Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі iстер министрiнің 2012.10.25 № 572 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Нұсқаулықтың тақырыбында және бұйрықтың бүкіл мәтіні бойынша «түзеу мекемелеріндегі» деген сөздерден кейін «және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы» деген сөздермен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
Түзеу мекемелерiнiң және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларының арнайы есепке алу бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң түзеу мекемелерiндегi және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы арнайы есепке алу бөлiмдерiнiң (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қоса берiлген Нұсқаулық бекiтiлсiн.
2. ҚАЖ Комитетiнiң төрағасына, облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтарына, түзеу мекемелерiнiң және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларының жеке құрамасы арасында оқып-үйренiп және күнделiктi қызметте осы Нұсқаулықтың талабын басшылыққа алсын.
Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгi ҚАЖ Комитетiнiң төрағасына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
Министр
"Келісілген" Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің
Бас прокурорының орынбасары 2001 жылғы 11 желтоқсандағы
2001 жылдың 29 қазан N 150 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң
түзеу мекемелерiндегi және қамауға алу түріндегі жазаны
орындау бөлігінде тергеу изоляторларындағы арнайы есепке
алу бөлімдерінің (бөлiмшелерiнiң, топтарының) жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық бас бостандығынан айыру, қамауға алу, сотталғандарды қабылдау, есепке алу, этаппен айдау, оларды колониядан босату мәселелері бойынша және сот үкімдерін, анықтамалары мен қаулыларын орындауға байланысты басқа да мәселелер бойынша түзеу мекемелеріндегі (бұдан әрі - ТМ) және қамауға алу түріндегі жазаны орындау бөлігінде тергеу изоляторларында (бұдан әрі - ТИ) арнайы есепке алу бөлімдерінің (бөлiмшелерiнiң, топтарының) қызметтерін реттейді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
2. Арнайы есепке алу бөлімі (бөлiмшесі, тобы) мынадай функцияларды орындайды:
1) сотталғандарды ТМ, ТИ қабылдау кезінде құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді;
2) сотталғандардың дербес және сандық есебін жүргізуді жүзеге асырады, олардың саны, құрамы және қозғалысы жөнінде есеп жасайды;
3) ТМ, ТИ ұсталынатын сотталғандардың жеке істерін ескереді, жүргізеді және сақтайды;
4) сотталғандарға: шартты түрде мерзімінен бұрын босату және бостандығынан айыру мерзімінің өткерілмеген бөлігін ең жеңіл жазамен ауыстыру туралы; ауруы бойынша жаза өтеуден босату туралы; режимнің басқа түріндегі ТМ, басқа ТИ ауыстыру туралы; сот шешімінің негізінде алкоголизмнен немесе нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуді тоқтату немесе ұзарту туралы; колония-қоныстарда жаза өтеуші адамдардың жұмыс уақытын олардың жалпы еңбек өтіліне қосу туралы материалдарды ресімдейді;
5) сотталғандардың рақымшылық, кешірім жасау актілерін, сондай-ақ сотталғандарға қатысты үкімдердің өзгергені туралы соттардың анықтамасы мен қаулыларын орындайды;
6) арнайы есепке алу бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң, тобының) құзыретiне жататын мәселелер бойынша iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк, прокуратура, әдiлет, сот органдарының және басқа да мемлекеттiк мекемелердiң сауалдарына жауап дайындайды;
7) сотталғандарды қарауылмен жiберу жөнiнде құжаттар ресiмдейдi;
8) сотталғандардың ТМ-нен, ТИ-дан дер кезiнде босатылуына бақылау жасайды, бұл туралы құжаттар ресiмдейдi;
9) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - ҚСжАЕК) аумақтық органына жіберу үшін сотталғандарға есепке алу-тіркеу материалдарын ресімдейді;
10) түзеу мекемелерiнен босатылатын адамдарға әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу жөнiндегi жұмысқа қатысады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006.10.11 N 264, 2010.02.25 № 65 Бұйрықтарымен.
3. Арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) ТМ, ТИ әкiмшiлiк корпусында орналасқан, өрт шығу қаупi жоқ, терезелерiнде темiр торлар мен берiк тиектерi бар, дабыл белгiлерiмен жабдықталған бөлмелерде орналастырылады. Жұмыстан тыс уақытта бұл үй-жай мөрленеді және күзетпен қамтамасыз етiледi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
4. Сотталғандарды арнайы есепке алу бөлiмiнде (бөлiмшесiнде, тобында) жұмыс iстеуге және оның үй-жайын күзетуге тартуға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
2. Сотталғандарды қабылдау және тiркеу
5. Сотталғандардың ТМ, ТИ қылмыстық жазасын өтеуге заң күшiне енген сот үкiмi ғана негiз болып табылады. Сотталғандарды ТМ, ТИ-ға қабылдау Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi (әрi қарай - ҚАК) және Iшкiiсминiнiң бұйрықтарына сәйкес жүргiзiледi .
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
6. Арнайы есепке алу бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң, тобының) қызметкерi сотталғандарды қабылдау кезiнде:
1) келген сотталғандардың жеке iстерi мен iлеспе тiзiмдерiн қабылдауға, айдауыл бөлiмшесi өкiлiнiң сотталғандарды күзетке алғаны жөнiндегi iлеспе тiзiмде қолының болуын тексеруге;
2) келген сотталғандарды олардың iлеспе тiзiмде көрсетiлген санымен салыстыруға және келген сотталғандардың жеке iстерiнiң болуын тексеруге;
3) жеке iстiң осы сотталғанға тән екендiгiн сотталғаннан жауап алу және оның жауабын жеке iсте бар анкеталық және басқа да мәлiметтер арқылы, тану фотосуретi, ерекше белгiлерi бойынша және қажет болғанда дактилоскопиялық карта бойынша анықтауға;
4) осы Нұсқаулықтың 7 тармағының 2 тармақшасында көзделген әрекеттердi орындағаннан кейiн, келген сотталғандардың жеке iстерiн қабылдағаны жөнiнде iлеспе тiзiмге қол қоюға мiндеттi.
7. ТМ, ТИ-ға қабылданған әрбiр сотталған туралы мәлiметтер, сотталғандардың қозғалысын есепке алу және жеке iстердi тiркеу журналына жазылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
8. Соттың шешiмiне сәйкес материалдық шығынның орнын толтыруға және алимент төлеуге мiндеттi сотталғандарға арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) сотталғандардың тегi, аты, әкесiнiң аты, шешiм қабылдаған соттың атауы мен мекен-жайын көрсетiп екi дана тiзiм құрайды. Тiзiмнiң бiрiншi данасы көшiрмесiне қол қойылып бухгалтерияға берiледi.
9. Тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген екi данадағы тiзiм сондай-ақ алкоголизмнен немесе нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу туралы шешiм қабылданған сотталғандарға да жасалады. Тiзiмнiң бiрiншi данасы көшiрмесiне қол қойылып, медициналық бөлiмге берiледi.
10. Арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) ТМ, ТИ-ға келген әрбiр сотталғанның үкiмiн шығарған сотқа және отбасына (оның таңдауы бойынша) жiберу үшiн, келгенi туралы хабарлама рәсiмдейдi.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
3. Сотталғандарды есепке алу
11. ТМ, ТИ арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) сотталғандардың есебiн:
1. дербес:
1) журнал бойынша;
2) есеп карточкасы бойынша;
3) сотталғанның жеке iсi бойынша;
2. сандық:
1) сотталғандардың қозғалысы туралы бескүндiк деректер бойынша;
2) статистикалық есепке алудың белгiленген нысандары бойынша жүргiзедi.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
12. Есептiк карточкалар ТМ, ТИ-ға түскен сотталғандардың жеке iс құжаттарының негiзiнде толтырылады, сонымен бірге тегі, аты, әкесінің аты баспа әріптерімен жазылады. Есептiк карточкаларда жазасын өтеудiң бiр түрiнен басқа түрiне ауыстыру мерзiмдерi көрсетiледi. Бұл карточкалардан алфавиттiк картотека құрастырылады.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006.10.11 N 264, 2010.02.25 № 65 Бұйрықтарымен.
13. Есептен шығарылған сотталғандардың есептiк карточкалары картотекадан алынады. Оларға сотталғандарды есептен алудың себептерi туралы белгi қойылады. Бұл карточкалардан алфавиттiк мұрағаттық картотека құрастырылады.
14. Егер сол немесе өзге сотталған некелесуге байланысты өзiнiң тегiн өзгертсе, оған жаңадан таңдап алған тегi бойынша дабыл карточкасы толтырылады. Есептiк карточкаға жаңа тегiне дабыл карточкасы бар екендiгi туралы жазылады. Сотталғанмен некесiн бұзған және оған некеге дейiнгi тегi берiлген жағдайда дабылдық карточкаға тиiстi белгiлер қойылғаннан кейiн, ол мұрағаттық картотекаға қойылады.
15. ТМ-нен, ТИ-дан дер кезінде босатылуға, ал ТМ-нен мерзімнің, оны өтеген соң шартты түрде мерзімнен бұрын босатуды (бұдан әрі - ШТМББ), бас бостандығынан айыру мерзімінің өтелмеген бөлігін ең жеңіл жазамен ауыстыруды, қоныс-колониясына ауыстыруды ұсынуға мүмкін болатын мерзімнің басталуына бақылау жасау үшін, колонияға келген әрбір сотталғанға мерзімдік-бақылау картотекасы толтырылады. Осы карточкалардан мерзімдік-бақылау картотекасы жасалады. Қамауға алуға сотталғанға мерзімдік-бақылау картотекасы жеке жасалады. Әр жылдың соңында ерекше бақылау үшін ТМ-нің мерзімдік-бақылау картотекасынан (әр айда ТИ-да) келесі жылы (келесі айда ТИ-да) босатылатын сотталғандардың карточкалары бөлініп алынады, олар жаза мерзімінің бітетін күндері (айы, күні) бойынша орналастырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
16. Басқа ТМ, ТИ-ға этаппен жiберу, босату немесе сотталған қайтыс болған кезде мерзiмдiк-бақылау карточкасы картотекадан алынады және оның жеке iсiне қоса тiркеледi.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
17. 18 жасқа толатын сотталғандарға сол жылы бақылау карточкалары толтырылады, ол карточкалардан бiр жылға картотека құрастырылады. Карточкалар 18 жасқа толу даталары (айы, күнi) бойынша орналастырылады.
18. Кәмелетке толмаған сотталғанды басқа колонияға этаппен жiберу кезiнде карточка оның жеке iсiне қоса тiркеледi, ал шығудың басқа жағдайларында - картотекадан алынады және жойылады.
19. Карточкалар осы мақсатта арнайы жабдықталған стол мен шкафтарда сақталады. Есепке алу карточкаларын сақтау мерзімі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркелімінде N 2843 тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 23 бұйрығымен бекітілген, Арнайы есептің жекелеген түрлерін енгізу және пайдалану ережесінің 10-қосымшасында белгіленген.
Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
20. Сотталғанға тектiк немесе заңмен белгiленген тәртiпте өзгерткен тегiн және басқа деректердi қалпына келтiру туралы қорытындының көшiрмесi Әдiлет министрлiгiнен, ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінен (бұдан әрі - ҚАЖ комитетінің ҚАЖД) келiп түскен кезде арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) бұл туралы сотталғанға хабарлайды, оған жаңа есептiк және мерзiмдiк-бақылау карточкаларын құрайды, сондай-ақ басқа есептiк құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзедi. Ескi есептiк карточка онда тиiстi белгiлер жасалғаннан соң мұрағаттық картотекаға қосылады, ал мерзiмдiк-бақылау карточкасы жойылады.
Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
21. Сотталғанның жаза мерзiмiн өзгерту туралы құжат алған кезде есептiк және мерзiмдiк-бақылау карточкаларына тиiстi белгiлер жасалынады. Бұл туралы келген құжатқа арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) қызметкерiнiң тегi және датасы көрсетiлiп жазылады.
22. Сотталғандардың болуы мен қозғалысы туралы мәлiметтер өткен тәулiкте келген және кеткендердiң құжаттарының және есепте тұратын адамдардың мәлiметтерiнiң негiзiнде өткен тәулiктегi 24 сағаттағы жағдай бойынша құралады. Алынған мәлiметтер сотталғандардың болуын тексеру нәтижелерiмен салыстырылады. Бұл мәлiметтер әрбiр өткен тәулiк сайын сотталғандардың қозғалысы және жеке iстерiн тiркеу журналына жазылады.
Мекемеге сот үкімі тағайындаған режим түріне сәйкес келмеген, қателесіп келген және сотталғандар мекеменің арнайы есебіне жатпайды, ол тиісті мекемеге айдауылдау туралы шешім қабылданға дейін кезекші бөлімде ескеріледі.
Ескерту: 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
23. Сотталғандардың сандық есеп көрсеткiштерi дербес есеп құжаттарының санына және ТМ, ТИ-ғы сотталғандардың нақты бар болуымен сәйкес келуi керек.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
24. Сотталған әйел бала туған жағдайда оны тiркеу жақын жердегi АХАЖ органында анасының өтiнiшi және дәрiгердiң бала туғаннан кейiн екi ай iшiнде берген анықтамасы негiзiнде жүргiзiледi, ал егер бала өлi туса, онда туылған мерзiмiнен бастап бес күннен асырмай тiркелуi қажет.
25. Анасының өтiнiшiнде баланың тегi және әкесiнiң аты, сондай-ақ туған баланың ата-анасының аты, әкесiнiң аты, тегi, ұлты және жасы көрсетiлуi керек. Өтiнiш берушiнiң қолы және оның өзi туралы көрсеткен мәлiметтердiң дұрыстығын ТМ, ТИ әкiмшiлiгi куәландырады. Әкесi туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы заңының ережелерiне сәйкес жазылады.
Ескерту. 25-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
26. Баланың-тууы туралы куәлiктi АХАЖ органына өтiнiштi апарған арнайы есепке алу бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң, тобының) қызметкерi алады. Ол сотталған әйелдiң жеке iсiндегi конвертте сақталады және оған ТМ-нен, ТИ-дан босаған кезде қолына берiледi.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
27. Басқа бас бостандығынан айыру орындарына кеткен, қайтыс болған, босатылған және мекемеден қашқан сотталғандар мекеменің арнайы есебінен алынады. Бұл ретте, прокурор рұқсат берген тергеу (анықтау) органдарының іздестіру жарияланғандығы туралы қаулысы қашқандарды есептен шығаруға негіз болып табылады.
Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
28. Денсаулық сақтау органдарының ауруханаларына емдеуге жiберiлген, сондай-ақ ерекше мән-жайларға байланысты ТМ, ТИ шегiнен қысқа мерзiмге шығуға рұқсат алған сотталғандар есептен шығарылмайды.
Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
4. Сотталғандардың жеке iстерiн жүргiзу
29. Жеке iс сотталғанның негiзгi есептiк құжаты болып табылады. Жеке iс екi бөлімнен тұрады және белгiленген үлгiдегi мұқабаға құрастырылады. Жеке iс сотталғанның жеке басын анықтайтын, ТМ, ТИ-да ұстауға және одан босатуға негiз болып табылатын, сотталғанның қайта тәрбиелеу процесiн көрсететiн құжаттардан iрiктеледi.
Сотталғанның жеке iсiнiң бiр томы 250 парақтан аспауы керек. Парақтардың белгiленген санынан асқан жағдайда келесi том ашылады, онда жеке iстiң екiншi бөлiмiнiң құжаттары топтастырылады.
Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
30. Жеке iстер сотталғандар қозғалысының есебi мен жеке iстердi тiркеу журналына тiркеледi. Оған берiлген нөмiр басқа да есептiк құжаттарда қойылады.
31. Сотталғандардың жеке iсi тиiстi тәртiп бойынша ұсталуы керек, ал олардағы құжаттар олардың келіп түскен күні бойынша ұқыптылықпен тiгiлуi тиiс. Жеке iске тiгiлген барлық құжаттар iстiң бiрiншi және екiншi бөлiгiне жеке-жеке құрастырылатын тiзiмге енгiзiледi, әр жеке құжаттың реттік нөмірі, құжатты жасау күні және көрсетілген құжатты шығарған органның атауы көрсетіле отырып құрылады. Жеке iстiң екiншi бөлiгiне қоса тiркелетiн құжаттардың тiзiмiне сондай-ақ атқару парақтары, медициналық карта, сотталғанның жеке құжаттары мен сот құжаттарының екiншi көшiрмелерi бар конверт енгiзiледi. Егер атқару парақтары мен медициналық карта жеке iс жанындағы конвертте болса, олар құжаттарда сақталатын құжаттар тiзiмiне енгiзiледi. Бұл тiзiм жеке iстiң екiншi мұқабасының iшкi жағына жасалады. Тiзiмге жеке куәлiгiн немесе төлқұжатты қосқан кезде оның сериясын, нөмiрiн, кiм және қашан бергендiгiн көрсету қажет. Сотталғанның жеке құжаттарын беру тiзiмге қол қою арқылы жүргiзiледi.
Ескерту: 31-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
31-1. Түзеу мекемесіне келген әр сотталғанға арнайы есеп бөлімі (бөлімшелері, топтары) сотталғанның жеке ісі бойынша электрондық түрде анықтама құрастырады (1-қосымша). Сотталғанның жеке ісі бойынша қағаз түріндегі анықтамасы міндетті түрде сотталғанды ауыстыру туралы материалдарына қоса беріледі, сондай-ақ, сотталғанды айдауылдау кезінде жеке ісімен қоса конвертке салынады. Сотталғанның жеке ісі бойынша анықтамасы жеке істің тізімдемесіне кірмейді.
Ескерту. 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
32. Жеке iстiң әбден тозығы жеткен мұқабалары жаңасымен ауыстырылады. Бұл жағдайда сотталғанның қозғалысы жөнiнде және басқа деректер ескi мұқабадан жаңасына көшiрiлiп жазылады, содан кейiн ескi мұқаба жойылады.
33. Сотталғандарға жеке істі жүргізу, бұл үшін дербес жауапкершілікте болатын арнайы есепке алу бөлімінің (бөлімшелерінің, топтарының) барлық инспекторларына, ал қамауға сотталғандардың жеке ісін жүргізу тәжірибесі мол қызметкерлерге жүктеледі.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2006.10.11 N 264, өзгерту енгізілді - 2010.02.25 № 65 Бұйрықтарымен.
34. Арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) сотталғанның ТМ, ТИ-да ұсталуының негiздiлiгiн, оған сот құжаттарының дұрыс ресiмделуiн қадағалайды және мынадай шараларды қолданады:
1) егер сот үкiмiнiң, анықтамасының, қаулысының көшiрмесiн растаған мөртаңба күдiк тудырса немесе осы құжаттар басқа соттың (шешiм шығармаған) мөрiмен расталған болса, шешiм қабылдаған соттан құжаттың мөртаңба басылған жаңа көшiрмесiн сұратады;
2) үкiмнiң заң күшiне енгенi туралы сот үкiмiнiң, наразылық анықтамасының немесе ескерту хатының толық көшiрмесi жеке iсте болмаған кезде шешiм шығарған соттан тиiстi құжат сұратады;
3) үкiмнiң немесе анықтаманың кiрiспе, түсiндiрме және қорытынды бөлiмдерiндегi деректерде алшақтық болғанда, сотталғанның тегi, аты, әкесiнiң аты және басқа деректерi бұрмаланған болса, оның туған күнi мен айы туралы мәлiметтер болмаған жағдайда үкiм немесе анықтама шығарған соттан сотталғанға нақты деректер сұрайды;
4) сотталған сол бойынша жазасын өтеп жатқан үкiмдердiң кейбiр көшiрмелерi болмаған кезде, мұрағаттық жеке iстердi немесе үкiмдердiң көшiрмелерi сұратылады;
5) егер бiрнеше рет сотталған адамның алғашқы үкiм бойынша жазасын өтеу мерзiмi қысқартылып, бiрақ үкiмдердiң жиынтығы бойынша жазасын өтеу мерзiмi өзгертiлмесе тиiстi соттың алдына жазаның ақырғы шараларын анықтау жөнiнде мәселе қояды;
6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне тиiстi бабының санкциясын соттың асыра қолдануы, жаза мерзiмiн санаудағы, түзеу колониясының түрiн белгiлеудегi қателiктер және басқа да қателiктер табылған кезде, бұл туралы жазаның орындалуының заңдылығының сақталуын қадағалайтын прокурорға хабарлайды.
7) бұрын сотталғандығы туралы мәлiметтердi анықтау қажет болған кезде ҚСжАЕК тиiстi бөлiмшелерiнен сұрайды.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006.10.11 N 264, 2010.02.25 № 65 Бұйрықтарымен.
35. Сотталғандардың бөлек сақталатын ақаулы және iстерi бойынша жасалынған сауалдар, құжатқа тиiстi өзгерiстер енгiзгенге дейiн еркiн түрдегi бөлек журналда ескерiледi.
36. Сотталғандардың жеке iстерiнен алынады және:
1) Әскери билеттер - аталған адамдар есепте тұрған әскери комиссариаттарға;
2) қызметтiк куәлiктер және кiру-шығу құжаты - бұл-құжаттарды берген кәсiпорындарға және мекемелерге, ұйымдарға;
3) сот бойынша бұл құқықтан айырылған адамдардың көлiк құралдарын басқару құқының куәлiктерi - көрсетiлген құралдарды басқару құқығын сотпен айырғаны туралы хабармен бiрге көрсетiлген құжаттарды берген мекемеге жiберiледi.
37. Сотталғанның басқа жеке құжаттары (жеке басын растайтын құжаттар, кәсiподақ билетi, еңбек кiтапшасы, туу және неке туралы куәлiктер, оқу орнының бiтiргенi жөнiндегi диплом, аттестат және басқалар) жеке iстегi конвертте сақталады.
Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
38. Сотталғанның жеке iсiнен: атқару парақтары алынып бухгалтерияға; медициналық карта - медициналық бөлiмге жiберiледi. Атқару парақтары мен медициналық карталарды тапсыру iстiң құжаттар тiзiмiне қол қойылып жүргiзiледi.
39. Сотталғанның жеке iсiмен бiрге ордендердi, медальдар мен олардың құжаттарын сақтауға тыйым салынады. Ордендер, медальдар және олардың құжаттары бухгалтерияға берiледi, ал оларды қабылдағаны жөнiндегi түбiртек сотталғанның жеке iсiне қоса тiркеледi. V070004790
40. Сотталғанға жаза өтеу мерзiмiнiң басталуы сот құжатының негiзiнде, ал егер адам үкiм шығарылғаннан кейiн қамауға алынған болса, онда қамауға алу туралы құжаттың негiзiнде есептелiнедi.
41. Жаза мерзiмiнiң басталуы туралы мәлiметтердiң болмауы немесе қарама-қайшы деректер бар болған кезде қажеттi мәлiметтер тиiстi соттан немесе iшкi iстер органынан сұралады.
42. Сотталғанның жеке ісіне тәрбие бөлімі ұсынған мынадай материалдар қоса салынады:
1) түзелу деңгейі туралы шешімі бар мінездеме және сотталғанның түзелу деңгейі туралы Жасақ тәрбиешілері кеңесінің отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) сотталғандарды жаза өтеудің бір жағдайынан басқасына ауыстыру не бір жағдайында қалдыру туралы ТМ комиссиясы хаттамасынан үзінді көшірме;
3) ТМ комиссиясына ШТМББ-ға, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыруға, сондай-ақ ТМ түрін өзгертуге ұсынылған құжаттар (мінездеме, марапаттау және жазалау туралы анықтама, қарыздың бар болуы және оны өз еркімен өтеуі туралы анықтама, ТМ бастығының ұсыну не бас тарту туралы қаулысы, ТМ комиссиясының шешімі туралы хаттамадан үзінді көшірме);
4) сотталғанды босатуға дайындау бойынша жұмыстың нәтижелері.
Ескерту: 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
43. Камералық үлгiдегi үй-жайларға (КҮЖ) немесе жалғыз адамдық камераларға ауыстырылған сотталғанның жеке iсiне бұл туралы шығарылған қаулының негiзiнде колония бастығының кезекшi көмекшiсiмен (КБКК) осы үй-жайларға ауыстырудың себебi туралы және оларда болу мерзiмi туралы әзiрленген анықтама салынады. Сотталған адамды камералық үлгiдегi үй-жайға (КYЖ-ге), жалғыз адамдық камераға ауыстырудың мерзiмi аяқталғаннан кейiн қаулы жеке iске қосылады, ал анықтама жойылады.
44. Сотталғандардың жеке iстерi сейфтер мен темiр шкафтарда белгiленген ережелердi сақтай отырып, алфавиттiк тәртiпте сақталады.
Ескерту: 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
45. Жеке істер уақытша пайдалану үшін (үш күннен аспайтын мерзімге) ТМ, ТИ жедел бөлімі (тобы), ТИ-дың режим бөлімі, ТИ-дың режим және күзет бөлімінің қызметкерлеріне беріледі. Істерді беру және қайтару журналда қол қойылып жүргізіледі.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
46. Басқа лауазымды адамдар (топ, мед.бөлiмiнiң бастықтары, тәрбиешiлерi, аға бухгалтер, рота командирiнiң бақылау қызметi жөнiндегi орынбасары) жеке iстермен арнайы бөлiмнiң жеке бөлмесiнде немесе жұмыс орны жабдықталған үй-жайында танысады.
47. Сотталғандардың соттың үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiне бұрынғы үкiм бойынша өтелмеген жаза толық немесе жартылай қосылған болса, оларды қолданыстағы iстерге қосу үшiн мұрағаттық жеке iстер сұратылады.
48. Сотталғандардың жеке iстерi ТМ, ТИ арнайы бөлiмiмен прокуратура және сот органдарының сауалдары бойынша тiкелей жiберiледi.
