Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі N 113-НҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы N 147 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 30 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4243. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 244 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 404-НҚ бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мұнай және газ министрінің 30.12.2013 № 244 және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 30.12.2013 № 404-НҚ бірлескен бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 18-1-бабы 1-1-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмыстар және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Энергетика және минералдық
      ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы

Қазақстан Республикасы     
Энергетика және минералдық   
ресурстар министрінің     
2006 жылғы 10 мамырдағы N 147 
және              
Қазақстан Республикасы      
Табиғи монополияларды реттеу   
агенттігі төрағасының      
2006 жылғы 18 сәуірдегі N 113-НҚ
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық
құбыр жолдары арқылы тасымалдау салаларындағы реттеліп
көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен)
технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Бөгде ұйымдарға тиесілі магистральдық мұнай құбырларын пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету.
      2. Құйып алу кезінде мұнайды жылыту.
      3. Депрессорлық қоспаны енгізу үшін мұнайды қосымша жылыту.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады