Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009.05.28 N 233, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009.06.04 N 177-НҚ және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009.06.11 N 211-НҚ бірлескен бұйрығымен.
Тарифтеудің бірыңғай жүйесін реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Байланыс операторларының қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желілерінің өзара трафигіне секундалық тарифтеуді енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-ө және Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығына (N 2894 Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
атаудағы "қалааралық" деген сөзден кейін ", ұялы" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы 1-тармақтың "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы 1-тармақтың "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"2006 жылғы 1 маусымнан бастап ұялы қосылымдардың ішкі желілерін секундалық тарифтеуді 10 секундтан артық емес қадаммен тарифтеуді қамтамасыз ету.";
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"2006 жылғы 1 маусымнан бастап халықаралық телефон трафигін қоспағанда өзара байланыстағы телекоммуникация желілерінің өзара трафигіне операторлар тіркелген қосылымнан ұялыға, ұялы қосылымнан ұялы қосылымдарға 10 секундтан артық емес қадаммен секундалық тарифтеуге көшсін.".
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуіне ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Р.Р.Нұршабековке, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары Р.А.Ақбердинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің
төрағасы
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрлігінің
Бәсекелестікті қорғау
комитетінің төрағасы