ТМ-нен қашып кеткен сотталғандардың жеке істері ТМ-нің жедел бөліміне (тобына) беріледі және ТМ-нің жедел бөлімінде (тобында) есепке алына отырып арнайы есепке алу бөлімдерінен (бөлімшелерінен, топтарынан) есептен шығарылады. Мұндай істер одан әрі ТМ-нің жедел бөлімінде (тобында) сақталады.
Ескерту. 48-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
49. Арнайы есепке алу бөлiмiнiң (бөлiмшенiң, тобының) қызметкерлерi қажет болған кезде сотталғанды жеке iстегi сот үкiмдерiнiң, анықтамаларының, қаулыларының, сондай-ақ мiнездемелердiң көшiрмелерiмен таныстырады.
Сотталғанды бұл құжаттармен таныстыру оған дауыстап оқу арқылы жүргiзiледi, ол туралы тиiстi белгiлер қойылады.
50. Сотталғанның жеке iсi жоғалған жағдайда ол қалпына келтiрiледi. Бұл үшiн бедерлеу, суретке түсіру және оның жауаптарын есептiк құжаттарда бар деректермен бiр мезгiлде салыстыра отырып сотталғаннан толық жауап алу жүргiзiледi. Сотталғанды колонияда ұстау үшiн негiз болатын сот шешiмдерiнiң көшiрмелерi соттан сұратылады. Бiрiншi кезекте жаза мерзiмi бiтуге айналған адамдардың сот құжаттарының көшiрмелерi талап етiледi.
Қалпына келтiрiлген жеке iстiң мұқабаларына "Қалпына келтiрiлген" деп жазылады.
51. Сотталғандарға арналған жеке iстердiң жағдайын тексеру кезiнде олардың нәтижелерi iстiң бiрiншi мұқабасының iшкi жағында көрсетiледi.
Сотталғандарға арналған жеке iстердiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жылына кемiнде бiр рет оларды жеке карточкаларды колониядағы сотталғандарды нақты бар болуымен салыстыру жүргiзiледi.
Салыстырудың нәтижелерi туралы акт құрастырылады.
52. Аса қауiптi рецидивистер деп танылған және аса қауiптi рецидив жасаған сотталғандарға арналған жеке iстердiң негiзiнде белгiленген тәртiпте жеке iстер (ақпараттық) жүргiзiледi.
Бұл сотталғандар босатылғаннан кейiн олардың жеке iстерi (ақпараттық) iшкi iстер органдарының жазба сұраныстары бойынша жiберiледi. Мұндай босатылғандарға арнайы есепке алу бөлiмiнде (бөлiмшесiнде, тобында) қалған құжаттар бiр жыл iшiнде сақталады, сонан кейiн жойылады.
5. Өтiнiштердi қарау және сотталғандарды
жеке қабылдау
53. Арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) сотталғандармен ашық түрде берiлген және басқа азаматтардан келiп түскен оның құзыретiне қатысты мәселелер бойынша өтiнiштерiн қарайды.
54. Мемлекеттiк, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды адамдарға жолданған өтiнiштердi арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) мақсаты бойынша жiберу үшiн ТМ, ТИ кеңсесiне бір тәулік ішінде (хатшыға) бередi. Сотталғанға өтініштің тіркелуі және адресатқа жіберілуі туралы қолхат ала отырып хабарланады.
Ескерту. 54-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006.10.11 N 264, 2010.02.25 № 65, 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
55. Егер де кез-келген өтiнiштер жағдайына байланысты олар бойынша құзыреттi емес немесе қойылған мәселелердi шешуге өкiлеттiлiгi жоқ мемлекеттiк органдарға, қоғамдық ұйымдарға және лауазымды адамдарға (мысалы, берiлген iстi шеше алмайтын сотқа - iстi қайта қарау туралы, iшкi iстер министрлiгi немесе басқармасына - кешiрiм жасау туралы және с.с.) жолданған болса, онда олар бұл адресаттарға жiберiлмейдi. Бұл жөнiнде оларды берген сотталғанға қолын қойғызып хабарлайды, оған бiр мезгiлде арызды, өтiнiштi, хатты қайда және кiмге жазу керек екендiгi түсiндiрiледi. Сотталған адам өтiнiшiнiң дұрыс жазылмағанына байланысты жiберiлмеуi туралы шешiммен келiспеген жағдайда, ол бұл шешiмдi түзеу мекемелерiнде заңды атқаруға қадағалау жасайтын прокурорға шағымдана алады. Сотталған адам бұл жағдайда прокурордың атына жолданған өзiнiң арызына адресаттарға жiберiлмеген өтiнiштi қоса бередi.
56. Алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65Бұйрығымен.
57. Алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65Бұйрығымен.
58. Сот және прокуратура органдарының үкімдеріне жіберілетін сотталғандардың арыздарына бұрын жіберілген арыздарының жауаптары сот шешімдерінің көшірмелеріне қоса жіберілуі тиі.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
59. Сотталғандардың тұрған орнын анықтау туралы азаматтардың арыздары бойынша мынадай мәлiметтер:
1) түзеу колонияларында, тергеу изоляторында, колония-қоныстарда ұсталушылар туралы оның мекен-жайы мен шартты атауы;
2) тәрбиелеу колонияларында жаза өтеушiлер туралы - оның мекен-жайы, нақты атауы, ал кеткендерге - сотталғандар оның қарауына кеткен орган мен мекеменiң мекен-жайы;
3) босатылғандар туралы - босатылу күнi және қайда тұруға кеткенi;
4) қайтыс болғандар туралы - өлген күнi мен қай АХАЖ органында өлiмдi тiркеу жүргiзiлгенi хабарланады.
Ескерту. 59-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
60. Қашып кеткен сотталғандарға қатысты өтiнiштер ТМ, ТИ жедел бөлiмiне берiледi.
Ескерту. 60-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
61. Сотталған адаммен некелесу жөнiнде арыз келiп түскенде, өзiне қатысты бөлiгiн толтыру үшiн ол сотталған адамға берiледi. Арызға жетiспейтiн мәлiметтердi енгiзгеннен кейiн, арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) онда жоқ деректердi сотталғанның жеке iсiндегi құжаттармен салыстырады және сотталғанның қолы мен мәлiметтердiң дұрыстығын куәландыру үшiн ТМ, ТИ бастығына баяндайды. Сонан кейiн некелесу туралы бiрлескен арыз некелесуге тiлек бiлдiрген адамға жiберу үшiн ТМ, ТИ кеңсесiне (хатшыға) берiледi. Егер сотталғанның жеке iсiнде оның отбасы туралы мәлiметтер болмаса, не толық емес, қайшылығы болса, онда тиiстi органдар, мекемелер арқылы оларды сұрату немесе анықтау шаралары қолданылады.
Сотталған адам некелесуге тiлек бiлдiрген жағдайда, оған белгiленген нысандағы арыз бланкiсi берiледi. Сотталған адам арыздың өзiне қатысты бөлiгiн толтырғаннан кейiн арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) ондағы жазылған деректердi сотталғанның жеке iсiндегi құжаттармен салыстырады және сотталғанның қолы мен көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын куәландыру үшiн ТМ, ТИ бастығына баяндайды. Бұдан кейiн арыз сотталған адам онымен некелесуге тiлек бiлдiрген адамға жiберу үшiн ТМ, ТИ кеңсесiне (хатшыға) берiледi. Бiр мезгiлде бұл адамға ТМ, ТИ орналасқан жерде неке тiркеудi жүргiзетiн АХАЖ органының атауы мен мекен-жайы хабарланады.
Ескерту. 61-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
62. Сотталғандардың шағымдары, арыздары мен хаттары жолданатын жерiне жай поштамен жiберiледi.
63. Құпиялық сипаттағы мәлiметтерi бар шағымдар, арыздар мен хаттар ғана құпиялық тәртiбiн сақтау арқылы жiберiледi. Олардың құпиялық дәрежесiн iлеспе хатқа қол қоятын лауазымды адам анықтайды.
64. Сотталғандардың шағымдары мен арыздарын жiберу үшiн жұмсалған шығынды төлеу сотталғандардың дербес есебiнде бар қаражаттан жүргiзiледi. Ондай қаржы болмаған кезде шығындар бас бостандығынан айыру орындарын ұстауға арналған сметада көзделген қаражат есебiнен төленедi.
65. Сотталғандардың шағымдарына, арыздары мен хаттарына келiп түскен жауаптар оларға түскен күнінен бастап тәуліктік мерзімде қол қою арқылы хабарланады және олардың жеке iстерiне қоса тiркеледi. Егер де жауаптарымен қоса шағымдары, арыздары мен хаттары да қайтып келген болса, олар да сотталғандардың жеке iстерiне тiгiледi.
Сотталғандар босатылғаннан кейін, олардың жазған өтініштеріне келіп түскен жауаптары сотталғандардың тұрғылықты жеріне жолданады, жауаптардың көшірмелері жеке істеріне қоса тіркеледі.
Ескерту. 65-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006.10.11 N 264, 2010.02.25 № 65 Бұйрықтарымен.
66. Арнайы есепке алу бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң, тобының) қызметкерлерi ТМ, ТИ-да бекiтiлген кесте бойынша сотталғандарды жеке қабылдауды жүргiзедi. Қабылдау кезiнде сотталғандарға шағымдар, арыздар мен хаттар қайда және қашан жiберiлгенiн хабарлайды, оларды келiп түскен жауаптармен таныстырады. Сондай-ақ сотталғандарға арнайы есепке алу бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң, тобының) құзыретiне қатысты мәселелер жөнiнде түсiнiктер бередi.
Ескерту. 66-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
6. Сотталғандарды этаппен жiберу үшiн
құжаттарды ресiмдеу
67. Сотталғандарды ТМ-нен, ТИ-дан қарауылмен жiберудi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi Комитетiнiң (әрi қарай - ҚАЖ Комитетi) бұйрықтары мен нұсқаулары негiзiнде жүргiзедi. V030002498
Ескерту. 67-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
68. Сотталғандарды сот және тергеу органдарының қарауына этаппен жiберу соттардың анықтамалары мен тергеу органдарының қаулылары бойынша жүргiзiледi. Этаппен жiберу туралы қаулыда сол саладағы прокурорлардың санкциясы болуы қажет. Сотталғандарды этаппен жiберу туралы соттардың ұйғарымдары мен тергеу органдарының қаулылары тез арада орындалады. Сотталғандар қарамағына этаппен жiберiлетiн органдарға олардың жiберiлетiн датасы хабарланады.
69. Сотталғанды алдағы этаппен жiберу жөнiнде арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) ТМ, ТИ тиiстi қызметтерiн хабардар етедi, олар қарауылмен жүрушiнiң жеке iсiне қоса тiркеу үшiн:
1) қаржылық анықтаманы (немесе оның орнын ауыстыратын құжат) және сот атқару парақтарын;
2) медициналық картаны, ал қажет болған жағдайда басқа да медициналық құжаттарды (ауру тарихы, талдаулар жөнiндегi анықтама және т. б.);
3) жалпы бiлiм және кәсiптiк-техникалық оқу жөнiндегi құжаттар;
4) сотталғанмен жүргiзiлген жеке-тәрбиелеу жұмыс дәптерi және оған берiлген мiнездеменi;
5) жедел бөлiмнiң анықтамасын;
6) кездесудi, посылкаларды, сәлемдемелер мен бандерольдердi қабылдау (беру) есебiнiң карточкасын ұсынады.
Аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда сотталғандар этаппен жiберiлмейдi, ол туралы колония бастығына баяндалады.
Ескерту. 69-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
70. Этаппен жiберiлетiн сотталғанның жеке iс қағаздары бөлек конвертке салынады, оның клапанына мастикалық мөр басылады. Конвертке сотталғанның танылу фотосуретi бар жеке iсi бойынша анықтама желiмделедi.
Сотталғанды ТМ-нен, ТИ-дан жiбере отырып, арнайы есепке алу бөлiмiнiң (тобының) қызметкерi осы Нұсқаулықтың 7-тармағының 3-тармақшасында көзделген тәртiпте жеке iс қағазының осы сотталғандiкi екендiгiн тексередi.
Ескерту. 70-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
71. Этаппен жiберiлетiн барлық сотталғандарға үш данада жолай тiзiм құрастырылады, оның бiреуi сотталғандардың жеке iс қағаздарымен бiрге қарауыл бастығына берiледi, екiншi данасы сотталғандарды және олардың жеке іс қағаздарын қабылдағаны жөнiнде қарауыл бастығының қолы қойылып арнайы есепке алу бөлiмiнде (тобында) қалдырылады, ал үшiншiсi ақша аудару үшiн бухгалтерияға берiледi.
72. Эшелондармен жiберiлетiн адамдарға (вагондар санынан тәуелсiз) эшелондық тiзiм және эшелонды жiберу туралы акт жазылады.
73. Эшелондық тiзiм үш данада жазылады, оның бiреуi қарауыл бастығына тапсырылады, екiншi данасы сотталғандарды және олардың жеке iс қағаздарын қабылдағаны жөнiнде қарауыл бастығының қолы қойылып арнайы бөлiмде қалдырылады, ал үшiншiсi ақша аудару үшiн бухгалтерияға берiледi.
74. Эшелонның жөнелтiлгенi туралы акт екi данада жазылады, оның бiреуi арнайы есепке алу бөлiмiнде (тобында) қалдырылады және эшелондық тiзiмге қоса тiркеледi, ал екiншiсi эшелон бастығына берiледi.
75. Сотталғандарды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс бостандығынан айыру жерлерiне этаппен жiберу жөнелтiп отыратын белгiленген пункттер арқылы Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы нұсқауының негiзiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетiнiң нұсқауы бойынша ғана жүргiзiледi.
7. Сотталғандарды ТМ, ТИ-дан босату.
Босату және жаза мерзiмiн қысқарту жөнiндегi
құжаттарды ресiмдеудiң тәртiбi
Ескерту. 7-тараудың атауына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
76. Сотталғандардың дәл уақытында босатылуларын қамтамасыз ету мақсатында, жылына екi рет қаңтар және шiлде айларында, ал қамауға сотталғандарға қатысты ай сайын жеке iс қағаздары құжаттарының iшiндегi бостандығынан айыру мерзiмi туралы мәлiметтердi, сотталғандардың есептiк және бақылау-мерзiмдiк карточкаларындағы бар жаза мерзiмi жөнiндегi деректермен салыстыру жүргiзiледi. Сотталғанға жаза мерзiмiн анықтауда қандай да болмасын қателiк және көмескiлiк табылған болса, оларды жоюға шұғыл шаралар қолданылады. Салыстыру нәтижелерi жөнiнде тексеру парағына салыстыру жүргiзiлген күннiң датасы және салыстыруды жүргiзген арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) қызметкерiнiң тегi көрсетiлiп белгi жасалады, одан кейiн екi данада акт жазылады, оның бiреуi ҚАЖ комитетінің ҚАЖД жiберiледi.
Ескерту. 76-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65, 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
77. Сотталғандарды қамауға алу, босату бас бостандығынан айыру мерзiмi туралы мәлiметтер негiзiнде жүргiзiледi. Сотталғандарды тек олардың есептiк және мерзiмдiк-бақылау карточкаларындағы жаза мерзiмдерi туралы деректерi бойынша босатуға тыйым салынады.
Ескерту. 77-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
78. Сотталғандардың босатылуы туралы құжаттар ТМ, ТИ-ға келiп түскен күнiнен бастап орындалады. Егер құжаттар жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн алынған болса, олар келесi күнi таңертең орындалады.
Ескерту. 78-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
79. Сотталғандардың қарыздары, онымен дер кезiнде есеп айырысудың жүргiзiлмеуi және басқа да себептердiң болуы оның босатылуына кедергi жасауға негiз бола алмайды.
80. Сотталған адамды дер кезiнде босатпаудың кез-келген фактiсi бойынша қызметтiк тексеру жүргiзiледi және кiнәлi лауазымды адамдарға қатысты шаралар қолданылады.
81. <*>
Ескерту: 81-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
82. <*>
Ескерту: 82-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
83. Елтаңбалы мөрмен расталмаған, мөрдiң көмескi iзi бар немесе басқа органның (шешiм қабылдамаған) мөрiмен расталған құжаттарды алған, сондай-ақ келiп түскен құжатта көрсетiлген сауалнамалық деректердiң жеке iс материалдарына сәйкес келмеуi немесе келiп түскен құжаттың түп нұсқасы екендiгiне күдiк туған жағдайларда оның орындалуы тоқтатылады және жаңа құжаттарды немесе шешiм шығарған органнан тиiстi расталу алуға шұғыл шаралар қолданылады.
84. Сотталғанның босатылуы туралы құжаттың орындалуын тоқтату ТМ, ТИ-ға бақылау жасайтын прокурор бекiткен ТМ, ТИ бастығының қаулысымен ресiмделедi.
Ескерту. 84-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
85. Сотталғандардың босатылуы туралы немесе оларға жаза мерзiмiн қысқарту жөнiндегi сот анықтамаларының немесе қаулыларының орындалуы туралы үкiм шығарған сотқа хабарланады.
