Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 30.12.2013 № 244 және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 30.12.2013 № 404-НҚ бірлескен бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмыстар және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрі
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2006 жылғы 10 мамырдағы N 147
және
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2006 жылғы 18 сәуірдегі N 113-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық
құбыр жолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен)
технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
1. Бөгде ұйымдарға тиесілі магистральдық мұнай құбырларын пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету.
2. Құйып алу кезінде мұнайды жылыту.
3. Депрессорлық қоспаны енгізу үшін мұнайды қосымша жылыту.