Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың атауына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
1. Карантиндік объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алу және жою жөніндегі ереже бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
2. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
төрағасының орынбасары -
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры
31.08.2006 жыл
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Кедендік бақылау
комитетінің төрағасы
25.08.2006 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2006 жылғы 18 шілдедегі
N 465 бұйрығымен бекітілген
Карантиндік объектілермен залалданған, залалсыздандыруға
немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған
өнімді (жүктерді) алу және жою жөніндегі ереже
Ескерту. Ереженің атауында және бүкіл мәтін бойынша «(жүктерді)», «(жүктер)», «(жүктің)», «(жүкті)», «(жүктерде)», «(жүк)», «жүк» деген сөздер алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
Карантиндік объектілермен залалданған, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алу және жою жөніндегі осы ереже "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілердің әкелінуі мен таралуынан қорғау мақсатында әзірленген.
1. Жалпы ереже
1. Карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді, сондай-ақ көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге (оның транзитіне) тыйым салынады.
2. Карантиндік объектілерді анықтау мақсатында, әкелінетін карантинге жатқызылған өнім фитосанитариялық бақылау бекеттерінде – шекара және кеден пункттері аумағында (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізетін пункттер) орналасқан, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган ведомствосының бөлімшелерінде (бұдан әрі – фитосанитариялық бақылау бекеті) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен кедендік ресімдеуге дейін тексерілуге және сарапталуға жатады. Карантинге жатқызылған өнімді карантиндік тексеру және сараптама қысқа мерзімде жүргізіледі және үш тәуліктен аспауы тиіс.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
3. Фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған өнімді тексеру және сараптама кезінде карантиндік объектілер анықталған жағдайда өнім экспортшы елге қайтаруға, залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
4. Карантинге жатқызылған өнімді қайтару, залалсыздандыру немесе қайта өңдеу жөніндегі шешімді облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторымен келісу бойынша өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор қабылдайды.
Бұл ретте өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізу туралы нұсқау береді және карантинге жатқызылған өнімнің иелері карантиндік объектілер анықталған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде тиісті өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізеді.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
5. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді белгілі бір себептермен жеткізушіге қайтару мүмкін болмаса, ал залалсыздандыру немесе қайта өңдеу карантиндік объектілерді толық жоюға кепіл болмаса және олардың ену және таралу қаупі төнсе, мұндай өнім алынып жойылады.
6. Карантинге жатқызылған өнімді алуға және жоюға байланысты мәселелерді карантиндік, шекаралық және кедендік қызмет орындары өкілдерінің бірлескен бұйрығымен құрылған Тұрақты комиссия осы өнімді тікелей тексерген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың ресми қорытындысының негізінде шешеді.
7. Комиссияны өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы басқарады. Оның мүшелерінің саны үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия жұмысына ғылыми қызметкерлер, өсімдіктер карантині саласындағы мамандар және тәуелсіз сарапшылар қатыстырылуы мүмкін.
8. Карантинге жатқызылған өнімнің иесі табылмаса немесе карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімнен бас тартса, карантинге жатқызылған өнімді тасып шығаруға, қайта өңдеуге немесе жоюға байланысты мәселелерді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары шешеді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
2. Карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді алу мен жоюдың тәртібі
9. Карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілер табылған сәттен он күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілген карантиндік объектілердің болуына соңғы қорытындының нәтижелері бойынша карантиндік объектілермен залалданған карантинге жатқызылған өнімді қайтару, залалсыздандыру және қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайда Комиссия бұл өнімді алу және жою туралы, қосымшаға сәйкес, тиісті Акт (бұдан әрі - Акт) жасайды.
Актіге міндетті түрде карантинге жатқызылған өнімді тексерген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың қорытындысы, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық карантиндік лаборатория берген фитосанитарлық куәлік қоса беріледі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
10. Қабылданған шешімнің негізінде Комиссия залалданған карантинге жатқызылған өнімді оқшаулау және сақтығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады және ол жойылғанға дейін оны жою тәртібін әзірлеп оның иесін таныстырады да жойылатын орны мен жою тәсілін анықтайды.
11. Комиссия шешімімен карантинге жатқызылған өнім жоюға дайындалады, бұл іс-шараларға тиісті қызмет орындары қатыстырылады.
12. Карантиндік объектілердің таралып кетуіне және карантинге жатқызылған өнімді ұрлау мүмкіндігіне жол бермеу мақсатында сақтау, уақытша сақтау қоймаларында немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары белгілеген арнайы орындарда, кеден қызмет орындарының органдарымен келісу бойынша жүргізілуі тиіс.
13. Карантинге жатқызылған өнімді жоюды, тиісті қызмет орындарының және өнім иесінің қатысуымен Комиссия жүргізеді.
14. Карантинге жатқызылған өнімді жою фактісі Комиссияның барлық мүшелерінің және оның иесінің қолдары қойылатын, осы ереженің қосымшадағы нысанға сәйкес жасалған Актісімен рәсімделеді.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
15. Залалданған карантинге жатқызылған өнімді сақтауға, тасымалдауға және көмуге байланысты барлық шығыстар осы өнімнің иелерінің қаражаты есебінен, ал олар болмағанда - егер тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге көзделмесе, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Карантиндік объектілермен залалданған,
залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге
келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алу және жою жөніндегі ережеге
Қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.11.13 № 652 бұйрығымен.
Карантиндік объектілермен залалданған
карантинге жатқызылған өнімді
алу және жою туралы
АКТ
Акт жасалған орын акт жасалған күн
Комиссия мына құрамда____________________________________________
__________________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
алуды және жоюды жүргізді.
__________________________________________________________________
(өнімнің атауы, мөлшері)
__________________________________________________________________
өнім иесінің атауы, аты-жөні)
__________________________________________________________________
(жоюдың әдісі және орны көрсетіледі)
Негіздемесі_______________________________________________________
Қайсы құжаттың негізінде өнім алынғанын және жойылғанын (құжат нөмірін) көрсету қажет
__________________________________________________________________
Комиссия
мүшелерінің қолдары: _______________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
200___ жылғы "___"_________
Өнім иесінің қолы: ___________________________________
(аты-жөні, лауазымы)
200___ жылғы"___"___________