Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі
N 117
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз) қаулысымен
.
________________________________
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3810 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3400 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесінде:
1-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес акционерлер туралы мәліметтерді (қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар үшін, - өтініш берушінің ірі акционерлері туралы мәліметтерді);";
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7-1) бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, бастапқы бағалы қағаздар рыногында сатып алынған өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы айдың аяғындағы өтініш берушінің акционер заңды тұлғаларының меншікті капиталындағы өзгерістер туралы есепті (көрсетілген талап мемлекет атынан акционерлерге қолданылмайды);";
"9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, басқарушы қызметкерлермен келісу үшін ұсынылатын құжаттарды.
Қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар өтініш берушілер басшы қызметкерлердің уәкілетті органмен жасалған келісімін растайтын құжатты береді;";
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"11-1) ішкі аудит қызметі туралы ережені;
11-2) құрамы туралы мәліметтерді (инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алуға үміткер өтініш берушілер үшін) қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы бухгалтерлік балансты;
өтініш беруші басқармасының бірінші басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара атқаратын тұлға) және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жыл үшін қаржылық есебін.
Осы тармақшаның талаптары қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясы бар өтініш берушілерге қолданылмайды;";
2-тармақта:
1) тармақшадағы "өтініш берушінің алқалы атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке дара атқаратын тұлға) (бұдан әрі - бірінші басшы)" деген сөздер "өтініш беруші басқармасының бірінші басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшаның үшінші және алтыншы абзацтарындағы "өтініш беруші филиалының басшысы," деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшаның екінші абзацындағы "өтініш беруші филиалының басшысы," деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшаның екінші абзацындағы "өтініш беруші филиалының басшысы," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік куәліктерінің болуы талап етілмейді.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өтініш берушінің қаржылық қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда, мұндай өтініш беруші бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түріне лицензия алу мақсатында уәкілетті органға осы Ереженің 1-тармағының 1), 2), 6), 7), 9)-13) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.";
8-тармақтағы "алқалы атқарушы органының басшысына (атқарушы органның функцияларын жеке дара атқаратын тұлғаға)" деген сөздер "басқармасының бірінші басшысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтағы "жағдайда" деген сөз "лицензия алуға берілген өтініште көрсетілген мекен-жай өзгерген жағдайда, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-қосымшада:
Акционер туралы мәліметтерде (заңды тұлға үшін):
атауындағы "Акционер" деген сөзден кейін "(қатысушы)" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өтініш берушінің акционерге тиесілі дауыс беретін акциялар санының өтініш берушінің дауыс беретін акцияларының жалпы санына проценттік арақатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі.";
Акционер туралы мәліметтерде (жеке тұлға үшін):
атауындағы "Акционер" деген сөзден кейін "(қатысушы)" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өтініш берушінің акционерге тиесілі дауыс беретін акциялар санының өтініш берушінің дауыс беретін акцияларының жалпы санына проценттік арақатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына қатысу үлесі
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________";
"Өтініш беруші акционерінің қолы" деген жолдағы "акционерінің" деген сөзден кейін "(қатысушысының)" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы", "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестіктеріне жіберсін.