Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010.03.29 N 202 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы N 294-ө "Қазақстан Республикасының "Ауыл аумақтарын және агроөндірістік кешенінің дамуын мемлекеттік реттеу туралы" Заңыніске асыру туралы" өкіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 2 сәуірдегі N 164 "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы" (2003 жылғы 25 сәуірдегі N 2247 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, 2003 жылы 29 қарашада N 48 (153) "Официальная газета" газетінде жарияланған); Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 26 қаңтарындағы N 85 бұйрығымен өзгерістер енгізілген (3434 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген) бұйрығына келесі толықтырулар және өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген, Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне:
1-тармақтағы "мақсатында" деген сөзден кейін "және ауылдық (поселкалық) округтарда (қалаларда) ауыл шаруашылық жануарларына есеп жүргізу" деген сөздермен толықтырылсын;
5 және 6 тармақтар мынадай мағынада жазылсын:
5. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша кешенді шаралар жоспарын аудандық (облыстық дәрежедегі қалалар) жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) дайындайды, сондай-ақ ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша компьютерлік мәліметтер базасын жасау және аудандық (облыстық дәрежедегі қалалар) және ауылдық (селолық) округтерге кодтарды бекіту.
6. Әкімшілік аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық инспекторының қатысуымен жергілікті атқарушы органдар ауылдық (селолық) округте және елді мекендерінде, аудандарда және облыстық дәрежедегі қалаларда ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша шараларды ұйымдастырады.";
7 тармақтағы "жылына бір рет (ағымдағы жылдың қазанында)" деген сөздер "жылына екі рет (ағымдағы жылдың қаңтар және шілде айларында)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8 тармақ мынадай мағанада жазылсын:
"8. Осы Ережелердің 3 тарауына сәйкес, қажетті мөлшердегі ветеринариялық паспорттарды және зооветеринариялық керек-жарақтарды (пластмассалық сырғалар, таңбалар және басқа да көмекші құралдарды) ветеринариялық клиникалардан, дәріханалардан және басқа да сатылатын орындардан сатып алуды түгендеу нәтижесі бойынша ауыл шаруашылық жануарларының иелері жүзеге асырады. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар белгілеген уақытта ауыл шаруашылық жануарларының иелері (әрі қарай - иелері) жануарларды бірдейлестіру рәсімдерін аяқтаулары тиіс.";
11 тармақтағы "иелерімен немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
12 тармақтағы "мемлекеттік ветеринариялық инспекторымен" деген сөздер "жергілікті атқарушы органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
14 тармақ мынадай мағынада жазылсын:
"14. Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша мәліметтердің компьютерлік базасынан және жануарларды тіркеу, есепке алу жорналынан есептен шығару үшін, немесе есепке қою үшін, ауыл шаруашылығы малдарын сатып алу, жоғалу, сою немесе сату жағдайларында мал иелері жергілікті атқарушы органдарды әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлайды;";
18 тармақта:
4) тармақшадағы "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мағанадағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) халықаралық стандарттарға сәйкес, бірдейлендірудің электронды түрі ауыл шаруашылық жануарларының барлық түрлері үшін".
2. Осы бұйрық, бірінші рет ресми түрде жарияланғаннан кейін, он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр