелерде; қар тасқыны болатын және топырақтың басқа да деформация түрлеріне жататын жерлерде; көліктің қарқынды қозғалысы бар магистральдардан 30 м жақын жерлерде орналастыруға рұқсат етілмейді.
Әуежай аэропорттың аумағында немесе елді-мекен пунктінің аумағынан жеке тұрған ғимаратта орналасуы қажет.
4. Әуежайдың аумағы қоршалған, көркейген, көгалданған және жаңбыр суы мен қар суының ағынды суға арналған канализациясына ағып кететіндей жоспарланған болуы қажет. Кіретін жолдар, жаяу жүретін жолдар, жүк тиеп-түсіретін алаңдар асфальттанған немесе тас төселген болуы қажет.
5. Әуежайдың ішінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға жатпайтын тауарларды, қораптарды және басқа заттарды жинауға рұқсат етілмейді.
6. Қоғамдық көлік тоқтайтын пункттен әуежайдың кіреберісіне дейінгі ара қашықтық 250 м аспауы керек.
7. Аумақты тазалау жұмыстары жылдың жылы мерзiмiнде күніне екі рет жүргізілуi қажет, қысқы мерзiмiнде - қардан және мұздан тазартылуы керек.
8. Аумаққа қоқысты жинау үшін қоқыссалғыш, ал тұрмыстық қоқыс үшін қақпағы бар контейнерлер орналастыру қажет. Контейнерлер асфальттанған немесе бетондалған алаңшада, оның шетінен бір метрден кем болмайтын қашықтықта орналасуы қажет. Қоқыс жинауға арналған алаңша әуежай ғимаратынан, сауда-саттық нысанынан және қоғамдық тамақтандыру орындарынан, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардан 25 м-ден кем болмайтын қашықтықта орналасуы қажет. Алаңшаның қоршауы, көлік жақындап кіретін жолы және жауын суын канализацияға жіберетін еңістігі болуы қажет.
9. Қоқыстар аумақтан контейнердің кем дегенде 2/3 бөлігі толуына байланысты шығарылып отырылуы керек. Контейнерлер қоқыс шығарылған соң тазартылған және зарарсыздандырған күйде жеткізілуі қажет.
Қоқыссалғыштарды жуу және зарарсыздандыру контейнерлерге арналған алаңшаның жанында орналасқан арнайы бетондалған және асфальттанған алаңшада жүргізілуі қажет, оған су келіп тұруы және канализацияға лас суды жіберу ағысы болуы керек.
3. Үй-жайды күтіп-ұстауға және жабдықтауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
10. Әуежайларда келесі үй-жайлар болуы керек:
1) негізгі бағытта - вестибюлдер, кассалар, бөлетін залдар, күту залы және арнайы бақылау залы, ана мен бала бөлмесі, халықаралық және ішкі сапарларға ұшатын және келетін жолаушыларға арналған үй-жайлар, жүктерді қабылдайтын, сақтайтын және беретін үй-жай;
2) жолаушыларға қосымша қызмет көрсететін үй-жайлар - VIP залдары, байланыс бөлімшесі, көліктік агенттіктер, қоғамдық тамақтандыру және сауда-саттық нысандары, тұрмыстық қызмет көрсету үй-жайлары, шаштараздар, ана мен бала бөлмесі, медицина пункті, дәріханалық дүңгіршектер, дәретханалар және басқалары;
3) қызметтік-әкімшілік, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі, көлік полициясы, кедендер, шекаралық және мал дәрігерлік бақылау, диспетчерлік үй-жайлар;
4) қосымша - жеке қызмет адамына арналған тұрмыстық үй-жай, қойма, құрал-жабдықтар, шағын механизация заттарын және жабдықтарды сақтайтын үй-жайлар. Қызметтік иттерді уақытша ұстауға арналған үй-жай әуежайдың аумағында бөлек тұран ғимаратта орналасуы тиіс;
5) техникалық-инженерлік құрал-жабдықтарға орталықтандырылған басқару жүйесіне, сорғыш, бойлерлік, желдеткіш камералары, салқындатқыштарға, трансформаторлық станцияға арналған үй-жайлар;
6) әуежайдың басты жоспарына сәйкес басқа әкімшілік-қосалқы үй-жайлар.
11. Жолаушылардың күту залы жердің үстіңгі қабатында орналасуы керек.
12. Ғимараттың екінші қабатына дейінгі терезелері мен витраждарында оларды жуу және тазалау үшін құрылғылары болуы қажет.
13. Қабырға және еден беттерінің іші және сыртын әрлендіру үшін қолданылатын материалдар жуу мен зарарсыздандыруға ыңғайлы болуы қажет.
Еден ылғалға төзімді және ылғал өткізбейтін беті тегіс материалдан жасалынуы қажет.
14. Дыбыс өткізбейтін аспалы төбелер өртке қауіпсіз және дыбыс өткізбейтін материалдан жасалуы қажет. Барлық бөлмелердегі дыбыстың деңгейі "Тұрғын үй-жайларының, қоғамдық ғимараттардың және тұрғын үй тұрғызу аумағындағы шу және инфрадыбыс деңгейлерінің гигиеналық нормативтері" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 841 бұйрығымен бекітілген гигиеналық нормативтердің талаптарына сай болуы қажет.
15. Күту залындағы жиһаздар (дивандар, креслолар, орындықтар арқалықтармен) еден жуу машиналарымен жинау жүргізу мүмкіндігі есебімен орналасуы қажет. Жиһаз бен қабырғалардың арасының ені 1,8 м-ден кем болмауы қажет.
16. Операциялық (кассалық) залдар әуежай алаңы жағынан орналасуы және күту залына өтетін жолы болуы керек.
Билеттік кассалар алдында кем дегенде 6 м 2 бос алаң қарастырылуы қажет.
Кассалық терезелердің жел өтінен қорғайтын құрылысы болуы қажет.
17. Әуежайдың медициналық пункті санитарлық-карантиндік пункттің жанында бірінші қабатта орналасуы және әуежайдың ішкі үй-жайларына, жазғы алаңға шығатын есігі болуы және жазғы алаң жағынан арнайы автокөліктерге ыңғайлы кіреберісі болуы қажет. Медициналық пункттің үй-жайдың жиынтығына мыналар енуі керек: жекешеленген бөлме, күту бөлмесі, қабылдау бөлмесі, ем жүргізетін бөлме, санитарлық торап, қосалқы үй-жайлар. Есіктердің ені мен оның орналасуы зембілмен өтуге ыңғайлы болуы қажет.
18. Санитарлық-карантиндік пункт бірінші қабатта орналасуы, онда төмендегідей үй-жайлар жиынтығы болуы керек: дәрігер бөлмесі, ұшу алаңына жеке кіретін және шығатын жеке есігі, санитарлық торабы бар жекешеленген үй-жай, зертханасы, киім шешетін орны, қосалқы үй-жай.
19. Әуежайдың жеке қызмет адамдары және арнайы ведомствалық қызмет үшін тұрмыстық үй-жайлар қарастырылуы қажет.
20. Стационарлық жүк сақтау камерасы бірінші қабатта немесе жертөледе орналасуы қажет.
21. Жүк бөлімшесі жеке ғимаратта немесе әуежай ғимаратында орналасуы қажет. Оның құрамына мыналар енуі керек: жүкті тиеуге және түсіруге арналған механизммен (электркарлар, жүк крандар, пандустар, көтергіштер) жабдықталған қойма, жұмысшы үстелі, жеке және арнайы киімдерге арналған шкафы, қызметтік құжаттарға арналған шкафы бар қабылдап-өткізушінің бөлмесі.
