Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 277-НҚ бұйрығымен.
-------------Бұйрықтан үзінді----------------
«"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салалық реттеуіштер қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 22 тамыздағы N 231-ө өкімін орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабарландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы N 251-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Төрағасының міндетін атқарушы
-----------------------------------
"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабарландыру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Ішкі әкімшілік ету басқармасы (Е.А.Бекбосынов):
1) бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Р.А.Ақбердинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялану күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестікті қорғау комитеті
Төрағасының
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 251-НҚ бұйрығымен бекітілген
Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы
көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы басым (монополиялық)
жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне
енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы
органды хабарландыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабарландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Осы Ереженің мақсаты тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тізілімге енгізілген нарық субъектілерін монополияға қарсы органның хабарландыру тәртібін айқындау болып табылады.
3. Осы Ереже тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгілі түріне нарықты басымды (монополиялық) жағдайға ие және Тізілімге енгізілген нарық субъектілеріне қолданылады.
2. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы
көтеру туралы Тізілімге енгізілген нарық субъектілерін
хабарландыруларды беру тәртібі
4. Нарық субъектілері Тізілімге енгізілген нарық субъектілері бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы отыз күнтізбелік күнде жазбаша түрде монополияға қарсы органды хабардар етеді.
5. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:
1) көтеру себебін растайтын құжаттар (шикізаттың, материалдардың, қызметтердің құнын көтеруді растайтын тиісті шарттардың көшірмелері);
2) әрбір түрі бойынша бағаның жобасы;
3) бухгалтерлік баланс;
4) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;
5) еңбек және жалақы жөніндегі есеп;
6) өндірістік-қаржы қызметі туралы есеп;
7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы;
8) кәсіпорын бойынша тұтастай алғанда және әрбір түрі бойынша жеке шығыстардың баптары бойынша ашып көрсете отырып, баға жобасының есебі үшін қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректер;
9) еңбекақы төлеудің қолданылатын жүйесі туралы мәлімет;
10) шикізат пен материалдардың қолданылатын шығыс нормалары, қызметкерлер санының нормативтері туралы мәлімет;
11) негізгі құралдардың пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың жиынтық есебі;
12) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізудің жоспарланатын көлемдерін растайтын құжаттар - ниеттемелер хаттамалары, шарттар, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірудің (жеткізудің) көлемдерінің есебі, жобалық қуаттылығы және оны нақты пайдалану туралы деректер;
13) дебиторлық және кредиторлық берешекті ашып көрсету.
6. Монополияға қарсы орган тиісті сұрау салуды Тізілімге енгізген нарық субъектісінен алу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде берілуі тиіс бағаны арттыру себебі туралы қосымша ақпаратты сұратады.
7. Монополияға қарсы орган хабарламаны алу күнінен бастап үш ай ішінде монополиялық жоғары (төмен) бағаны белгілеу мәніне тізілімге енгізілген нарық субъектісінің берілген бағаға талдау жүргізеді.
8. Монополияға қарсы органның монополиялық жоғары бағаны анықтауы кезінде заңнамалық актілерде көзделген монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылады.