Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2006 жылғы 7 тамыздағы N 192-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 тамызда тіркелді. Тіркеу N 4358. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Труба құбырлары және су кәріздері жүйелері саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.Г.Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның міндетін атқарушы



  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің
2006 жылғы 7 тамыздағы
N 192-НҚ бұйрығымен бекітілген

Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің
(тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын
сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу
мөлшері мен тетігін келісу ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ бұйрығымен.

      2. Осы Ереже реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу тәртібін айқындайды.

      3. Осы Ереженің мақсаты үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат етiлген реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтыну көлемiн есептеуге арналған техникалық құрылғы;

      2) төлем құжаты - табиғи монополия субъектiсiнiң құжаты (есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде жасалған шот, хабарлама, түбiртек, ескерту шоты) оның негiзiнде реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) төлем жүргiзiледі;

      3) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетiн нарық субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенушi жеке немесе заңды тұлға;

      4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ, 2012.11.19 № 289-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2. Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын
сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері
мен тетігін келісу тәртібі

      4. Табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі - Субъект) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын тұтынушыларға орнату кестесін (бұдан әрі - Кесте) әзірлейді.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.11.19 № 289-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақының (бұдан әрі - Ақы) мөлшерін Субъект есептейді және уәкілетті органмен келісіледі. Ақыны бекіту туралы Субъектінің шешімі Ақыны өндіріп алу мерзімін көрсете отырып, Субъектінің бірінші басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бұйрығының түрінде қолданылады.

      6. Үй-жайлардың алаңына не тұрғын үйдегi пәтерлердiң санына қарай Ақы және Ақыны өндiрiп алу мерзiмi сараланады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.11.19 № 289-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Субъект ақыны бекiту туралы бұйрықты уәкiлеттi органға қарауға және келiсу үшін Кестенi, сондай-ақ Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату шығындарын негiздейтiн есептердi және құжаттарды қоса бере отырып, оған қол қойған күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде ұсынады. Негiздеушi материалдардың әрбiр парағына Субъектiнiң бiрiншi басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.11.19 № 289-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган Субъекті ұсынған Ақыны бекіту туралы шешімін және Ақы есебінің негіздеуші материалдарына олар уәкілетті органға түскен күннен бастап 30 жұмыс күн ішінде қарайды.

      8-1. Уәкілетті орган Субъектінің Ақыны бекіту туралы шешімін және Ақы есебіне негіздеуші материалдары қарау нәтижелері бойынша Субъектіге келісілгені туралы хат жібереді.

      Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.11.19 № 289-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Субъект ұсынған Кестенi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына жолдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.11.19 № 289-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ақпарат құралымдығы коммерциялық құпия уәкiлеттi органға оны ұсынудан бас тартуға негiзi болып табылмайды, бұл ретте Субъект және өзге де мүдделi тұлғалар уәкiлеттi органға ақпаратты ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн айқындайтын iшкi актiнiң қосымшасын қоса бере отырып, коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң толық тiзбесiн көрсетеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.11.19 № 289-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ескерту. 11-тармақ алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.11.19 № 289-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Субъект жеке қосалқы шотта реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға байланысты шығындар мен табыстардың есебін жүргізеді.

      13. Субъект реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарына ақы төлеу үшін тұтынушыға ұсынған төлем құжатында осы Ережеде белгіленген тәртіппен келісілген Ақы көрініс табатын жеке жолды көздейді.

      14. Субъект тұтынушыға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын тұтынушымен жасалған шартқа сәйкес сатып алады және орнатады.

      15. Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдары Субъектіге тұтынушы реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алынған және орнатылған барлық құнына ақы төлегеннен кейін тұтынушының меншігіне өтеді.

Об утверждении Правил согласования размера и механизма взимания платы за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ)

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 7 августа 2006 года № 192-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 августа 2006 года № 4358. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 42.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 22.05.2020 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 17-1) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках " ПРИКАЗЫВАЮ :

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 05.02.2009 N 30-ОД (порядок введения в действие см. п. 5).

      1. Утвердить прилагаемые Правила согласования размера и механизма взимания платы за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ).

      2. Департаменту по регулированию и контролю в сфере трубопроводных и водоканализационных систем Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Аскарова А.Г.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Есиркепов Е.О.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:

      1) обеспечить в установленном порядке его официальное опубликование в средствах массовой информации;

      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Нефедова А.П.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

И.о. Председателя



  Утверждены приказом
Председателя Агентства
Республики Казахстан
по регулированию
естественных монополий
от 7 августа 2006 года
N 192-ОД

Правила согласования размера и механизма
взимания платы за приобретение и установку приборов
учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ)
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила согласования размера и механизма взимания платы за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ) (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 05.02.2009 N 30-ОД (порядок введения в действие см. п. 5).

      2. Настоящие Правила определяют порядок согласования размера и механизма взимания платы за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ).

      3. Для целей настоящих Правил используются следующие основные понятия:

      1) прибор учета - техническое устройство, предназначенное для учета объема потребления регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ), разрешенное к применению в установленном законодательством порядке;

      2) платежный документ - документ (счет, извещение, квитанция, счет-предупреждение, составленное на основании показаний приборов учета) субъекта естественной монополии, на основании которого производится оплата за регулируемые коммунальные услуги (товары, работы);

      3) потребитель - физическое или юридическое лицо, пользующееся или намеревающееся пользоваться регулируемыми услугами (товарами, работами) субъектов естественной монополии и регулируемого рынка;

      4) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках.

      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказами Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 05.02.2009 N 30-ОД (порядок введения в действие см. п. 5); от 19.11.2012 № 289-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок согласования размера и механизма
взимания платы за приобретение и установку
приборов учета регулируемых коммунальных услуг
(товаров, работ)

      4. Субъект естественной монополии (далее - Субъект) разрабатывает график установки потребителям приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ) (далее - График).

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 19.11.2012 № 289-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Размер платы за приобретение и установку приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ) (далее - Плата) рассчитывается Субъектом и согласовывается с уполномоченным органом. Решение Субъекта об утверждении Платы принимается в виде приказа первого руководителя Субъекта, либо лица исполняющего его обязанности, с указанием срока взимания Платы.

      6. В зависимости от площади помещений либо количества квартир в жилом доме дифференцируются Плата и (или) сроки взимания Платы.

      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 19.11.2012 № 289-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Приказ об утверждении Платы представляется Субъектом в уполномоченный орган для рассмотрения и согласования в течение 3 рабочих дней со дня его подписания с приложением Графика, а также расчетов и документов, обосновывающих затраты на приобретение и установку Субъектом приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ). Каждый лист обосновывающих материалов парафируется первым руководителем Субъекта либо лицом его замещающим.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 19.11.2012 № 289-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Уполномоченный орган рассматривает представленные Субъектом решение об утверждении Платы и обосновывающие материалы к расчету Платы в течение 30 рабочих дней со дня поступления их в уполномоченный орган.

      8-1. По результатам рассмотрения решения Субъекта об утверждении Платы и обосновывающих материалов к расчету Платы, уполномоченный орган направляет Субъекту письмо о согласовании.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 8-1 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 19.11.2012 № 289-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Субъект направляет представленный График в местный исполнительный орган области (города республиканского значения).

      Сноска. Пункт 9 в редакции приказа Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 19.11.2012 № 289-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Коммерческая тайна в составе информации не служит основанием отказа в ее предоставлении уполномоченному органу, при этом Субъект и заинтересованные лица при предоставлении информации уполномоченному органу указывают исчерпывающий перечень сведений, составляющих коммерческую тайну с приложением копии внутреннего акта, определяющего перечень сведений, составляющих коммерческую тайну.

      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 19.11.2012 № 289-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Исключен приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 19.11.2012 № 289-ОД (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Субъект на отдельном субсчете ведет учет затрат и доходов, связанных с приобретением и установкой приборов учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ).

      13. Субъект, в платежном документе, предъявляемом потребителю к оплате за регулируемые коммунальные услуги (товары, работы), предусматривает отдельную строку, где отражается Плата, согласованная в установленном настоящими Правилами порядке.

      14. Субъект приобретает и устанавливает потребителю прибор учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ) в соответствии с договором, заключенным с потребителем.

      15. Прибор учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ) переходит в собственность потребителя после оплаты потребителем Субъекту всей стоимости приобретения и установки данного прибора учета регулируемых коммунальных услуг (товаров, работ).