Байланыс операторларының қалааралық, ұялы қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң өзара трафигiне секундалық тарифтеудi енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-ө, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2894. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 233, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009 жылғы 4 маусымдағы N 177-НҚ және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 11 маусымдағы N 211-НҚ бірлескен бұйрығы

       Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009.05.28 N 233, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2009.06.04 N 177-НҚ және ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009.06.11 N 211-НҚ бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 4.5 тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының байланыс операторлары:
      2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтеудің 10 секундтық қадамымен желі ішінде қалааралық (аймақішілік) қосылыстарды секундпен тарифтеуді қамтамасыз етсін*;
      2005 жылдың 1 шілдесінен бастап, халықаралық телефон трафигін қоспағанда, тарифтеудің 10 секундтық қадамымен байланыс операторларының өзара іс-әрекет ететін телекоммуникация желілері арасында трафикті секундпен тарифтеуге көшсін;
      2006 жылғы 1 маусымнан бастап ұялы қосылымдардың ішкі желілерін секундалық тарифтеуді 10 секундтан артық емес қадаммен тарифтеуді қамтамасыз ету.
      2006 жылғы 1 маусымнан бастап халықаралық телефон трафигін қоспағанда өзара байланыстағы телекоммуникация желілерінің өзара трафигіне операторлар тіркелген қосылымнан ұялыға, ұялы қосылымнан ұялы қосылымдарға 10 секундтан артық емес қадаммен секундалық тарифтеуге көшсін.
___________________________________________
      Ескерту: тарифтеудің 10 секундтық қадамы - қосылыс аралығының әрбір толық және толық емес 10 секунды.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 30-п, ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 119-П бірлескен бұйрығымен , 2006 жылғы 30 мамырдағы N 143-НҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының 2006 жылғы 26 мамырдағы N 135-НҚ Бірлескен бұйрығымен .
      2. <*>
      Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 203-б, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 390-НҚ бірлескен бұйрығымен .
      3. 2006 жылдың 1 қаңтарына дейін байланыс операторлары аппараттық және бағдарламалық құралдарға таратылатын барлық сертификаттау рәсiмдерiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      Сертификатталған жабдығы және есепке алудың аппараттық-бағдарламалық құралдары, және трафикті өлшеудің тексеруден өткен құралдары бар қосатын байланыс операторлары қосылатын байланыс операторында аталған құрал-жабдықтар жоқ болған жағдайда қосу шартына сәйкес өткізілетін трафиктердің есепке алынуын және биллингін қамтамасыз етсін
      Ескерту: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 203-б, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 390-НҚ бірлескен бұйрығымен , 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 30-п, 2005 жылғы 5 сәуірдегі N 119-П бірлескен бұйрығымен .
      4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi Агенттiгiнiң Байланыс саласындағы мемлекеттiк саясат және қаржылық реттеу департаментi (А.А.Сейтiмбеков) осы бұйрықты белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Төрағасының Бiрiншi орынбасары Ж.Д.Ертiлесоваға және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      жөніндегі агенттігінің
      Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      және бәсекелестiктi қорғау
      жөніндегі агенттігінің
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады