Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 117 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 1 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4696 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 87 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 21 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3400 тіркелген);
      2) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі N 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3810 тіркелген);
      3) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 116 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4274 тіркелген).

      3. Осы қаулы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж.Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (М.Б.Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, банктерге және "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2007 жылғы 30 сәуірдегі N 117   
қаулысымен бекітілді        

Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар
рыногындағы қызметті лицензиялау ережесі

      Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң) , "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беруінің шарттары мен тәртібін айқындайды.
      Осы Ереженің қолданысы екінші деңгейдегі банктерге және жинақтаушы зейнетақы қорларына таралмайды.
       Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232 қаулысымен.

1-тарау. Лицензия берудің шарттары мен тәртібі

      1. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алудан үміткер заңды тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) Осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес өтінішті;
      2) лицензиялау алымының бюджетке төленгендігін растайтын құжатты;
      3) заңды тұлға есебінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және жарғының нотариат куәландырған көшірмелерін;
      4) алынып тасталады  
      4-1) өтініш берушінің жарғылық капиталының барынша төмен мөлшерін төлегенін растайтын құжаттар;
      5) бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың (олар болған жағдайда) тізімін және мұндай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
      6) құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша осы Ереженің 2, 3-қосымшаларына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
      6-1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес қатысушысы шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын және резидент емес заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, күні және тіркелу орны туралы ақпараты бар, нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдерінде аудармасы бар сауда тізілімінен заңдастырылған көшірме немесе басқа заңдастырылған құжат;
      6-2) өтініш берушінің акционері болып табылатын, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға - қаржы ұйымы үшін – тізбесі Агенттік Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4139 тіркелген) – (бұдан әрі - N 55 қаулы), белгіленген халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірімен тағайындалған барынша төмен талап етілетін рейтінгінің болуы туралы мәліметтер;
      7) бухгалтерлік балансты, пайдалар мен залалдар туралы есепті, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті, өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы өтініш берушінің акционерлер - заңды тұлғаларының капиталындағы өзгерістер туралы есепті (көрсетілген талап мемлекет және ұлттық басқарушы холдингі, сондай-ақ клиенттердің шоттарын жүргізуге құқығы жоқ брокердің және (немесе) дилердің, тіркеушінің, акционерлік қоғамнан өзге ұйымдық-құқықтық нысанда жұмыс істейтін трансфер-агенттің атынан акционерлерге қолданылмайды).
      Өтініш берушінің акционері болып, тізбесі N 55 қаулысында белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен тағайындалған ВВ+ төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға акционері табылған жағдайда өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы қаржылық жылына аудиторлық ұйымымен расталған қаржылық есебі мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады; ;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, басшы қызметкерлерді келісілу үшін ұсынылатын құжаттарды;
      9) қызметкерлердің фамилиясы, аты және болған жағдайда әкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штаттық кестенің көшірмесін;
      10) бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;
      11) тексерулерді жүргізу тәртібін, кезеңділігін және бақылау органының есеп жасау мерзімдерін анықтайтын өтініш берушінің бақылау органы туралы ереже (бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін құжаттарын ұсынған өтініш берушілерді қоспағанда);
      12) құрамы туралы мәліметтерді (инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар алуға үміткер өтініш берушілер үшін) қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені;
      13) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін қажетті программалық-техникалық құралдарының және өзге жабдықтарының болуын растайтын мынадай құжаттардың көшірмелері:
      жабдықтарды жеткізу шарты;
      жабдықтарды қабылдау-тапсыру актісі;
      лицензиялардың санын көрсете отырып, программалық қамтамасыз етуді әзірлеу және (немесе) жеткізу шарты;
      программалық қамтамасыз етуді қабылдау-тапсыру актісі;
      қорғауды және қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі құжаттар (ақпаратты резервілеу тәртібінің сипаттамасы, деректерге қол жетімділігін бөлу механизмінің сипаттамасы, қалпына келтіру жоспары, ішкі бақылау механизмдері).
      Программалық өнімді дербес әзірлеген жағдайда не программалық өнімді басқа тұлғамен өтініш берушіге өтеусіз тапсырған жағдайда осы тармақшаның екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
      Сондай-ақ, ұсынылған құжаттарда мынадай ақпарат көрсетіледі: пайдаланылатын программалық қамтамасыз етудің атауы (серверлік операциялық жүйелер, деректер базаларын басқару жүйелері), версиялар, лицензияның болуы туралы мәліметтер.
      Құжаттардың көшірмелері бірінші басшының қолымен және өтініш берушінің мөр таңбасымен расталады;
      14) өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік балансты;
      15) өтініш беруші басқармасының бірінші басшысы және оның бас бухгалтері қол қойған, ағымдағы жылы құрылған акционерлік қоғамдарды қоспағанда, аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есебін;
      16) директорлар кеңесімен бекітілген жақын арадағы үш жылға арналған және Заңның 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтерін қамтыған бизнес-жоспар.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232, 2010.03.29 N 49, 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      2. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензияны алу үшін осы ереженің 1-тармағының 1), 2), 10), 12), 16) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      3. Осы Ереженің 1 және 2-тармақтарында санамаланған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артқы жағына тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйіншегіне жапсырылған жапсырманың үстіне өтініш берушінің мөрімен куәландырылып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығына ие өтініш берушінің лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен куәландырылады.

