"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 150 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 15 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4456 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрiнің 2012 жылғы 25 қазандағы № 572 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі iстер министрiнің 2012.10.25 № 572 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру тәртібін жетілдіру мақсатында, "Әділет органдары туралы"  Заңның 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:

         1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 150  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркелімінде, тіркеу N 1719, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., N 13-14, 567-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) аумақтық органына жіберу үшін сотталғандарға есепке алу-тіркеу материалдарын ресімдейді;";

      12-тармақ "колонияға түскен сотталғандардың жеке іс құжаттарының негізінде толтырылады" деген сөздерден кейін ", сонымен бірге тегі, аты, әкесінің аты баспа әріптерімен жазылады" деген сөздермен толықтырылсын;

      19-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Есепке алу карточкаларын сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркелімінде N 2843 тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі  N 23 бұйрығымен бекітілген, Арнайы есептің жекелеген түрлерін енгізу және пайдалану ережесінің  10-қосымшасында белгіленген.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы бөлімімен толықтырылсын: 
      "Мекемеге сот үкімі тағайындаған режим түріне сәйкес келмеген, қателесіп келген және сотталғандар мекеменің арнайы есебіне жатпайды, ол тиісті мекемеге айдауылдау туралы шешім қабылданға дейін кезекші бөлімде ескеріледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "27. Басқа бас бостандығынан айыру орындарына кеткен, қайтыс болған, босатылған және мекемеден қашқан сотталғандар мекеменің арнайы есебінен алынады. Бұл ретте, прокурор рұқсат берген тергеу (анықтау) органдарының іздестіру жарияланғандығы туралы қаулысы қашқандарды есептен шығаруға негіз болып табылады.";

      31-тармақта:
      ", ал олардағы құжаттар" деген сөздерден кейін "олардың келіп түскен күні бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      "істің бірінші және екінші бөлігіне жеке-жеке құрастырылатын тізімге енгізіледі" деген сөздерден кейін ", әр жеке құжаттың реттік нөмірі, құжатты жасау күні және көрсетілген құжатты шығарған органның атауы көрсетіле отырып құрылады";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Сотталғандарға жеке істі жүргізу, бұл үшін дербес жауапкершілікте болатын арнайы есепке алу бөлімінің (бөлімшелерінің, топтарының) барлық инспекторларына жүктеледі.";

      34-тармақтың 7) тармақшасында: "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығы" деген сөздер "ҚСжАЕК" деген сөзбен ауыстырылсын;

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "42. Сотталғанның жеке ісіне тәрбие бөлімі ұсынған мынадай материалдар қоса салынады:
      1) түзелу деңгейі туралы шешімі бар мінездеме және сотталғанның түзелу деңгейі туралы Жасақ тәрбиешілері кеңесінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
      2) сотталғандарды жаза өтеудің бір жағдайынан басқасына ауыстыру не бір жағдайында қалдыру туралы ТМ комиссиясы хаттамасынан үзінді көшірме;
      3) ТМ комиссиясына ШТМББ-ға, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға, сондай-ақ ТМ түрін өзгертуге ұсынылған құжаттар (мінездеме, марапаттау және жазалау туралы анықтама, қарыздың бар болуы және оны өз еркімен өтеуі туралы анықтама, ТМ бастығының ұсыну не бас тарту туралы қаулысы, ТМ комиссиясының шешімі туралы хаттамадан үзінді көшірме);
      4) сотталғанды босатуға дайындау бойынша жұмыстың нәтижелері.";

      44-тармақта "немесе тіркеу кезінде берілген нөмірлер тәртібімен" деген сөздер алынып тасталсын;

      54-тармақ "колония кеңсесіне" деген сөздерден кейін "бір тәулік ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      65-тармақта "қолдарын қойдыру " деген сөздер "түскен күнінен бастап тәуліктік мерзімде қол қою" деген сөздермен ауыстырылсын;

      81 және 82-тармақтар алынып тасталсын;

      88-тармақта:
      "машинка мәтіні" деген сөздер "немесе қолмен анық жазу" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы бөлімімен толықтырылсын:
      "Егер сотталған туберкулезбен ауырса, одан әрі арнайы туберкулезге қарсы емдеу алдын-алу ұйымына есепке қою үшін оң жақ жоғарғы бұрышта "тұрғылықты жері бойынша есепке алу және емдеу" мөрі басылады.";

      110-тармақ алып тасталсын;

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "112. Босатылған және қайтыс болған сотталғандардың жеке істері сотталған адамның босатылған (қайтыс болған) күнінен бастап бір ай мерзімінен кешіктірілмей ТМ мұрағатына тапсырылады, оларды сақтау мерзімі - тұрақты.";

      10-тараудың тақырыбында "сондай режимдегі" деген сөздер алып тасталсын;

      116-тармақта: 
      3) тармақшада "." тыныс белгісі ";" тыныс белгісімен ауыстырылсын.

      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) сеніп тапсырылған бағынышты бөлімшелері шегінде сот тағайындаған режим түріне сәйкес, сотталғандарды бір ТМ-нен басқасына ауыстырулар ҚАЖ комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша басқармалары бастықтарының жазбаша нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
      Қайтадан сотталғандарды тергеу изоляторларынан ТМ-не жіберу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылады."; 

      мынадай мазмұндағы 121-123-тармақтармен толықтырылсын:
      "121. Түрмеден ТМ-ға ҚАЖ комитетінің тергеу изоляторларын ТМ қолданыстағы бекітуі бойынша ауыстырылады.

      122. ТМ-дан қоныс колониясына (бұдан әрі - ҚК) сотталғанның келісімі бойынша қамауға дейінгі немесе сотталғанға дейінгі тұрғылықты жеріне, егер жақын ТМ болмаған жағдайда тұрғылықты жеріне жақын ТМ-не ауыстырылады.

      123. Сот бұрын түрін айқындаған ҚК-дан ТМ-ге жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы болып табылатын сотталғандар ҚК-ге жіберілген сол ТМ-ге ауыстырылады.".

      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
          Әділет министрі

             Келісілді
      Қазақстан Республикасының
           Бас прокуроры
        2-сыныпты мемлекеттік
          әділет кеңесшісі

       2006 жылғы 2 қараша

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года № 150 "Об утверждении Инструкции по организации работы отделов (отделений, групп) специального учета исправительных учреждений Министерства юстиции Республики Казахстан"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 октября 2006 года № 264. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 ноября 2006 года № 4456. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 25 октября 2012 года № 572

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 25.10.2012 № 572.

      В целях совершенствования порядка организации работы отделов (отделений, групп) специального учета исправительных учреждений Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - Комитет УИС), руководствуясь подпунктом 3) пункта 2  статьи 7 Закона "Об органах юстиции"  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года N 150 "Об утверждении Инструкции по организации работы отделов (отделений, групп) специального учета исправительных учреждений Министерства юстиции Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 1719, опубликован в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2002 г., N 13-14, ст. 567) следующие изменения и дополнения:
      в  Инструкции по организации работы отделов (отделений, групп) специального учета исправительных учреждений Министерства юстиции Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:
      подпункт 9) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "9) оформляет учетно-регистрационные материалы на осужденных для направления их в территориальный орган Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан (далее - КПСиСУ);";
      пункт 12 после слов "поступивших в ИУ" дополнить словами ", при этом фамилия, имя, отчество пишется печатными буквами";
      пункт 19 дополнить предложением следующего содержания: "Сроки хранения учетных карточек определены в  приложении 10 к Правилам ведения и использования отдельных видов специальных учетов, утвержденным приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 29 апреля 2004 года N 23, зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 2843.";
      пункт 22 дополнить частью следующего содержания:
      "Осужденные, прибывшие в учреждение не в соответствии с видом режима, определенным приговором суда, прибывшие ошибочно, специальному учету учреждения не подлежат, а учитываются в дежурной части до принятия решения о конвоировании в соответствующие учреждения.";
      пункт 27 изложить в следующей редакции:
      "27. Осужденные, убывшие в другие места лишения свободы, умершие, освобожденные и совершившие побег из учреждений снимаются со специального учета учреждения. При этом, основанием для снятия с учета совершивших побег, является постановление об объявлении в розыск органов следствия (дознания).";
      в пункте 31:
      после слова "подшиты", дополнить словами "по датам их поступления";
      после слов "отдельно на первую и вторую части дела" дополнить словами "с указанием порядкового номера каждого отдельного документа, даты составления документа и наименования органа, издавшего указанный документ";
      пункт 33 изложить в следующей редакции:
      "33. Ведение личных дел на осужденных возлагается на всех инспекторов отдела (отделения, группы) специального учета, которые несут за это персональную ответственность.";
      в подпункте 7) пункта 34 слова "ЦПС и СУ при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан" заменить слова "КПС и СУ",
      пункт 42 изложить в следующей редакции:
      "42. К личному делу осужденного приобщаются следующие материалы, представленные воспитательным отделом:
      1) характеристика с выводами о степени исправления и выписка из протокола заседания Совета воспитателей отряда о степени исправления осужденного;
      2) выписка из протокола комиссии ИУ о переводе осужденных из одних условий в другие условия либо оставление в одних условиях отбывания наказания;
      3) документы, предоставленные на комиссию ИУ для рассмотрения вопроса о представлении к УДО, замене не отбытой части наказания более мягким видом наказания, а также изменении вида ИУ (характеристика, справка о поощрениях и взысканиях, справка о наличии иска и добровольном его возмещении, постановление начальника ИУ о представлении либо в отказе, выписка из протокола о решении комиссии ИУ);
      4) результаты работы по подготовке осужденного к освобождению.";
      в пункте 44 слова "или в порядке номеров, присвоенных им при регистрации" исключить;
      пункт 54 после слова "передаются" дополнить словами "в течение суток";
      в пункте 65 слово "расписку" заменить словами "роспись в суточный срок со дня поступления";
      пункты 81 и 82 исключить;
      в пункте 88:
      после слов "машинописным текстом" дополнить словами "или от руки разборчивым почерком,";
      дополнить частью следующего содержания:
      "В верхнем правом углу, в случае, если осужденный болен туберкулезом, ставится штамп "учет и лечение от туберкулеза по месту жительства", для дальнейшей постановки на учет в специализированный противотуберкулезной лечебно-профилактической организации.";
      пункт 110 исключить;
      пункт 112 изложить в следующей редакции:
      "112. Личные дела на освобожденных и умерших осужденных сдаются в архив ИУ не позднее месячного срока со дня освобождения (смерти) осужденного, срок их хранения - постоянно.";
      в заголовке главы 10 слова "того же вида режима" исключить;
      в пункте 116:
      в подпункте 3) знак препинания "." заменить знаком препинания ";";
      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) переводы осужденных из одного ИУ в другое, согласно виду режима, назначенного судом, в пределах вверенных в подчинение ИУ, осуществляются по письменному указанию начальника Управления Комитета УИС по областям и городу Астане.
      Направление вновь осужденных из следственных изоляторов в ИУ осуществляются только по указаниям Комитета УИС Министерства юстиции Республики Казахстан.";
      дополнить пунктами 121-123 следующего содержания:
      "121. Из тюрьмы в ИУ переводятся по действующему закреплению Комитета УИС следственных изоляторов за ИУ.
      122. Из ИУ в колонию-поселение (далее - КП) переводятся по согласию осужденного по месту жительства до ареста, либо осуждения, а в случае отсутствия в ближайшее ИУ к месту жительства (осуждения).
      123. Из КП в ИУ, вид которой был ранее определен судом, осужденные, являющиеся злостными нарушителями установленного порядка отбывания наказания переводятся в то ИУ, откуда они были направлены в КП.".

      2. Настоящий приказ вводится в действие со дня государственной регистрации.

      Министр юстиции
    Республики Казахстан

      Согласовано
      Генеральный Прокурор
      Республики Казахстан
      государственный советник
      юстиции 2 класса