86. Жаза мерзiмiн өтеуi бойынша, шартты-мерзiмiнен бұрын, ауруы бойынша бұрын босаған адамдарға қатысты босату туралы (қылмыстық iстiң тоқтатылуына байланысты) немесе жаза мерзiмiн қысқарту жөнiндегi, сондай-ақ ТМ, ТИ-да қайтыс болғандарға қатысты соттардың анықтамалары немесе қаулылары олардың мұрағаттық iс қағаздарына қоса тiркеледi.
Ескерту. 86-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
87. ТМ-нен, ТИ-дан босатылатын сотталғандарға босатылғаны туралы белгiленген нысандағы анықтамалар берiледi.
Анықтамалар баспаханаларда байқалмайтын торлы бедерлерi бар арнайы қағазда бiр үлгi бойынша дайындалады.
Ескерту. 87-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
88. Сотталғандардың босатылуы туралы анықтамаларды толтыру машинка мәтiнi немесе қолмен анық жазу бойынша таза, түзетусiз, өшiрусiз жүргiзiледi.
Анықтаманың жоғарғы сол жақ бұрышына орналасқан жерi көрсетiлмей түзеу колониясының шартты атауы (тәрбие колониясының нақты атауы) жазылады.
Егер сотталған туберкулезбен ауырса, одан әрі арнайы туберкулезге қарсы емдеу алдын-алу ұйымына есепке қою үшін оң жақ жоғарғы бұрышта "тұрғылықты жері бойынша есепке алу және емдеу" мөрі басылады.
Ескерту: 88-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
89. Некелесуiне байланысты өзiнiң тегiн өзгерткен сотталған адамға босатылуы туралы анықтама оның жаңа тегi бойынша берiледi. Сонымен бiрге анықтаманың "отбасы жағдайы" деген жолында некелесуi туралы мәлiметтер жазылғаннан кейiн некеге дейiнгi тегi көрсетiледi.
Босатылуы туралы анықтамаларда бұрын сотты болғандығы туралы мәлiметтер тек бұл сотты болушылықтар заңмен белгiленген тәртiпте жойылмаған немесе алынып тасталмаған жағдайда көрсетiледi.
Бұрын сотты болмаған, сондай-ақ бұрынғы сотты болғандығы жойылған немесе алынып тасталған адамдарға қатысты анықтаманың тиiстi жолында сызықша қойылады.
Анықтамаларда "қайдан босатылған" деген сөздерден кейiн:
1) мерзiмiнiң бiтуiне байланысты босатылғандарға - жаза өтеуi бойынша; соттардың анықтамалары немесе қаулылары бойынша босатылғандарға - анықтама немесе қаулы бойынша (соттың толық атауы, шешiм шығарған күнi және босату жөнiнде соттың қабылдаған тұжырымы көрсетiледi); кешiрiм жасау бойынша босатылғандарға - босатудың негiзi баяндалады.
2) Кешiрiм немесе рақымшылық жасау актiсiмен жаза өтеу мерзiмi қысқартылып, бiрақ олар бас бостандығынан айырудың қалған мерзiмiн өтеудi жалғастыра берсе, босатылу туралы анықтамада сот белгiлеген жаза мерзiмi туралы жазбадан кейiн бұл мерзiмнiң кешiрiм немесе рақымшылық жасау тәртiбiмен қысқартылғаны туралы көрсетiледi.
Егер босатумен қоса сотталған адамнан оның сотты болуы алынып тасталса немесе ол сондай-ақ жазаның қосымша шараларынан босатылса, ол босатудың негiзi туралы жазбадан кейiн көрсетiледi.
Сондай-ақ босату туралы анықтамада:
1) шартты-мерзiмiнен бұрын босаған адамдарға - жазасының өтелмеген бөлiгiнiң мерзiмi (сот ұйғарымына тура сәйкестендiрiлiп жазылады) және шартты-мерзiмiнен босату туралы сот ұйғарымының датасы;
2) жазасының өтелмеген мерзiмi жеңiл жазамен ауыстырылған адамдарға - жаңа жазасы көрсетiледi.
Көрсетiлген мәлiметтер сондай-ақ босату туралы анықтаманың көшiрмесiнде де көрсетiледi.
Анықтаманың "тұрақты мекенiне барады" деген жолында босатылған адамның баратын елдi мекенi, ауданы, облысы көрсетiледi.
90. Түзеу мекемелерiнен босатылатын адамдарға әкiмшiлiк қадағалауды белгiлеу көзiнде арнайы есепке алу бөлiмдерi (бөлiмшесi, тобы) мынадай функцияларды орындайды:
1) босатуға үш ай қалғанда, жедел және режимдiк бөлiмге (бөлiмшелерге, топтарға) және тәрбие жұмысы бөлiмiне беру үшiн, аса қауiптi рецидивист деп танылған адамдар мен сотты болуының баптық белгiлерi бойынша әкiмшiлiк қадағалауға жататын басқа да адамдардың тiзiмiн дайындайды;
2) ауыр және өте ауыр рецидивтiк қылмыстар жасады деп танылған босатылатындарға үкiмдердiң көшiрмесiн дайындайды, әкiмшiлiк қадағалауға жататындардың мiнездемелерiнде көрсетiлген жазалар мен көтермелеулердiң бар-жоғы жөнiндегi мәлiметтердi олардың жеке iс қағаздарындағы материалдармен сәйкес келуiн салыстырады;
3) үкiмдер мен мiнездемелердiң көшiрмелерiн жедел-режимдiк бөлiмге бередi;
4) түзеу мекемесiнiң комиссиясы отырысының хаттамасын жүргiзедi;
5) қадағалауға алынғандардың босатылуы туралы анықтамаларға "қадағалау белгiленген" деген бұрыштама қояды;
6) Сотты болуларының баптық белгiлерi бойынша қадағалауға алынбаған адамдарға - "қадағалауға жатады" деген бұрыштама қойылады.
Босатылатындарға төлқұжаттарын қайтарып беру жөнiнде босату туралы анықтамалар мен олардың көшiрмелерiне "Бас бухгалтер" және "Босатылғанның қолы" деген жолдардың арасына 200__ жылғы "___" _______ берiлген сериясы _____ N _____ төлқұжатты алдым" деген сөздер жазылады.
91. Қазақстан Республикасы азаматының босатылуы туралы анықтамаға төлқұжат үшiн белгiленген үлгiдегi фотосурет, ал шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адамдардың босатылуы туралы анықтамаға көлемi 3,5 х 3 см фотосурет жапсырылады. Көрсетiлген фотосуреттер, сондай-ақ босатылуы туралы анықтамалардың көшiрмелерiне де жапсырылады. Жеке iс қағаздарында жеке куәлiктерi болмаған босатылғандардың қолына тұрақты мекенiне келiсiмен осы құжаттарды алу үшiн кемiнде екi фотосурет берiледi.
92. Сотталғандарға босатылуы туралы құжаттарды берумен байланысты фотосуретке түсiру азаматтардың күнделiктi киiнетiн киiмiмен босатылуға кемiнде 3 ай қалғанда жүргiзiледi.
Босату туралы анықтамаға ТМ, ТИ бастығы, арнайы есепке алу бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң, тобының) бастығы немесе оның орнындағы адам қол қояды.
Ескерту. 92-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
93. Қойылған қолдар және босатылғанның анықтамаға жапсырылған фотосуретi түзеу колониясының шартты атауы бар елтаңбалы мөрменен расталады.
94. Босатылуы туралы анықтама оның көшiрмесiне босатылғанның қолы қойылып берiледi. Сонымен бiрге босатылғанға сауалдар қойылады және оның жауаптары сауал-жауап жеке iс құжаттарының мәлiметтерiмен салыстырылады, ал тану фотосуретi босатылғанның айыру белгiлерiмен салыстырылады, анықтаманың сырт жағын бухгалтерияның толық толтыруы тексерiледi.
Босатылған адам жеке құжаттары мен заттарын, бағалы заттарын, төлқұжатын алуға қажеттi фотосуреттердi алғандығы жөнiнде жеке iс қағазының екiншi мұқабасының iшкi жағына қол қояды.
95. Жаза мерзiмi ерекше жағдайларға байланысты колониядан тысқары жерлерге қысқа мерзiмге шығуға рұқсат етiлген уақыттың iшiнде аяқталса, сотталғанның босатылғандығы туралы анықтама шыққан жерiндегi iшкi iстер органына ұсыну үшiн берiледi.
96. Босатылғаннан кейiн денсаулық сақтау органының психиатриялық ауруханасына жiберiлген немесе туысқандарының қамқорлығына берiлетiн психикалық ауруға душар болған адамның анықтамасы ауру адамға және оның жеке құжаттарымен бiрге аурухананың әкiмшiлiгiне немесе қамқоршысына қол қойдыру арқылы тапсырылады.
97. ТМ-нен, ТИ-дан босатылғаннан кейiн тұрақты жерiне келген адам босатылуы туралы анықтаманы жоғалтып алған жағдайда iшкi iстер органының, сондай-ақ қабылдау-тарату орнының сұрау салуы бойынша жеке куәлiк беру туралы мәселенi шешу үшiн осы анықтаманың көшiрмесi жiберiледi. Сұрау салумен бiрге босатылған адамның екi фотосуретi қоса жiберiлуi керек.
Ескерту. 97-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
98. Егер босатылу туралы анықтаманың көшiрмесi бұрын басқа iшкi iстер органына жiберiлген болса, онда кейiн осы iшкi iстер органынан көшiрменi сұрату үшiн ол туралы сұрау салушыға хабарланады.
99. Басқа да қажеттi жағдайларда (сотты болғандығын алып тастау жөнiндегi мәселенi шешу үшiн, ақтап шығару кезiнде және т.б.), сондай-ақ сотталғанның мұрағаттық жеке iсiнiң сақтау мерзiмi бiткеннен кейiн жойылғанда, мекемелердiң сұрау салулары немесе қолдау хаттары бойынша босатылғандарға еркiн үлгiдегi тиiстi анықтамалар жiберiледi.
100. Босатылу туралы анықтаманың түбiршегі ТМ, ТИ-да бiр жыл сақталады, одан кейiн акт бойынша жойылады.
Ескерту. 100-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
101. Босатылуы туралы анықтаманың бүлiнген бланкiлерi акт бойынша жойылады, оны ТМ, ТИ бастығы немесе оның орнындағы адам бекiтедi. Акт бағыныштылығы бойынша облыстық ҚАЖ Комитетi ҚАЖД, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетiне жылына бiр рет осы департаменттер мен бөлiмдердiң белгiленген мерзiмдерде ұсынатын алынған бланктердi жұмсау туралы мәлiметтерiне қоса тiркеледi.
Ескерту. 101-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65, 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
102. Жаза өтеу кезiнде жұмыскерлер мен қызметшiлерден оларға белгiлi болған мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi таратпауы жөнiнде қолхат алынатын кәсiпорындар мен құрылыстарда жұмыс iстеген босатылушылардан осындай кәсiпорындар мен құрылыстарда жұмыс iстейтiн адамдар үшiн көзделген қолхат алынады.
102-1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылған сотталғандар, сондай-ақ сот үкімі бойынша белгілі бір лауазымда болуына немесе белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салу түріндегі қосымша жазасы бар сотталғандар қамаудан босатылып, жазаны өтеу орнына өзі барады.
Сотталғанға есепке қойылу үшін бағыты мен келу уақыты көрсетілген жазаны өтеу орнына шығуы туралы нұсқама беріледі.
ТМ, ТИ әкімшілігі сотталғанның кеткен жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясына оның босатылғаны туралы хабарламаны, мінездемесін, сондай-ақ жазаны орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді.
Ескерту. 102-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
8. Сотталғандардың қайтыс болғандығы жөнiндегi
құжаттардың ресiмделуi және оларды
түзеу мекемелерiнде жерлеу тәртiбi
103. Сотталған адамның қайтыс болғандығы туралы жақын туысқандарының бiрiне телеграф бойынша дереу хабар жiберiледi.
Шет ел азаматы қайтыс болған жағдайда ТМ әкімшілігі кешіктірмей Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлауы тиіс. Одан басқа, бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықтың қолданылуына қадағалау жасайтын прокурорға, сондай-ақ елшілікке немесе қайтыс болған азамат сол елдің азаматы болып табылатын өзге мемлекеттің өкіліне хабарлайды.
Ескерту. 103-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007.06.21. N 185, 2010.02.25 № 65 Бұйрықтарымен.
104. Сотталған адам қайтыс болғаннан кейiн жетi күн iшiнде, ал егер күш қолданудан, өзiне-өзi қол салудан, қайғылы оқиғадан қайтыс болса, сондай-ақ мәйiтi табылған жағдайда - бес күннен асырмай мекеме орналасқан жердегi қалалық (аудандық) АХАЖ бөлiмiне хабарлама және дәрiгерлiк куәлiк жiберiледi.
Арнайы бөлiм (бөлiмше, топ) қызметкерлерi қайтыс болғаны туралы хабарламада өлген адам туралы келесi мәлiметтердi көрсетедi: аты, тегi, әкесiнiң аты, туған жылы, қайтыс болған адамның соңғы болған жерi, отбасы жағдайы, қайтыс болған күнi және қайтыс болу себебi.
105. Қайтыс болған адамның туысқандарының немесе жақын ағайындарының бiрi, шетел мемлекетінің азаматы болып саналатын сотталған келгеннен кейiн оның мәйiтiн беру үшін арнайы есепке алу бөлiмi (бөлiмшесi, тобы) прокуратурадан рұқсат сұратады.
Ескерту. 105-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
106. Егер де туысқандары қайтыс болған адамның мәйiтiн алмаса ол жергiлiктi зиратта немесе қала (аудан) әкiмшiлiгi осындай мақсатқа арнайы бөлген жерде жерленедi.
Әрбір жағдай кезінде жерлеу мерзімін ТМ, ТИ бастығы белгілейді.
Ескерту. 106-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
107. Жерлеуге жедел және режимдiк бөлiмдерiнiң (топтарының), арнайы есепке алу бөлiмiнiң (бөлiмшесiнiң, тобының) қызметкерi мен комендант қатысады. Жерленгендiгi туралы жерленген орны мен кезектi нөмiрi көрсетiле отырып акт жасалады.
108. Қайтыс болған адам қабiрiнiң аяқ жағына сотталған адамның жеке iсiнiң нөмiрi ойылып жазылған көлемi 10х25 см. металдан жасалған белгi қойылады.
109. Қайтыс болған сотталғанның жеке іс қағаздарына:
қайтыс болу туралы АХАЖ органына, туысқандарына жiберiлген хабарламаның көшірмесi, қайтыс болғандығы туралы медициналық құжаттың көшiрмесi; қайғылы жағдай туралы акт (егер қайғылы жағдайда қайтыс болса); тергеу материалдары (егер күш қолданудан немесе өзiне-өзi қол салудан қайтыс болса); сараптама-медициналық сою актiсi (егер ол өткiзiлсе); жерлеу туралы акт немесе мәйiттiң туысқандарына берiлгендiгi туралы акт; қайтыс болған адамның жеке заттары, ақшалары мен бағалы заттарының оның заңды мұрагерлерiне жiберiлгендiгi (берiлгендiгi) туралы квитанция және қайтыс болуы туралы куәлiк немесе оның көшiрмесi қоса тiркеледi.
110. <*>
Ескерту: 110-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
111. Жерлеу туралы барлық мәлiметтер арнайы журналға жазылады, олар арнайы есепке алу бөлiмiнде (бөлiмшесiнде, тобында) сақталуы керек.
9. Сотталғандардың жеке iстерiн ресiмдеу
және мұрағатқа тапсыру
112. Босатылған және қайтыс болған сотталғандардың жеке істері сотталған адамның босатылған (қайтыс болған) күнінен бастап бір ай мерзімінен кешіктірілмей ТМ, ТИ мұрағатына тапсырылады.
Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2006.10.11 N 264, өзгерту енгізілді - 2010.02.25 № 65 Бұйрықтарымен.
113. Мұрағатқа тапсырылатын әрбiр жеке iс қағаздары мынадай үлгiде ресiмделедi:
1) барлық құжаттар белгiленген үлгiдегi мұқабаларға тiгiледi;
2) бiрiншi және екiншi бөлiмдегi құжаттар қара сиямен нөмiрленедi және парақтар саны туралы жазылған тiзiмге енгiзiледi. Тiзiм оны құраған адамның қолы қойылып, бекiтiледi. Босатылған (қайтыс болған) адамның жеке құжаттарындағы тiзiм екiншi мұқабаның iшкi жағына жазылады;
3) металл бекiткiштер (түйреуiштер) iс қағаздарынан алынады;
4) мұқабаның бiрiншi бетiне ТМ, ТИ атауы, сондай-ақ iстiң қашан басталғаны және аяқталғаны көрсетiледi. Бұдан басқа мұқабаның бiрiншi бетiнiң сол жақ бұрышына мынадай мазмұндағы бұрыштама-трафарет соғылады:
Мұрағаттық N _______ Бума N _______ Басталған жылы ____________
Сақталу мерзiмi __________
Бұрыштама-трафареттiң көлемi 6х6см;
5) жеке iс қағаздарының екiншi жағына бұрыштама-трафарет соғылған мерзiмдiк-бақылау карточкалары салынады.
Ескерту. 113-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
114. Жеке iс қағаздары үш данада жазылады, оның екi данасы тапсыру тiзiмдерi бойынша мұрағатқа тапсырылады.
Тiзiмдер алфавиттiк тәртiппен жазылады.
10. Сотталғандарды бiр түзеу мекемесiнен
екiншiсiне ауыстырудың тәртiбi
Ескерту: 10-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
115. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару
кодексiнiң 76, 63-бабына сәйкес сотталғандарды жазасын әрi қарай өтеу үшiн бір ТМ-нен сол сияқты ТМ-ге, басқа ТИ-ға ауыстыруға оның науқастануы кезiнде немесе қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде, түзеу мекемесiн қайта құрғанда немесе таратқанда, сотталғанның келiсiмiмен өндiрiстiк қажеттiлiк туған жағдайда, сондай-ақ сотталған адамның осы түзеу мекемесiнде одан әрi болуына кедергi болатын өзге де ерекше жағдайларда жол берiледi.
Мыналар:
1) бiр iс бойынша сотталушы, куәгер және жәбiрленушi ретiнде өткен сотталғандарды бөлектеу қажеттiлiгi туындаған жағдайлар;
2) жедел-iздестiру, режимдiк және алдын-алу шараларын өткiзу жағдайлары;
3) қылмысқа қарсы күресте және түзеу мекемелерiнде басқа сотталғандар жағынан қылмыстық қол сұғушылықтан құқық тәртiбiн бұзушылыққа жол бермеуге көмектесетiн адамдарды қорғау жағдайлары;
4) отбасының ерекше жағдайлары (қарауында 14 жасқа дейiнгi 2 және одан көп бала болуы, жақын туысқандарының кездесу үшiн ұзақ жол жүруге кедергi жасайтын ауыр науқасы) өзге де ерекше жағдайлар болып табылады.
Ұстау режимi мен еңбек тәртiбiн бұзушы адамдар отбасы жағдайлары бойынша ауыстырылмайды.
Ескерту. 115-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
116. Сотталғандарды басқа жерге ауыстыру:
1) ҚАЖ Комитетi ҚАЖД басшылары бекiткен сотталғанды бұл колонияда (ТМ, ТИ, облыс) ұстауға болмайтындығы туралы негiздi анықтама, сотталған адамның мiнездемесi және оны көтермелеу мен жазалау туралы анықтама; жеке iсi бойынша сотталғанның қозғалысы туралы мәлiметтер көрсетiлген анықтама; денсаулығы туралы медициналық анықтама; қажет болған жағдайда үкiмнiң көшiрмесi немесе үзiндi көшiрмесi; дау-жанжалды басу жөнiнде жүргiзiлген жұмыс туралы мәлiметтер; сотталғанның және дау-жанжалға қатысушы басқа да адамдардың түсiнiктерi; басқа түзеу мекемесiне ауыстыру туралы арыз беру арқылы жасалған Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi ҚАЖ Комитетiнiң нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Жоғарыда аталған құжаттардың ең аз саны болмаса, сотталғандарды ауыстыру үшiн жинақталған материалдар қараусыз қайтарылады.
2) сотталғандарды 116-тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларда ауыстыру сотталғанның немесе оның жақын туысқандарының арыздары негiзiнде ерекше жағдайлардың барын растайтын құжаттар болғанда Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетiнiң нұсқаулары (нарядтары) бойынша жүргiзiледi.
3) сотталғандарды бiр тәрбие колониясынан (ТК) екiншiсiне ауыстыру Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетiнiң нұсқауы (наряды) негiзiнде жүргiзiледi;
4) сеніп тапсырылған бағынышты бөлімшелері шегінде сот тағайындаған режим түріне сәйкес, сотталғандарды бір ТМ, ТИ-нан басқасына ауыстырулар ҚАЖ комитетінің облыстар және Астана қаласы бойынша ҚАЖД бастықтарының жазбаша нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.
Қайтадан сотталғандарды тергеу изоляторларынан ТМ, ТИ-на жіберу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ комитетінің нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 116-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006.10.11 N 264, 2010.02.25 № 65, 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
117. Мекемелерге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетiнiң нұсқаулары (нарядтары) бойынша жiберiлген сотталғандар кейiннен оның (ҚАЖ Комитетiнiң) рұқсатынсыз басқа ТМ, ТИ жiберiлмейдi.
Ескерту. 117-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
118. Ауыстыру нарядының (нұсқауының) шарттарын бұзуына байланысты сотталғандарды бұрынғы жаза өтеу орнына қайтаруға тек осы нарядты берген органның рұқсаты бойынша ғана жол берiледi. Сотталғандарды өз еркiмен қайтарғаны, сондай-ақ нарядсыз этаппен жiбергенi үшiн кiнәлi лауазымды адамдар белгiленген тәртiппен тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартылады.
119. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетiнiң нарядтары әзiрленедi және оларды Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi ҚАЖ Комитетiнiң арнайы есепке алу бөлiмi орындауға жiбередi.
Ескерту. 119-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65 Бұйрығымен.
120. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетiнiң нарядтарына (нұсқауларына) қол қоюға тек қана:
- Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетi төрағасының (немесе оның мiндеттерiн атқарушы адамның);
- Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ҚАЖ Комитетi төрағасының жазаларды атқару жұмысына жетекшiлiк ететiн орынбасарының құқығы бар.
121. Түрмеден ТМ-ға ҚАЖ комитетінің тергеу изоляторларын ТМ қолданыстағы бекітуі бойынша ауыстырылады.
Ескерту: 121-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
122. ТМ-дан қоныс колониясына (бұдан әрі - ҚК) сотталғанның келісімі бойынша қамауға дейінгі немесе сотталғанға дейінгі тұрғылықты жеріне, егер жақын ТМ болмаған жағдайда тұрғылықты жеріне жақын ТМ-не ауыстырылады.
Ескерту: 122-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
123. Сот бұрын түрін айқындаған ҚК-дан ТМ-ге жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы болып табылатын сотталғандар ҚК-ге жіберілген сол ТМ-ге ауыстырылады.
Ескерту: 123-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 11 қазандағы N 264 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің түзеу мекемелеріндегі
арнайы есепке алу бөлімдерінің
(бөлімшелерінің, топтарының) жұмысын
ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа
қосымша
Ескерту. Нұсқаулық қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2010.02.25 № 65, 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚАЖ комитетінің ________ облысы бойынша ҚАЖД
____________ мекемесі Сотталғанның
№ ____ жеке ісі бойынша анықтамасы
Фото |
1. Т.А.Ә. (толық):________________________________________________
2.
3. Туған жылы: ___________________________________________________
4. Азаматтығы: ___________________________________________________
5. Ұлты: _________________________________________________________
6. Туған жері: ___________________________________________________
7. Қамауға алынғанға дейін тұрған жері: __________________________
8. Білімі: _______________________________________________________
9. Қамауға алынғанға дейін жұмыс орны: ___________________________
10. ___________________________________________ бұрын сотты болған
күні, ҚР ҚК бабы, қандай сотпен, мерзімі
11. ______________________________________________________ ұсталды
кіммен, күні, ұстау туралы қаулы шығарған орган
12. ______________________________________________________ қамалды
кіммен, күні, қамау туралы қаулы шығарған орган,
__________________________________________________________________
қамау мерзімін ұзарту күні мен кезеңі
13. Осы ісі бойынша _____________________________________ сотталды
күні, сот органының атауы
__________________________________________________________________
ҚР ҚК бабы, аппеляциялық және қадағалау инстанцияларының
сот шешімдері
14. Мерзімінің басталуы: _________________________________________
15. Мерзімінің аяқталуы: _________________________________________
16. ШТМББ формальді мерзімі _______________________
17. ҚК ауыстыруда формальді мерзімі:_______________
18. ШТМББ немесе ҚК ұсынудың бермеу негізі _______________________
19. Ұстау шарттары: ______________________________________________
20. Жеке ісі бойынша қозғалысы туралы
мәліметтер: ______________________________________________________
келген күні, мекеменің атауы, қайда кетті, негіздеме
хронологиялық тәртіп бойынша:
21. Қылмыстық іс бойынша қозғалысы туралы мәліметтер:_____________
ШТМББ ҚК қолдану
__________________________________________________________________
күні, режим, сот шешімінің (хронология тәртібіне сәйкес) өзгеру түрі
22. Көтермелеу және жазалау туралы мәліметтер: ___________________
жазалау күні,
__________________________________________________________________
көтермелеу, олардың атауы, қысқаша мән-жайы
23. Қысқаша сипаттамасы, қорытынды: ______________________________
24. Туысқандары туралы мәліметтер ________________________________
Т.А.Ә., туысқандық деңгейі
__________________________________________________________________
және тұрғылықты жері
Мекеме бастығы ______________________________________