      4. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында қызметтің қосымша түрін жүзеге асыруға лицензия мына жағдайларда беріледі:
      1) бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді лицензия беру туралы өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі ай ішінде орындаса;
      2) лицензия беруге өтініш берген күн алдындағы үш жүйелі ай ішінде санкциялар болмаса.

      5. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар уәкілетті органмен құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап отыз жұмыс күн ішінде қаралады.
      Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органында тіркелген заңды тұлғалардың лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күн ішінде қарайды.
       Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232 қаулысымен.

      6. Лицензия алуға ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына және осы ережеге сәйкес келген жағдайда өтініш берушіге осы ереженің 4-қосымшасына сәйкес лицензия беріледі.

      7. Лицензия өтініш беруші басқармасының бірінші басшысына не сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.

      8. Лицензия беруден бас тартуды Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерімен белгіленген негіздемелер бойынша уәкілетті орган жүргізеді. Өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту туралы лицензия беру үшін белгілеген мерзімде жазбаша нысанда дәлелденген жауап беріледі.

      9. Бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлға лицензия алуға өтініште көрсетілген адрес өзгертілген жағдайда, сондай-ақ осы Ереженің 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларда көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды енгізілсе, уәкілетті органға оларды енгізген күннен бастап, он күн ішінде өзгертулер мен толықтыруларды ұсынады.
       Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232 қаулысымен.

      10. Заңды тұлғаның бағалы қағаздар нарығында қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияны ерікті қайтаруы заңды тұлғаның өтініші негізінде тек заңды тұлға тиісті қызмет түрлері бойынша міндеттемелері жоқ екендігі туралы кепілдік-хатты бергеннен кейін, сондай-ақ көрсетілген қызмет түрлері бойынша қолданыстағы шарттар болмаған жағдайда ғана іске асырылады.
      Лицензияны ерікті түрде қайтару туралы ақпаратты заңды тұлға оны уәкілетті органға қайтарған күнге дейін алпыс күнтізбелік күннен кешіктірмей республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Заңды тұлға уәкілетті органға лицензияны ерікті қайтарған кезде бір уақытта өтінішпен бірге осы тармақта көрсетілген іс-шаралардың орындалуын растау туралы хатты ұсынады.
       Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232 қаулысымен.

2-тарау. Қорытынды ережелер

      11. Уәкілетті органның не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша уәкілетті орган ресми wеb-сайтта орналастыру арқылы лицензияларды беру, айыру, тоқтата тұру, тоқтату және жаңарту туралы ақпаратты ашады.

      12. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасында заңнамамен белгілеген тәртіппен рұқсат беруге жатады.

                                         Қазақстан Республикасы 
                                      бағалы қағаздар рыногындағы
                                     қызметті лицензиялау ережесінің
                                               1-қосымшасы

       Ескерту: 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232, 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

____________________________________________________________________
            (уәкілетті органның толық атауы)
____________________________________________________________________
             (өтініш берушінің толық атауы)

                            Өтініш ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерін көрсетсін) жүзеге асыру
құқығына лицензия беруді сұраймын
      Өтініш беруші туралы мәліметтер:
      1. Атауы, орналасқан орны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі)
____________________________________________________________________
                        (телефон, факс).
      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
куәліктің нөмірі мен күні:
____________________________________________________________________
      3. Бизнес – сәйкестендіру нөмірі:
____________________________________________________________________
      4. Жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу
туралы куәліктің нөмірі мен күні (акционерлік қоғамның ұйымдастыру
құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін):__________________________
      5. Өтініш берушінің банктік шоты ашылған банктің банктік
бірегейлендірілген коды, атауы және орналасқан орны
____________________________________________________________________
      6. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша
дана және парақ саны:
____________________________________________________________________
      Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері)
өтінішке қоса берілетін құжаттардың (ақпараттың) сенімділігіне
толығымен жауапкершілікті алады.
____________________________________________________________________
(өтінішті беруге уәкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты болса)

(күні және қолы)

Мөр орны

                                          Қазақстан Республикасы
                                      бағалы қағаздар рыногындағы
                                     қызметті лицензиялау ережесінің
                                              2-қосымшасы

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232 қаулысымен.

            Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
                      (заңды тұлға үшін )

____________________________________________________________________
                (өтініш берушінің толық атауы)

      1. Өтініш берушінің акционері (қатысушысы):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                        (толық атауы)
      Орналасқан орны:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                  (почта индексі, адресі)
      Байланысу деректемелері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(телефон және факстің нөмірі, бар болса электронды почтаның адресі)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берген күні, кім берген)

      Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі:
____________________________________________________________________

      Қызметтің негізгі түрі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      2. Өтініш берушінің акционерге тиесілі дауыс беретін акциялар
санының өтініш берушінің дауыс беретін акцияларының жалпы санына
пайыздық арақатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына
қатысу үлесі:
____________________________________________________________________
      3. Өтініш берушінің акцияларын төлеуге (өтініш берушінің
жарғылық капиталына қатысу үлесіне) ақша беру алдындағы өтініш
берушінің акционерінің (қатысушының) меншікті капиталының мөлшері
және өтініш берушінің акцияларын төлеуге (өтініш берушінің жарғылық
капиталына қатысу үлесіне) берілген сома.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      4. Акционердің (қатысушының) жарғылық капиталының төлемін
растайтын құжаттардың деректемелері (төлем тапсырмаларының нөмірі
және күні, кіріс кассалық ордерлер):
____________________________________________________________________
      5. Өтініш берушінің акционерінің (қатысушының) қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғалардың құруына және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер (тізбесі N 55 қаулысымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен тағайындалған ВВ+ төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар резидент емес заңды тұлға акционері болып табылатын жағдайда көрсетілген мәліметтер ұсынылмайды):

Толық атауы/ тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты)

Орналасқан орны/тұрғылықты орны (Қазақстан Республикасының резиденті/ резидент емесі)

Дауыс беретін акцияларының пайызы немесе жарғылық капиталдағы үлесі

Қызметтің негізгі түрі





        6. Өтініш беруші акционерінің дауыс беретін акцияларының он
және одан да артық пайызына не өтініш беруші акционерінің
(қатысушысының) жарғылық капиталында оның жарғылық капиталының он
және одан да артық пайызын құрайтын қатысу үлесіне ие өтініш беруші
акционерінің (қатысушысының) қатысушылары, акционерлері туралы
мәліметтер:

Атауы/фамилиясы, аты және әкесінің аты (бар болса)

Орналасқан орны/тұрғылықты орны (Қазақстан Республикасының резиденті/ резидент емесі)

Дауыс беретін акцияларының пайызы немесе жарғылық капиталдағы үлесі

Қызметтің негізгі түрі

      7. Өтініш берушінің акционері (қатысушысы) қатысатын
өндірістік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер,
қауымдастықтар, консорциумдар туралы, ұйымдардың толық атауы,
орналасқан орны көрсетілген мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      8. Өтініш берушінің акционерінің (қатысушысының) осы
сауалнаманың 3-5 тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын басқа да
аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      9. Өтініш берушінің акционерінің (қатысушысының) басшысы
туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
            (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))

      "___"______________20___жыл.

