"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 17 қазандағы N 294-ө Өкімі

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңын (бұдан әрi - Заң) iске асыру мақсатында:

      1. Қоса берiлiп отырған Заңды iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтiк құқықтық кесiмдердiң тiзбесi (бұдан әрi - тiзбе) бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, тiзбеге сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобасын әзiрлесiн және белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн.

      3. Жергiлiктi атқарушы органдар екi ай мерзiмде Заңды iске асыру үшiн тиiстi ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн хабардар етсiн.

      Премьер-Министр

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрiнiң
                                            2005 жылғы 17 қазандағы
                                               N 294-ө өкiмiмен
                                                   бекiтiлген

             "Агроөнеркәсіптік кешендi және ауылдық
         аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы"
          Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
           мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
                 құқықтық кесiмдердiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің
2007.05.30 N 145 ; 2009.05.08 N 63-ө Өкімдерімен.

P/c
N

Нормативтік құқықтық кесiмнiң атауы

Кесiмнің нысаны

Орындалу мерзімi

Орындалуына жауапты

1

2

3

4

5

1

Ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметінiң
қаулысы

2006 жылғы наурыз

АШМ (жинақтау), ИСМ, Қаржыминi

2

Ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып aлу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тiзбесiн, сондай-ақ олардың сыйақысы мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметінiң
қаулысы

2006 жылғы наурыз

АШМ

3

Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң мемлекеттік ресурстарының көлемін, құрылымын, оларды қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметінiң
қаулысы

2006 жылғы наурыз

АШМ

4

Агроөнеркәсiптiк кешендi атаулы субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметінiң
қаулысы

2006 жылғы наурыз

АШМ

5

Мамандандырылған ұйымдарды қатыстырып, агроөнеркәсіптік кешендi қолдаудың тәртiбiн айқындау туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметінiң
қаулысы

2006 жылғы наурыз

АШМ

6

Ауыл шаруашылығы санағын өткiзудiң тәртiбi мен мерзiмiн бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметінiң
қаулысы

2006 жылғы желтоқсан

СА (жинақтау), АШМ

7

Ауылды оңтайлы қоныстандыру схемасын бекiту туралы

Қазақстан
Республикасы
Үкiметінiң
қаулысы

2013 жылғы маусым

АШМ (жинақтау), ЭБЖМ, Еңбекмині, облыс әкімдері

8

Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемасын бекiту туралы

Агроөнер-
кәсiптiк
кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы наурыз

АШМ

9

Агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiне өтеусiз негiзде берілетiн ақпарат пен қызметтердiң тізбесiн бекiту туралы

Агроөнер-
кәсiптiк
кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы наурыз

АШМ

10

Тракторларды және
олардың базасында
дайындалған өздігінен
жүретін шассилер мен
тетiктердi, монтаждал-
ған арнаулы жабдығы
бар тіркемелердi қоса
алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгінен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машина-
лары мен тетiктерiн, өткiзгiштігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тiркеу
ережесiн, жыл сайын
мемлекеттiк техникалық
тексеруден өткiзу
ережесiн, сондай-ақ
көрсетілген көлік құ-
ралдары мен тіркеме-
лердi, оның iшiнде се-
нiмхат бойынша пайда-
ланатын адамдарды тiр-
кеу және есепке алу
тәртiбiн, оларды жүр-
гiзу құқығына емтихан
қабылдау және тиiстi
құжаттар мен мемлекет-
тік тiркеу нөмiрi бел-
гілерiн бере отырып,
куәлiктер беру тәрті-
бiн белгілеу туралы

Агроөнер-
кәсiптiк
кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы наурыз

АШМ

11

"Ауыл шаруашылық жан-
уарларын бiрдейлендiру
туралы" Қазақстан Рес-
публикасы Ауыл шаруа-
шылығы министрiнiң
2003 жылғы 2 сәуiрдегi
N 164 бұйрығымен бекi-
тілген Ауыл шаруашылық
жануарларын бiрдейлен-
дiрудi жүргiзу ереже-
сiне өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу
туралы

Агроөнер-
кәсiптiк
кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы наурыз

АШМ

12

Ауылдық елдi мекендi әлеуметтiк және инженерлiк жайластыру нормативтерiн бекiту туралы

Уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың бұйрықтары

2007 жылғы маусым

АШМ (жинақтау), ДСМ, Еңбекминi, БҒM, MACM, ЭМРМ, ИСМ

13

Ауыл шаруашылығы өнiміне алдыңғы күнтiзбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағаны белгілеу әдiстемесi

Агроөнер-
кәсiптiк
кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2006 жылғы желтоқсан

АШМ

14

Сатып алынатын және сатылатын ауыл шаруашылығы өнiмiне тiркелген бағалар деңгейiн бекіту туралы

Агроөнер-
кәсiптiк
кешендi дамыту саласындағы уәкiлетті органның бұйрығы

2007 жылғы наурыз

АШМ

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
      ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
      МАСМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi
      Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгі
      ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
      Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгі
      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады