"Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 911 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 тамыздағы N 468 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 қыркүйектегі тіркелді. Тіркеу N 4397. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 5 сәуірдегі № 125 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 05.04.2013 № 125 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 911  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2171 тіркелген, Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 ж., N 23-24, 855-құжатта жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3653 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 19 мамырдағы N 311  бұйрығына сәйкес енгізілген өзгерістер   мен толықтырулар)   мынадай  өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ғылыми  ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесінде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Аттестаттаудан жүкті әйелдер босатылады. Еңбек демалысындағы тұлғалар, бала күту демалысындағы әйелдер, сондай-ақ дәлелді себептер бойынша қатыспағандар жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттаудан өтеді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Мемлекеттік ғылыми ұйымдарда, оның ішінде еншілес мемлекеттік кәсіпорындарда, аттестаттауды өткізу үшін 7 адамнан тұратын аттестаттау комиссиялары құрылады, олар аттестаттаудың нысаны мен рәсімдерін, аттестаттауды өткізудің нақты мерзімдерін айқындайды, аттестатталушының жұмысына талдау жасайды, аттестаттаудың қорытындылары бойынша шешімдер шығарады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мемлекеттік ғылыми ұйымның аттестаттау комиссиясы кадр қызметінің ұсынысы бойынша ғылыми ұйымның басшысымен құрылады. Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның аттестаттау комиссиясы негізгі және еншілес кәсіпорындардың кадр қызметтерінің ұсынысы бойынша негізгі кәсіпорынның басшысымен құрылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Мемлекеттік ғылыми ұйымдардың аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау өткізілетін ғылыми ұйымның басшылары, кадр және заң қызметтерінің қызметкерлері және білімнің белгілі бір саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Ғылыми ұйымның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы мен хатшысын тағайындайды. Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау өткізілетін ғылыми ұйымның басшылары, кадр және заң қызметтерінің   қызметкерлері, негізгі кәсіпорынның және білімнің белгілі бір саласында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. Негізгі кәсіпорынның басшысы аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссияның төрағасы мен хатшысын тағайындайды."; 

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
      "10. Аттестаттау комиссиясының жеке құрамы мен өкілеттік мерзімі ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен анықталады.";

      11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Ғылыми қызметкерлерді аттестаттау кезінде, олардың жарияланымдық белсенділігін және ғалымның цитаталық индексін (белгілі бір уақыт аралығындағы отандық және шетелдік ғалымдар мен мамандардың осы ғалымның еңбектеріне сілтеме жасауларының саны) есептеу қажет. Ғалымның цитаталық индексін Қазақстанның ғылыми-технологиялық дамуының басым проблемалары жөніндегі ғалымдар мен мамандардың жарияланымдары бойынша құрылған ақпараттық ресурстар базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы анықтайды және аттестаттау комиссиясының сұратуы бойынша ұсынылады. Цитаталық индекс жүргізіліп отырған зерттеулердің ерекшелігін ескере отырып қолданылады (қызмет бабында пайдалану үшін, құпия, өте құпия, аса маңызды).";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ғылыми  ұйымдардың ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлерін аттестаттау ережесінің қосымшасы:
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "3-1. Ғылыми қызметкердің жарияланымдарының саны, соның ішінде соңғы бес жылда.

      3-2. Ғалымның цитаталық индексі".

      3. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін. 

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

       Министр

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 911 "Об утверждении Правил аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 августа 2006 года N 468. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 21 сентября 2006 года N 4397. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 апреля 2013 года № 125

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 05.04.2013 № 125.

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в  приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 911 "Об утверждении Правил аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2171, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2003 г., N 23-24, ст. 855; с изменениями и дополнениями, внесенными в соответствии с  приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 19 мая 2005 года N 311, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3653, опубликованным в "Юридической газете" от 6 октября 2005 года N 184 (918), следующие изменения и дополнения:
      в  Правилах аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций, утвержденных указанным приказом:
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. От аттестации освобождаются беременные женщины. Лица, находящиеся в трудовом отпуске, женщины, находящиеся в отпуске по уходу за ребенком, а также лица, отсутствующие по уважительной причине, проходят аттестацию после выхода на работу.";
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      "7. Для проведения аттестации в государственных научных организациях, в том числе в дочерних государственных предприятиях, создаются аттестационные комиссии в количестве 7 человек, которые определяют формы и процедуры, конкретные сроки проведения аттестации, проводят анализ работы аттестуемого, выносят решения по итогам аттестации.";
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      "8. Аттестационная комиссия государственной научной организации создается руководителем научной организации по представлению кадровой службы. Аттестационная комиссия дочернего государственного предприятия создается руководителем основного предприятия по представлению кадровых служб основного и дочернего предприятий.";
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      "9. В состав аттестационной комиссии государственных научных организаций включаются руководители, работники кадровой и юридической служб научной организации, в которой проводится аттестация, и представители других организаций, осуществляющих научную и (или) научно-техническую деятельность в определенной области знаний. Руководителем научной организации из числа членов аттестационной комиссии назначается председатель и секретарь комиссии.
      В состав аттестационной комиссии дочерних государственных предприятий включаются руководители, работники кадровой и юридической служб научной организации, в которой проводится аттестация, представители основного предприятия и других организаций, осуществляющих научную и (или) научно-техническую деятельность в определенной области знаний. Руководителем основного предприятия из числа членов аттестационной комиссии назначается председатель и секретарь комиссии.";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. Персональный состав и сроки полномочий аттестационной комиссии определяются приказом руководителя научной организации.";
      пункт 11 дополнить частью следующего содержания:
      "При аттестации научных сотрудников необходимо учитывать их публикационную активность и индекс цитируемости ученого (количество ссылок на труды данного ученого за определенный промежуток времени в научных публикациях отечественных и зарубежных ученых и специалистов). Индекс цитируемости ученого определяется Национальным центром научно-технической информации Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан на базе информационных ресурсов, сформированных по публикациям ученых и специалистов по приоритетным направлениям научно-технологического развития Казахстана, и представляется по запросу аттестационной комиссии. Индекс цитируемости применяется с учетом специфики проводимых исследований (для служебного пользования, секретно, совершенно секретно, особой важности).";
      приложение к Правилам аттестации научных и инженерно-технических работников государственных научных организаций, утвержденным указанным приказом:
      дополнить пунктами 3-1 и 3-2 следующего содержания:
      "3-1. Количество публикаций научного сотрудника, в том числе за последние пять лет
      3-2. Индекс цитируемости ученого".

      2. Департаменту науки (Могильный В.В.) представить в установленном порядке настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Абдымомунова А.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

      Министр