      Өтініш берушінің
      акционері (қатысушысы) басшысының қолы
      __________________________

      Мөр орны

                                          Қазақстан Республикасы
                                       бағалы қағаздар рыногындағы
                                     қызметті лицензиялау ережесінің
                                               3-қосымшасы

       Ескерту: 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008.12.29 N 232 қаулысымен.

              Акционер (қатысушы) туралы мәліметтер
                       (жеке тұлға үшін)
____________________________________________________________________
                (өтініш берушінің толық атауы)
      1. Өтініш берушінің акционері (қатысушысы)
____________________________________________________________________
            (фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса))
      Туған жылы және күні
____________________________________________________________________
      Азаматтығы
____________________________________________________________________
      Жеке тұлғасын куәландыратын құжаттың деректері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берген күні, кім берген)

      Тұрғылықты жері_______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                  (почтаның индексі, адресі)
      Байланысу деректемелері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
             (телефон нөмірі, электронды почтаның адресі)

      Жұмыс орны (адрес, лауазымды көрсете отырып,)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      2. Өтініш берушінің акционерге тиесілі дауыс беретін акциялар
санының өтініш берушінің дауыс беретін акцияларының жалпы санына
пайыздық арақатынасы немесе өтініш берушінің жарғылық капиталына
қатысу үлесі:
____________________________________________________________________
      Өтініш берушінің акцияларын төлеуге (өтініш берушінің жарғылық
капиталына қатысу үлесіне) ақша беру алдындағы өтініш берушінің
акционерінің (қатысушының) меншікті қаражатының мөлшері және өтініш
берушінің акцияларын төлеуге (өтініш берушінің жарғылық капиталына
қатысу үлесіне) берілген сома:
____________________________________________________________________
      4. Жарғылық капиталының төлемін растайтын құжаттардың
деректемелері (төлем тапсырмаларының нөмірі және күні, кіріс
кассалық ордерлер):
____________________________________________________________________
      5. Өтініш берушінің акционерінің (қатысушының) қатысушы, акционер ретінде өзге заңды тұлғалардың құруына және қызметіне қатысуы туралы мәліметтер (тізбесі N 55 қаулысымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен тағайындалған ВВ+ төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар резидент емес заңды тұлға акционері болып табылатын жағдайда көрсетілген мәліметтер ұсынылмайды):

Толық атауы/ тегі, аты, (бар болса - әкесінің аты)

Орналасқан орны/тұрғылықты орны (Қазақстан Республикасының резиденті/ резидент емесі)

Дауыс беретін акцияларының пайызы немесе жарғылық капиталдағы үлесі

Қызметтің негізгі түрі





        6. Өтініш берушінің акционерінің (қатысушысының) осы
сауалнаманың 3-тармағында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сондай болып табылатын басқа да
аффилирленген тұлғалары туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      "__"________20__жыл

      Өтініш беруші акционерінің (қатысушысының) қолы
      ________________________

                                         Қазақстан Республикасы
                                      бағалы қағаздар рыногындағы
                                     қызметті лицензиялау ережесінің
                                              4-қосымшасы

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.07.16. N 212 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.) Қаулысымен.

    (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген
                        бланкісінде басылады)
                  Уәкілетті органның толық атауы
         Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға
                             Лицензия

      Лицензия нөмірі ______     Берілген күні "___"___________жыл

____________________________________________________________берілді
                 лицензиаттың толық атауы
      Осы лицензия бағалы қағаздар рыногындағы қызметтің мынадай
түрлерін жүзеге асыруға құқық береді:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      Бірінші рет бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге
асыруға алынған лицензия туралы деректер:
____________________________________________________________________
      (нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы).

      Уәкілетті органның Төрағасы
      (Төрағаның орынбасары)________________________________________

      Мөр орны

      Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады