Қазақстан Республикасының түзеу мекемелеріндегі жазаларын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмысын әрі қарай дамыту мақсатында, "Әділет органдары туралы" Заңның 7 бабы 2 тармақтың 3) тармақшасын басшылыққа алып,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" N 305
бұйрығына
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3228 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 110-1 тармақпен толықтырылсын:
"110-1. ТМ комиссиясы сотталғанға рақымшылық туралы қолдаухатта өзінің осы қолдаухаттың іс-жүзіндегі көзқарасын білдіреді.".
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының бірінші орынбасары
2006 жылғы 20 ақпан