22. Жертөледе мынандай үй-жайларды орналастыруға рұқсат етіледі: жүкті сақтау камерасы, жеке қызмет адамына арналған тұрмыстық үй-жайлар, санитарлық тораптар, тазалауға қажетті құрал-саймандар сақтайтын қойма, қоймалық үй-жайлар, мүгедектер арбасын көтеретін жылжымалы көтергіштерге арналған бөлме.
23. Үй-жайдың құрылысы және жабдықталуы аз мобильді келушілер үшін ыңғайлығы қарастырылуы қажет.
24. Бойлер, ауаны салқындату камерасы, желдету камерасы орналасқан және басқа да шу мен діріл көзі бар үй-жайларда "Тұрғын үй-жайларының, қоғамдық ғимараттардың және тұрғын үй тұрғызу аумағындағы шу және инфрадыбыс деңгейлерінің гигиеналық нормативтері" туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 841 бұйрығымен бекітілген гигиеналық нормативтердің талаптарына сай дыбыс пен дірілден оқшаулайтын іс-шаралар міндетті түрде қарастырылуы керек.
25. Мейрамхана, кафе, буфеттік үй-жайлардың құрамы мен жобалануы, шаштараз және басқа да коммуналды-тұрмыстық объектілер және оларды күтіп ұстау нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 2526 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар" N 569 бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың және нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 3074 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2004 жылғы 18 тамыздағы "Шаштараздарға, косметикалық кабинеттерге, әдемілік салондары мен орталықтарын күтіп ұстау және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" N 632 бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуы қажет.
26. Жолаушыларға арналған үй-жайларды оларға қызмет көрсетуге қатысты емес басқа мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді.
27. Күту залдарында жолаушыларға қажетті ақпарат құралдарын (сағат, автоматты ақпарат қондырғылары, кесте) орналастыру қажет. Ақпарат жүйесінде шағын мобильді адамдарға арналған дыбыс және жарық арқылы белгі беретін көрсеткіштер қарастырылуы керек.
4. Сумен жабдықтауға және канализацияға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
28. Әуежай ғимаратында орталықтандырылған сумен жабдықтау және орталық канализациясы болуы керек.
29. Шаруашылық-тұрмыстық және ауыз су қажеттілігі үшін пайдаланатын су нормативтік құқықтық актілердiң Мемлекеттік тіркеуден өткiзетiн Реестрдiң N 2999 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2004 жылғы 28 маусымдағы "Ауызсу сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесінің су сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" N 506 бұйрығымен бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сай болуы қажет.
30. Сумен жылыту жүйесінен ыстық суды өндірістік мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді.
31. Аумақта көгалды суару үшін кран қарастырылуы қажет.
32. Орталықтандырылған су құбыры және канализациясы жоқ әуежайларда жергілікті сумен жабдықтау және канализация құрылысы қарастырылуы қажет. Ауладағы дәретханалар аэровокзал ғимаратынан 25 м-ден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.
33. Дәретханалар еден тостағандарымен жабдықталуы тиіс.
34. Әйелдерге арналған дәретханалар әйелдер гигиенасы кабинасымен жабдықталуы қажет.
35. Қол жуатын жерлерде болу керек: әрбір 4 санитарлық аспапқа 1 қол жуғыш, бірақ бір дәретханада біреуден кем емес; әрбір 2 қолжуғышқа 1 - электрлі қолкептіргіш немесе қағаз сүлгі; ерлерге арналған дәретханада - электрлі қырғышқа арналған штепсельді розетка.
36. Дәретхананы тазалайтын құрал-сайманның таңбасы болуы, дәретхананың ішінде арнайы бөлінген орында сақталуға тиіс. Оларды басқа үй-жайларды тазалау үшін қолдануға рұқсат етілмейді.
5. Желдету мен жылыту жүйесіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
37. Әуежайдың үй-жайлары жылыту жүйесімен, желдеткішпен және салқындатқышпен жабдықталуы қажет.
38. Барлық сырттан кіретін есіктердің ауалық-жылу пердесі немесе жылытылатын тамбурлары болуы керек.
39. Отпен жылытатын құралдар мен желдеткіштің құрылысы, оларды шаң мен кірден ыңғайлы тазартуды қамтамасыз етуі керек.
40. Адамдар болатын аумақтағы ауа қозғалысының жылдамдығы қыс уақытында 0,3 метр секундтан (бұдан әрі - м/сек) аспауы керек.
41. Ауа соратын құрылғылар ластанған газдың, судың түсуін болдырмайтын жерде орналасуы керек.
42. Рециркуляциядан өтетін ауаны ерекше жағдайда, үй-жайға берілетін ауаның 30 пайызынан аспайтын көлемде ғана қолдану қажет. Рециркуляциядан өтетін ауа шаңсүзгіш және зарарсыздандырғыш сүзгіштер арқылы тазартылуы қажет. Үй-жайдың ішіндегі ауада, жолаушылар демалатын аумақта шаңның қанықпасы 0,5 миллиграмм текше метрден (бұдан әрі - мг/м 3 .), көмірқышқыл газының қанықпасы - 0,1 пайыздан (бұдан әрі - %) аспауы керек.
43. Фрамугтердің, сорып-шығаратын торлардың орналасуы үй-жайдың ішінде ауаның біркелкі алмасуын және бөлмені тікелей желдетілуін қамтамасыз етуі керек. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-60% шегінде болуы керек.
44. Желдеткіштің механикалық жолмен желдету жүйесі сыртқы ауаны табиғи жолмен алмастыруды жазғы уақытта бір адамға кем дегенде сағатына 30 текше метр (бұдан әрі - м 3 /сағ), ал қысқы және ауыспалы кезеңде сағатына 20м 3 қамтамасыз етуі керек. Табиғи жарығы жоқ жерасты және жер бетіндегі үй-жайларға жыл бойы барлық маусымда сағатына 60м 3 , билет кассаларына - бір кабинаға сағатына кем дегенде 100м 3 ауа алмастырылуы керек.
6. Жарықтандыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар
45. Жер бетіндегі үй-жайларды табиғи жарықтандыру терезелерді біркелкі орналастыруымен қамтамасыз етілуі керек. Терезенің әйнектелген бөлігінің алаңы еден алаңының 1:5 бөлігінен кем болмауға тиіс.
46. Терезелер және терезе витраждары рамаларының арасын жуу үшін ыңғайлы болуы керек және фрамугты ашып-жабатын құрылысы болуы керек.
47. Адамдар үнемі болатын үй-жайларда табиғи жарық болуы қажет.
48. Апатты жағдайда жарықтандыру әуежайдың төменгі үй-жайларында қарастырылуы керек: вестибюльде, жаяу жүретін тоннелдерде, дәліздерде, баспалдақтарда; бір мезгілде 100-ден аса адамдар болатын жекеленген үй-жайларда, аналар мен балалар бөлмесінде, демалыс бөлмелері мен медициналық пункттерде.
49. Апатты жарықтандыру едендегі жарықты 1 люкстен кем емес мөлшерде қамтамасыз етуі керек. Адамдарды апат жағдайында шығаратын есіктер, сол сияқты өрт сөндіретін гидранттар жарықтандырғыш көрсеткіштерімен жабдықталады.
50. Әуежайдың үй-жайларындағы шамдар айына кем дегенде екі рет, ашық кеңістікте жылына төрт реттен кем емес тазартылып отырылуы қажет.
51. Аналар мен балалардың ұйқы бөлмесінде кезекші жарықтандыру қарастырылуы керек.
7. Үй-жайларды күтіп-ұстауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
52. Әкімшілікпен үй-жайды және оның айналасына жақын жатқан аумақты тазалаудың технологиялық үрдісі, оның көлемі, регламенті және тәуліктік, толық тазалаудың еселігі бекітілуі қажет. Тазалау жұмыстарын штатта көрсетілген жұмысшы жүргізуі қажет.
53. Күнделікті тазалау жұмыстары ластану деңгейіне қарай, бірақ тәулігіне алты реттен кем жүргізілуі қажет. Тазалау жұмыстарына еденді, терезенің алдын, жиһаздарды жуу, дәретханаларды, қол жуатын орындарды, темекі шегетін бөлмелерді, қоқыс салатын жәшіктер және сауыттарды жуу және зарарсыздандыру енуі қажет.
54. Тазалауға қолданылатын құрал-саймандар таңбалануы ("дәретханаға арналған", "еденге арналған", "жиһазға арналған") қажет. "Жиһазға арналған" деген белгісі бар құралдарды қабырғаны жуу үшін де қолдануға рұқсат етіледі. Күту залдарын, вестибюльді тазалау үшін шағын механизация құралдарын, еден жуатын машиналарын немесе шаңды сорып алатын жүйелер, шаңсорғыштар және телескопиялық мұнараларды қолдану қажет.
55. Үй-жайларға толық тазарту жұмыстары айына кем дегенде екі рет жүргізілуі керек. Төбелерді, карниздерді, барельефті шаңнан тазарту шаңсорғышпен жүргізілуі, жарықтандыру құралдары, терезенің карниздері және витраждар, желдеткіш және жылыту құралдары жуылуы немесе сүртілуі қажет. Үй-жайларды тазалау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және зарарсыздандыру құралдарын қолданумен жүргізілуі қажет.
56. Үй-жайларда дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау іс-шаралары жүргізілуі қажет. Дезинфекциялау, дератизациялау, дезинсекциялау үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген құралдар қолданылуы қажет.
8. Аналар мен балалар бөлмесінің және
жолаушылардың ұзақ уақыт демалатын бөлмелерінің
құрылысына, жабдықталуына және күтіп ұстауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
57. Ана мен бала бөлмесі жер бетінің жекешеленген бөлігінде орналасуы, ұйықтайтын және ойнайтын үй-жайлардан тұруы қажет. Ана мен бала бөлмесін екінші қабаттан жоғары орналастыруға рұқсат етілмейді.
58. Ана мен бала бөлмесінде төмендегідей үй-жайлар жиынтығы болуы керек: қабылдайтын бөлме, бақша жасындағы балалар мен мектеп жасына дейінгі балалар үшін бөлек ұйықтайтын бөлмелер, киім ілетін, кептіргіш шкафы бар кір жуатын бөлме, ойнайтын, тамақ қабылдайтын және тамақ сақтайтын бөлме, санитарлық торап, себезгі бөлмесі. Барлық үй-жайлар қажетті жиһаздармен, құрал-жабдықтармен (баланы орайтын үстелдер, балалардың төсектері, ересектерге арналған төсектер немесе дивандар, ойыншықтар) жабдықталған болуы керек. Балалы аналардың бір ұйқы орнының көлемі 5,4 м 2 кем болмауы керек.
59. Ана мен баланың бөлмесіндегі терезені асхана мен санитарлық тораптың терезелерінің үстінде орналастыруға рұқсат етілмейді. Кір жуатын бөлменің есігі ұйықтайтын бөлеменің есігіне тікелей қарсы орналаспауы қажет.
60. Әуежай жанында жолаушылардың ұзақ уақыт демалуына арналған қонақ үйлері болуы қажет.
61. Қонақ үй болмаған жағдайда жолаушылардың ұзақ уақыт демалуына бөлме қарастырылуы қажет. Жолаушылардың ұзақ уақыт демалатын бөлмесі қажетті құрал-жабдықтармен (кресло, үстелдер, орындықтар, айналар) сырт киімдерді сақтайтын шкафтармен, қол жуғышы бар санитарлық тораптармен жабдықталады.
62. Үй-жайларда Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және зарарсыздандыру құралдарын қолданумен күн сайын ылғалды жинау жүргізілуі қажет.